Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы:География 6-топ
СӨЖ
Тақырып:Морфомүсін
Орындау үлгісі:Реферат
Орындаған:Қалменов А.А.
Тексерген:Тумажанова С.О.
2019-2020 жыл
Морфомүсін (грекше morphe – пішін, түр және латын sculptura – мүсін), Жер бетінің салыстырмалы шағын бедерінің формалары (сай, жыра, өзен аңғары, төбе, мореналық қырқалар, жағалық шағылдар, карстық шұңқырлар, т.б.), морфоқұрылымның бөлшектері жатады. Бұлардың пайда болу кезеңінде сыртқы – экзогендік (жел, су тасқыны, күн энергиясы) процестер басты орын алады
Жер бетінің рельефі-белгілі бір геологиялық құрылымы бар және атмосфераның, гидросфераның және жердің ішкі күштерінің тұрақты әсеріне ұшырайтын формалар кешені. Сондықтан рельефті зерттеу рельефке әсер ететін және жер қыртысының, жердің газ тәрізді және сулы қабаттарының физикалық күйлерінің қозғалғыштығы мен тұрақсыздығына себеп болатын процестерді білместен мүмкін емес. Жердің рельефінің өзі көлденең немесе едәуір көлбеу беттердің жиынтығын білдіретін геоморфологиялық процестердің жүруіне әсер етеді. Сонымен, таулар мен ойпатты жазықтарда бұл процестер әртүрлі жолдармен жүреді.
Сай — тау етектерінде, далаларда ұшырасатын, көбінесе делювийлік шөгінділермен көмкерілген көлбеу жағалаулы құрғақ немесе уақтылы ғана су ағатын шағын аңғарша, көбіне құрғақ, кейде маусымдық су ағатын, беткейі көлбеулене келген ұзын ойыс.
Сай жер бетінің эрозияға ұшырауынан (қар және жаңбыр суыны) және жыралардың одан әрі дамуынан қалыптасады.
Ұзындығы 10 — 15 км-ге, ені жүздеген м-ге, тереңдігі ондаған м-ге дейін жетеді.
Табаны мен беткейлері шабындық ретінде пайдаланылады; егін, бау-бақша өсіріліп, елді мекендер орналасады.
Сай —
кұрғақ немесе уакытша су ағатын, көлбеу келген ойыс табанды (табаны мен беткейлері түйетайланып тегістелген жыра), беткейлері шығыңқы әрі шымдақ, кейде бұталар өскен аңғар. Ұзындығы ондаған км, ені 100 м, тереңдігі ондаған м болады. Көбінесе орманды дала мен далалық белдемдерде кездеседі. Сай жыралардың соңғы сатысына жатады;
қар және жаңбыр суының өрекетінен пайда болатын жыра, басқаша айтқанда, жыраның ақырғы сатысы, беткейлері мен үстін шым басқан. Жылдың басым бөлігінде құрғақ болып, кейбір маусымда су ағып жататын көлбеу беткейлі ойыс. Сайдың ұзындығы 10—15 км- ге, терендігі ондаған, ені жүздеген метрге дейін жетеді, табаны мен беткейлері шабындык ретінде пайдаланылады, бау- бақша өсіріліл, онда елді мекендер орналасады.