СөЖ№2 Тақырыбы


Оқушылардың өзін-өзі бағалауы



бет8/10
Дата25.12.2021
өлшемі34,14 Kb.
#128674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5e3eb14b-3a4b-11e8-969e-bcaec5508c5bААйнур бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:



  • Алға қойған мақсаты.

  • Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).

  • Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.

  • Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.

Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:

  • Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;

  • Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;

  • Әділдікті дамыту;

  • Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы

Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.



  • Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.

  • Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.

  • Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№2 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.

Кесте №2


Аты__________________________ Уақыты_____________________________

Сыныбы______________________

Қызметінің түрі________________________
Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)


  1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз пікірімді білдірдім.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқыламаға қатыстыруға тарттым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен ұстазым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________

  2. Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, ббұл________________________________

__________________________________________________________________

  1. Келесі топтық жұмыстағы менің ммақсатым____________________________ ________________________________________________________________

Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет