Сөж тапсырма: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» тақырыбында сараптама жұмысы Орындаған



бет1/3
Дата30.04.2022
өлшемі203,74 Kb.
#141571
  1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 1 Философия Жандабаева Жұлдыз 207





СӨЖ
Тапсырма: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» тақырыбында сараптама жұмысы


Орындаған: Жандабаева Жұлдыз 207

2021-2022 оқу жылы


Жоспары:

  1. Кіріспе ........................................................................................................ 3

  2. Негізгі бөлім .............................................................................................. 5

  3. Қорытынды бөлім .................................................................................... 6


І. Кіріспе
Антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшыл Платон болды.
Платон (б.з.д. 427-347 ж.) өзінің осы атын (platos – грек сөзі, кең) кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты – Аристокл. Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен танысып, өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды, сөйтіп, ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.
Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның барын сұхбат ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон сегіз жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың негізгі кейіпкері – Сократ. Сөйтіп, Платон өзінің ойларын осы Сократ кейпі арқылы жеткізеді.
Платонның негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с.
Платонның көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен – Гераклит. Ол оның негізгі тұжырымы «Бәрі де – ағым», «бітпейтін өзгерісті» толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан дүниеге тән.
Екіншіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол – қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы.
Үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғымқұндылықтары – Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік.
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғымы.
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның «Эйдос» (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені дүние – ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғымдар жасауға, яғни дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі «Шынайы болмыста» – Эйдос әлемінде, «қол астындағы болмыстан» біз оны таба алмаймыз.
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда көреміз.
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: «Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділеттіліктен барлық әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма?».
– Әрине, – деп жауап береді Гиппий. – Әсемдік, мысалы, – әсем қыз.
Оған Сократ: «Неге әсем би, иә әсем құмыра емес?» – деген сұрақ қояды. Әрбір зат, бір жағынан, әсем, екінші жағынан, басқа заттармен салыстырсақ, түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой.
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі мораль-дық құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды.
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идеясында жатыр. Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». Сонымен, сезімдік әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны дүниеге әкеледі, оның «парадигмасын» (paradeіgma – грек сөзі, үлгі) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет