Сөж тақырып: Морфомүсін Орындау үлгісі: Реферат Орындаған:Қалменов А. А. Тексерген: Тумажанова С. О. 2019-2020 жыл Морфомүсін



бет2/9
Дата07.02.2022
өлшемі47,54 Kb.
#91739
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Морфомүсін

Өзен аңғары – негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні.
Оның қалыптасуы климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карстық (оқпалық) құрылыстарға тікелей байланысты. Өзен аңғарының элементтеріне оның табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, террасалары және аңғардың беткейлері мен жарқабағы (кемері) жатады.
Олардың көбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен байланысты (құрылымдық немесе тектоникалық аңғарлар). Өзен аңғарларының көлденең қимасының пішіні олардың даму кезеңіне, геологиялық құрылысына байланысты. Олар: қысаң, шат, шатқал, астау, У-тәрізді, трапеция тәрізді, анық білінбейтін және т.б. болып бөлінеді. Аңғарлардың бастапқы түрі — қолаттар, сайлар, өзектер, жыралар. Өзен аңғарлары арна, жайылма, жайылма үсті террасалар және түпкі жағалар, саға маңында кейде атыраулар немесе ысырынды конустар секілді морфологиялық элементтерден тұрады. Тектоникалық құрылымдар мен тау жоталарының созылымына қатысты бойлық өзен аңғарлары ажыратылады. Геологиялық құрылымының типіне байланысты бойлық аңғарлардың арасында синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, лықсымалық және грабендік аңғарлар болып бөлінеді. Көлденең аңғарлар қаттылығы әр түрлі тау жыныстарын кесіп өтіп, кескінінде және планында морфологиялық бейнесін өзгертеді, яғни аңғардың жіңішке бөлікшелері кеңейген бөлікшелерімен алмасып отырады. Өзен аңғарларының конфигурациясы мен динамикасына жаңа тектоникалық қозғалыстар әсер етеді (әсіресе таулы аймақтарда).
Көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:


  • саңылау – терең, әрі тар аңғар; таулы аудандарда кездеседі;

  • каньон – құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе таулы өңірде кездеседі;

  • шатқал – терең жартасты тау аңғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп, төменгі тұсындағы құламасы ұлғая түседі;

  • трапецияға ұқсас – көбіне жазық келетін шығыңқы немесе түзу көлбеу пішінді кең аңғар;

  • астау тәрізді – беткейлері ойыс, баурайы біртіндеп көлбеу пішінге айналады. Жазықтағы өзендердің аңғарын шабындық ретінде және әртүрлі аңғар шабын дақылдарын өсіруге пайдаланады.

Төбе – археологияда ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай төбелер үйлердің жарамсыз бөлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт төбелерге әр түрлі ат беруі мүмкін.
Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін Ақтөбе, Қаратөбе, Алтынтөбе, Күлтөбе, Төрткүлтөбе, Жуантөбе деп келетін көптеген төбелер бір кездегі мекендердің орындары. Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартөбенің биіктігі 18 м-ден астам. Осындай төбелердің көпшілігі жазба деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтөбе, Қарашық қаласының орны – Төрткүлтөбе, ежелгі Сауранның орны – Қаратөбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де төбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітөбе, Мыңтөбе, Бестөбе, т.б. Мұндай Төбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары болады. Бұл Төбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба жұмыстары жүргізілмеген төбелерді тегістеуге, оның үстінен жол жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет