СөЖ№2 Тақырыбы


Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау



бет3/10
Дата25.12.2021
өлшемі34,14 Kb.
#128674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5e3eb14b-3a4b-11e8-969e-bcaec5508c5bААйнур бағалау

Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.

Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды.

Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:

  • ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

  • ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

  • өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің

байланысын бағалауы;

Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.



  • Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;

  • Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;

  • Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)

  • Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;

  • Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;

Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет