Сөж тақырып: орталық ЖҮйке жүйесінің ноцецептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы



бет3/5
Дата11.04.2023
өлшемі1,4 Mb.
#174202
1   2   3   4   5
Байланысты:
Альбина 2
184843, CN Project Report

Орталық бөлігі

  • Ауыру сезімі ми қыртысында қалыптасады. Ноцецепторлардан ауыру туындататын серпіндер жұлынға түсіп, одан жұлын таламус жолымен сопақша және ортаңғы ми арқылы таламустың ядроларына жетеді. Бұл ядродан серпіндер ми қыртысына тарайды, онда серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі.
  • Сонымен бірге, ноцицепторлардан шыққан серпіндер сопақша және ортаңғы ми деңгейлерінде торлы құрылымға, таламустың ядроларына, ми қыртысына, лимбикалық жүйенің нейрондарына тарайды. Осыдан ауыру туындататын серпіндердің әсерлерінен ауыру сезімімен қатар, қорқыныш, үрей т.б эмоциялық сезімдер пайда болады.

Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан шыққан серпіндердің біразы олардың қимылдық нейрондарына ауысып, аяқ қолды бүгетін бұлшық еттердің жиырылуына әкеледі. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге жауап ретінде адам олардан тез аяқ қолын тартып алады.

  • Жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде ноцицепторлардан шыққан серпіндердің біразы олардың қимылдық нейрондарына ауысып, аяқ қолды бүгетін бұлшық еттердің жиырылуына әкеледі. Сондықтан ауыру туындататын тітіркендіргіштерге жауап ретінде адам олардан тез аяқ қолын тартып алады.
  • Ноцицепторлардан шығатын серпіндердің біршамасы жұлын мен сопақша ми деңгейлерінде дербес жүйкелік жүйелердің миға бағытталған нейрондарына өтеді. Осыдан ауыру туындататын тітіркендіргіш әсер еткенде дербес жүйкелік рефлекстер(қантамырларының жиырылуы, беттің бозаруы, көз қарашығының кеңуі) дамиды.

Антиноцицепциялық жүйе

  • Ауыру туындату жүйесіне қарсы жүйе болып табылады. Ол жұлын миына және жүйке жүйесінің барлық бөліктерінде орналасқан және дерттік ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған жүйе. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар- болмас ауыру туындататын ықпалдан қатты ауыру сезімі пайда болады.

Неврогендік ауырсынулық синдромы

  • Неврогендік ауырсынулық синдром ноцицепциялық серпіндерді өткізетін жүйке құрылымдарының бүліністері нәтижесінде пайда болады. Оған мына ауырулық синдромдарды жатқызуға болады:
  • Қантты диабет және маскүнемдік кездеріндегі полиневропатиялардан дамитын ауырулық синдромды;
  • Кешендік аумақтық ауырулық синдромды, бұл синром дамуында симпатикалық жүйке жүйесінің бүліністері маңызды орын алады.
  • Миға қан құйылғаннан немесе ишемиясынан кейінгі бастың ауыруларынан;
  • Жайылмалы склероз, сирингомиелия,жұлын бүліністері кездеріндегі ауырулық синдромдарды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет