Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.
Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.
Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.
Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), суммативті (жинақтаушы).Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |