9 сынып
Сөйлемді жалғастырыңыз:
Ел іші – ...
a) дала
b) немене
c) алтын бесік
d) жақсы
Әлкей Марғұлан – ...
a) қазақ халқының батыры
b) белгілі саяхатшы
c) қазақтың энциклопед ғалымы
d) танымал жазушы
Сөйлемді толықтырыңыз:
Темір ... металл
a) деп
b) дегеніміз
c) бұл
d) деген
Сөйлемді аяқтаңыз.
Азот қышқылы ерткіш ретінде ...
a) болады
b) қолданылады
c) болып табылады
d) көрсетімді аяқтаңыз
Сөйлемді аяқтаңыз.
Ұлы ғалымдардың жетістігі адамзаттың жетістігін ....
a) айтады
b) көрсетеді
c) хабарлайды
d) болып табылады
Сөйлемді аяқтаңыз.
Білімділіктің басты факторы ана тілінде сөйлеу ...
a) деген
b) деп түсінемін
c) болып табылады
d) болады
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Ой да, тілек те, тіл де, бойдағы бар нәрсе әкем де сыпайы болуы тиіс ... .
a) деп
b) деп ойлаймын
c) деген
d) десе
Ақпаратты байланыстырушы сөздермен айтыңыз.
Хеопс пирамидасын әлемдегі жеті кереметтің бірі ...
a) болады
b) болды
c) деп санайды
d) деп
Ақпаратты байланыстырушы сөздермен айтыңыз.
«Алтын адамды Қазақстанның символы ...»
a) десе
b) деп санаймыз
c) деп
d) болады
Ақпаратты байланыстырушы сөздермен айтыңыз.
Мына тестілердің мазмұнын тілдік білімді бағалай ... .
a) деген
b) ретінде қараймын
c) десе
d) қараймын
Ақпаратты байланыстырушы сөздермен айтыңыз.
Панама каналын, Ла – Макш бұғазы астындағы каналды ғасыр құрылысы
a) деп
b) деп санаймын
c) десе
d) бола ма?
Сөйлемді толықтырыңыз.
Оның әрекетін мен ... деп түсіндім.
a) татуласуға тырысу
b) татулас
c) тату
d) татуласа
Сөйлемді аяқтаңыз.
Жердің тіршілік бар қабаты биосфера ...
a) дейді
b) деген
c) деп аталады
d) аталады
Сөйлемді аяқтаңыз.
Бүгін ауа райы суық, ...
a) ылғалды
b) ылғал
c) ылғалданып
d) ылғалданады
Сөйлемді аяқтаңыз.
Түн жылы ...
a) бол
b) болды
c) болайын
d) болып
Сөйлемді аяқтаңыз.
Мұнда жақсы ештеңе ...
a) болады
b) болмады
c) болды
d) болған
Сөйлемді аяқтаңыз.
Адамды ештеңе қуандырмаса, ештеңе толғандырмаса, ештеңе қорқытпаса, ...
a) жақсы
b) жаман
c) дұрыс
d) ризамын
Сөйлемді аяқтаңыз.
Ол бала кезінен
a) қабілет
b) қабілетті
c) қабілеті
d) қабілеті бар
Заттың жағымсыз санасын білдіретін құрылымды таңдаңыз.
Лабораториялық бірқатар ...
a) кемшілікті
b) кемшілігі бар
c) кемшілігі
d) кемшіліксіз
Иондалған ауаның ... білдіретін құрылымды таңдаңыз.
a) қасиеті
b) емдеу қасиеті
c) емдеу қасиеті бар
d) емдеуі
Берілген құбылысты бөліп көрсететін құрылымды таңдаңыз.
Тропосфера – атмосфераның төменгі қабаты, стротесфера – оның жоғарғы қабаты, тропосфера тығыздығымен, құрамында азоттың, оттегінің, көмірқышқыл газдың ...
a) ерекшеленеді
b) ерешесі
c) болуымен ерекшеленеді
d) ерекше
Берілген құбылыс затты бөліп көрсететін құрылымды таңдаңыз.
Солтүстік аймақ тұрғындардың қатаң ...
a) климаты
b) климаттық жағдайы
c) климаттық жағдайымен
d) климаттық жағдайымен ерекшеленеді
Сөйлемді аяқтаңыз.
Тік бұрыш - ...
a) 180º - қа тең
b) 90º -қа тең
c) түзу бұрыш
d) тіп-тік бұрыш
Сөйлемді аяқтаңыз.
Вольфрам жоғары температураның ...
a) төзімі
b) әсері бар
c) әсеріне төзімді
d) төзімді
Әрекетті сипаттайтын сөзді таңдаңыз.
Мұндай оқушының болуы - ...
a) жетістік
b) жетісті
c) жетісу
d) жетісіпті
Әрекеттің сипаттайтын сөзді таңдаңыз.
Оның қасында жүрудің өзі - ...
a) бақытты
b) бақыт
c) бақыттылау
d) бақыттымын
Сөйлемді толықтырыңыз.
Әкесі баласына ұрысты. Ол да мен де үндемедім. Мұндай сәтте онымен дауласу – ...
a) болмайды
b) отқа май құйғанмен бірдей
c) болады
d) отқа май құй
Біреудің сөзі мен ойы берілген құрылымды таңдаңыз.
a) Әпкем ертең азық болатынын айтты.
b) Күн суық, 30º аяз
c) Ертең күн суық
d) Күнде айтамын
Іс-әрекеттің объектіге айналу құрылымын таңдаңыз.
a) Факультет деканы бәйге жеңімпазының марапатталатынын хабарлады.
b) Мен хабарлаймын
c) Мен хабарлап жүремін.
d) Факультет деканы хабарлады.
Іс-әрекеттің объектіге айналу құрылымын таңдаңыз.
a) Жыл сайын табыс бес сомаға бөлінеді.
b) Нобель табыстық жыл сайын бес салаға бөлінетінін а.... жазды.
c) Жыл сайын табыс бес салаға бөлініп келеді.
d) Табыс сомаға бөлінсін
Заттың сапалық сипатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Соңғы кезде қалада кірпіш үйлер салынды
b) Мына есеп өте күрделі
c) Көп армандайтын бала
d) Кеше келген бала
Заттың сапалық сипатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Мына жол қауіпті
b) Қазір пластмассадан жасалынған ыдыстар көп.
c) Жерде кездесетін элементтер
d) Күміс сақинам қайда?
33. Заттың мөлшерілк сипатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Мына мәселе маңызды
b) Өзен сондай кең, арғы жағы көрінбейді
c) Мынау қазіргі пікір
d) Синтетикалық материалдар зиянсыз сипаты
34. Заттың өлшемін білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Арал материкпен өте тар бұғаз арқылы бөлінген
b) Ол сондай әдемі, көшеге шыққанда оған бәрі қарайды
c) Біз адам мен табиғатты бөлеміз, меніңше бұл қате
d) Мына дәрі мүлдем зиянсыз
35. Заттың өлшемдік сипатын білдіретін сөйлемді таңдаңыз.
a) Қала орталығындағы көшелер сонша ұзын емес
b) Судың мұнаймен ластануы теңіз жануарларына қауіпті
c) Біздің ел табиғи ресурстарға бай
d) Елдің климаты ауылшаруашылығына қолайлы
36. Заттың неге арналғандығы бойынша сын-сипатын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Пластмасса бұйымдары қазір дүкендерде көп
b) Лабораторияға оттегі баллондары керек
c) Азиядағы ең үлкен өзен Янцзынның ұзындығы – 6300 км..
d) Тундрада бойлары аласа ағаштар өседі.
37. Заттың сын-сипатын сыртқы түріне қарай сипатталған сөйлемді табыңыз.
a) Геолог бізге конус тәрізді кристалды көрсетті
b) Мына мекеменің негізгі тот баспайтын құрыштан және қызыл мыстан салынған
c) Қазақстан еменінен жасалынған паркет
d) Килиманджаро тауының биіктігі – 9895 м
38. Заттың сын-сипатын сыртқы формасына қарай сипатталған сөйлемді табыңыз.
a) Завод нақты өлшеу құралдарын шығарды.
b) Көне замандағы ғалымдар жердің шар тәрізді екенін білген.
c) Көрмеде күмістен, маржан мен інжуден жасалынған заттар болды
d) Балаларға арналған спорт кешенінде таяздау бассейндер жасалған
39. Заттың сын-сипатын әлдебір белгісінің бар-жоғына қарай сипатталған сөйлемді табыңыз.
a) Дәлізде сопақ айна ілулі тұр.
b) Натрий хлордың кристалдары әрқашан куб формалы
c) Аммиак (NH3) - өткір иісті, түссіз газ
d) Мұнда бәрі әдемі
40. Заттың сын-сипатын әлдебір белгісінің бар жоғына қарай сипатталған сөйлемді табыңыз.
a) Театрдың алдында дөңгелек бассейн бар
b) Оттегі (О2) – түссіз, дәмсіз, иіссіз газ
c) Тәжірибе үшін картонның үш бұрышты бөлігі керек
d)Интерактив тақтасы – оқытуға арналған тақта
41. Адамның ұқыптылығын білдіретін сөздер қатарын табыңыз.
a) алғыр, талантты, өжет, пысық, өткір
b) тындырымды, құнтты, епті, табанды, мұқият
c) аңғал, аңқау, бейқам, сылбыр
d) икемсіз, алаңғасар, енжар
42. Адамның басқа адамдарға қарым-қатынасын
a) қайырымды, мейірімді, өзімшіл, қатігез
b) тәжіриблі, белгілі, беделді
c) білікті, білімді, мәдениетті
d) белсенді, абыройлы, биязды
43. Басқа адамдарға қарым-қатынасын білдіретін сөздер қатарын табыңыз.
a) ұлы, дана, кемеңгер, атақты, іскер
b) тәрбиелі, ұшқанақ, ақылды
c) қатал, жатырқағыш, жұмсақ, қайырымсыз
d) шебер, қабілетті, зерек
44. Қарым-қатынас сапасын білдіретін сөздер қатарын табыңыз.
a) бауырмал, ізгі, ақкөңіл, көпшіл, сыпайы
b) жақсы, қызметтік, жан-жақты
c) жүйкесі тозған, жүрек жұтқан, жүректі
d) бейқам, сергек, ширақ, өтірікші
45. Физикалық қалып-күйді білдіретін сан есімдер қатарын табыңыз.
a) сау, әлсіз, арық, толық, күшті, семіз
b) бай, кедей, жалба-жұлба, дәулетті
c) қорыққан, жәбірлеген, өкпелі
d) аш, кезбе, бекзада, тоқ
46. Мөлшер, шамаға қатысты сөздер тобын табыңыз.
a) биік, терең, алақандай, тар, ықшам, шағын
b) қызыл, сары, жасыл, қара, көк
c) басты, жауапты, жеңіл, зор, кезекті
d) соңғы, шексіз, игі, нақты
47. Пішін, формаға қатысты сөздер тобын табыңыз.
a) қымбат, арзан, жұқа
b) жазық. тегіс, көлбеу, дөңгелек, шаршы
c) тар, қысқа, алыс, жақын, ірі
d) ашық, түссіз, мөлдір, ала
48. Объектінің меншіктік сипатын білдіретін сөздер тобын табыңыз.
a) бөтен, университеттік, сенің
b) танымал, қазіргі, көне
c) классикалық, музыкалық, оркестрлік
d) жеңіл, ауыр, зілдей
49. Адам бетіне қатысты сөздер қатарын табыңыз.
a) бума-бума, дөп-домалақ
b) қызыл шырайлы, боп-боз, қара торы
c) Мен-мен, өрімдей, зіңгіттей
d) десте-десте, жапырақ-жапырақ, қап-қап
50. Зат сипатын білдіретін сөздер қатарын білдіріңіз.
a) тең-тең, үйір-үйір, ат басындай, қарлы-боранды
b) аққұба, аппақ қардай, сүйкімді
c) көңілді, қуанышты, бақытты
d) жоғалған, ерекше, нәзік
51. Ұлттық сусындарға қатысты сөздерді табыңыз.
a) шұбат, қымыз, айран
b) шырын, кола, кофе
c) минералды су, шай
d) сусын, сүт, какао
52. Өтінішке қатысты нұсқасын таңдаңыз.
a) Бұл біздің қолымыздан келмейді
b) сіз қателесесіз
c) сәл кідіріңізші
d) Біз құптаймыз
53. Келісімді білдіретін нұсқаны таңдаңыз
a) уақытым жоқ
b) білмейміз
c) сау болыңыз
d) жарайды, әрине
54. Қозғалысқа қатысты сөздер қатарын табыңыз.
a) ерні кезеру, көңілі босау
b) таң тамаша қалу, қуану, ашулану
c) еңбектеу, ұшу, жүру, ойналу
d) қосу, жинау, толтыру
55. Физикалық қалып-күйді білдіретін сөздер қатарын табыңыз.
a) араластыру, салып қою, ілу
b) құлағы бітіп қалу, қамшылдау, дірілдеу
c) салтанатпен қарсы алу, байқап сөйлеу, теңдей бөлісу
d) жұмыс істеу, босату, төлеу
56. Жол жүруге қатысты етістіктер қатарын табыңыз.
a) үлгеру, кешігу, жету, ұшу, жерге қону
b) сыну, шығу, жазылу, емделу, сауығу
c) сыпыру, жуу, шаң сорғызу
d) қағу, шығару, сүрту
57. Компьютерге қатысты етістер қатарын табыңыз.
a) сақтау, іздеу, табу, көшіру, жою, жоғалту
b) жүру, бұрылу, түсу, шығу
c) жету, көтерілу, шығу
d) байлау, күту, қабылдау, ине салу
58. Кітапханаға қатысты етістіктер қатарын табыңыз.
a) аршу, тазалау, туралу
b) ашу, жазылу, алу, өткізу, тапсырыс беру
c) қайнату, демдеу, сүрлеу, тұздау
d) ішу, жеу, кесу, алу
59. Спортқа қатысты етістік қатарын табыңыз.
a) сұрау, жазу, ресімдеу, түзеу, тіркеу
b) жүгіру, секіру, жүзу, жеңу, ұмтылу
c) тіркеу, жинау, қосу, қол қою
d) көрсету, дайындап қою, дайындау
60. Сайлауға қатысты сөздер қатарын таңдаңыз.
a) үгіттеу, санау, кездесу, тіркелу, дауысқа түсу
b) салу, тұрғызу, қалау, сылау
c) бекіту, көтеру, жасау, тесу
d) шығу, лақтыру, тарту, күресу
61. Сын-белгіні субъективті қабылдау мәнді сөйлемді таңдаңыз.
a) – Спектакльді көрдіңіз бе?
b) – Иә, көрдім. Басқаларды қайталау сияқты
c) – Мен сабақты қайталап жүрмін
d) – Мен де қайталап жүрмін
62. Сөйлеушінің өз айтқанына толық сенімді емес құрылымды таңдаңыз.
a) Біз адасқан сияқтымыз
b) Бүгін кітапхана жабық екен
c) Мен іздеген кітап шкафтың артында екен.
d) Мына есепті шығару қиын
63. Адам мінез-сипатының басқа біреудің қабылдауымен берілген құрылымды тыңдаңыз.
a) Олар мектепте бірге оқыған екен
b) Мен оны талантты деп ойлаймын
c) Жаңа директор тым жас сияқты
d) Жаңа шаңғы сатып алдың ба?
64. Заттың мазмұны бойынша сын-сипатты білдірген сөйлемді таңдаңыз.
a) Мен оны іскер деп санаймын
b) Менің жаңа танысым әңгімешіл екен.
c) Концертті келесі сенбіге ауыстырған
d) А.Н.Колмогоровтың математиканың әр түрлі саласындағы еңбектері танымал
65. Заттың мазмұны бойынша сын-сипатты білдірген сөйлемді таңдаңыз.
a) Ғалымдар сирек кехдесетін жануарлардың санын анықтау жұмыстарына кірісті.
b) Ол біздің университетке кездесуге келетінін айтты.
c) Оның бұрынғы оқушысы қазір үлкекн ғалым
d) Олар мектепте бірге оқыған екен
66. Есімшелі анықтауыш мәнді құрылымды таңдаңыз.
a) Емтихан алдындағы түнді ұйқысыз өткіздім.
b) Қазақстанда басқа мемлекетте кездеспейтін қазба байлықтар бар
c) Деректі фильмдерді ұнатамын
d) Олар жерді жасанды суландыру жұмыстарымен айналысаты
67. Мезгілі жағынан анықтау мәнді сөйлемді табыңыз.
a) Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырау есімде қалыпты.
b) Ауылдан қалаға қарай тас жолдар салынып жатыр
c) Бұл балада өзгеде жоқ қабілет бар
d) Адам болар баланы жөргегінен танисың
68. Мекенге қатысты анықтау мәнді құрылымды таңдаңыз.
a) Өзеннің қасындағы үй маған таныс
b) Қазір пластмассадан жасалынған ыдыстар көп
c) Әжем күміс білезігін маған сыйлады
d) Жаңа жылдық кеш көңілді өтті.
69. Ақпараттық мазмұнды нақтылау мәнді сөйлемді таңдаңыз.
a) Сол жағалаудағы үйлер әдемі
b) Спорт туралы фильм түсіріліп жатыр
c) Тау етегіндегі ауылға жақындадым
d) Жазғы ауа райы ұнайды
70. Іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін құрылымды таңдаңыз.
a) Тәжірибе үшін қалыңдығы жұқалау тақтай керек
b) Бірдей диаметрлі шеңберді сызу қажет
c) Ас тұзын (NaCl) теңіз суынан буландыру көмегімен дайындайды.
d) Әлемдегі ең үлкекн, ең ауыр глобус АҚШ-та
71. Іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін құрылымды таңдаңыз.
a) Жеке сұрақтар туралы кейін сөйлесеміз
b) Жаңа тәжірибе алдыңғысына қарағанда нақты нәтиже берді
c) Жұмысшылар құрылысты қысқа мерзімде аяқтауға тырысты.
d) Пластмасса бұйымдарын престеу жолымен өндіреді
72. Іс-әрекеттің орындалу амалын білдіретін құрылымды таңдаңыз.
a) Мынау ерекше қиын тапсырма
b) Экспедиция орналасқан аудан Солтүстік Қазақстанда
c) Адамның кейде жалғыз қалуды қалайтын сәттері болады
d) Ақпараттық құралдар арқылы Халықаралық өмірдегі маңызды оқиғалар туралы білеміз.
73. Іс-әрекет сипатының жоғарғы дәрежесін білдіретін конструкцияны таңдаңыз.
a) «Ең басты, бәрін ынтамен жасаңыздар»
b) «Нағыз оқушы белгісізді белгілінің көмегімен дамытады.»
c) Электрлік ауыспалы токтың кернеуін трансформатор арқылы төмендетуге немесе жоғарлатуға болады.
d) Тұз бен қант суда өте жылдам ериді
74. Іс-әрекет сипатының жоғарғы дәрежесін білдіретін сөйлемді таңдаңыз.
a) Автомоблильге қала ішінде 60 км жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
b) жер үстіндегіә денелер тартылыс заңы бойынша бірдей жылдамдықпен құлайды.
c) Дыбыс ауада секундына 340 м. Жылдамдықпен тарайды
d) Аурудың жағдайы тым қиын
75. Әрекеттің сын-сипатын, интенсивтілігін білдіретін сөйлемді таңдаңыз.
a) – Айжан, саған мына әңгіме ұнады ма?
b) – Соншалықты ұнаған жоқ.
c) – «Гауһартас» қазақ фильмдерінің алтын қорына енген.
d) Маған ұнады
76. Іс-әрекет сынын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Сабақтың нәтижелі өткізілгені сондай, студенттер де, оқытушылар да риза болды
b) Байкалдан Амур өзеніне дейінгі кеңістік өте үлкен.
c) Құрал жабдықтар ескі
d) Транспорт қозғалысы қиын
77. Кеңістік мағыналы сөйлемде табыңыз.
a) Математикалық модельдеу әдісі өзге әдістерден тиімді
b) Қазіргі уақытта тұрмыстық техника жоғары деңгейде
c) Әлемдегі ірі арал Гренландия Атлант мұхиттының солтүстік бөлігінде орналасқан
d) Есеп күрделі екен
78. Кеңістік қатынасты білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Ауылдан үш шақырым жерде диірмен бар
b) Жас ғалым өте тыңғылықты жұмыс істеді.
c) Ол қысқа мерзімде жоғары нәтижеге жетті
d) Лаборатория сондай тар
79. Кеңістік мағыналы сөйлемді табыңыз.
a) Қала салу үшін жер асты кеңістігін игеру керек.
b) Лексикадағы Саргас теңізі түбіндегі тастар 60 метр тереңдіктен көрінеді
c) Сабақ нәтижелі болды
d) Ән жақсы айтылды
80. Кеңістік мағыналы сөйлемді табыңыз.
a) Маған әңгіменің басты кейіпкері ұнамады
b) Ол шынайы сөйлемеді
c) Ол нақты қарапайым түсіндіреді
d) «Бәйтеректің» маңында адамдар жүреді
81. Кеңістік мағыналы сөйлемді табыңыз.
a) Ғылым табиғаттың ғажайып құпияларын ашуда
b) Ол бүгін тағы да өткен сабақты қайталады
c) ҚазҰУ-дің қалашығы ботаника бағынан алыс емес
d) Бір жол алыс, бір жол жақын
82. Кеңістік мағыналы сөйлемді табыңыз
a) Жеңімпаз атанған ғалым көп сыйлықтар алды
b) Мектеп бітірген күнді ұмытпаймыз
c) Күнде осы сабақты қайталаймын
d) Қаладан шыға берісте, екі шақырым жерде шағын ауыл орналасқан
83. Жыл мезгілін сипаттайтын сөйлемді таңдаңыз.
a) Студенттердің қысқы сессиясы ақпанда
b) Аптаның қай күні сіз бос боласыз?
c) Адамдар егін жинайды, жұлдыздар сөзде жақсы көрінеді.
d) Халықаралық су күні қашан?
84. Жыл мезгілін сипаттайтын сөйлемді табыңыз.
a) Құстар ұшып кетеді. Алғашқы қоңырау соғылады
b) Күлкі күні – бірінші сәуір
c) Наурызда дүниеге келгенмін
d) Ол қыста дүниеге келген
85. Іс-әеркеттің ұзақтығын, созыңқылығын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Аптадағы жақсы көретін күніңіз қай күн?
b) Қазақстандағы мерекелік даталарды білемін
c) Ол оны өмір бойы жақсы көрді
d) Күн жылы болды
86. Іс-әрекеттің ұзақтығын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Ол оның хаттарын күтті
b) Мен жиі хат жазамын
c) Хат жазғанды жақсы көремін
d) Жол бойы үйге дейін үнсіз келдік
87. Іс-әрекеттің басталу сәтімен аяқталу сәтін білдіретін сөйлемді таңдаңыз.
a) Жаңбыр күні бойы жауды
b) Мен екі-ақ минут кешіктім
c) Мына көбік опера жаз бойы болды
d) Таңнан кешке дейін жұмыс істедім
88. Іс-әрекеттің басталуын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Көктем келісімен жұмысымызды бастадық
b) Таңнан таңға дейін көз ілмедім
c) Ол кітапты өткен жұмада алған
d) Әкем осы заводта өмір бойы жұмыс істеді
89. Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталу сәтін білдіретін сөйлемді таңдаңыз.
a) Қыркүйектен бері осы жұмыстамын
b) Жаздан бері осындамын
c) Күзден көктемге дейін осы жұмысты жаздым
d) Жыл сайын ауылға барамын
90. Іс-әрекеттің басталу сәтін білдіретін сөйлемді табыңыз
a) Жаңа жыл басталысымен азық-түлікке бағалар өсті
b) Жылда осы тақырыпты қайталайды
c) Жылда қалаға барамын
d) Қала жақсарып келеді
91. Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Жыл сайын елдегі жағдай өзгеріп келеді
b) Мен күзден бері Астанада тұрамын
c) Көктем келісімен күн жылына бастады
d) Біз таңға дейін отырдық
92. Іс-әрекеттің басталуын білдіретін сөйлемді табыңыз.
a) Жақсы музыкант болу үшін музыкамен бала кезден айналысу керек
b) Інім компьютерде таңнан кешке дейін отырады
c) Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталды
d) Университетте кешке дейін болдым
93. Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.
Кітапхана ... жұмыс істемейді.
а) бесінші маусымға дейін
b) бес маусымда
c) бес маусым
d) бесінші маусымға
Оқылым
Әлем экологтары жер бетіндегі араның қоныстану аймағы тарылғанын айтып, көптен бері дабыл қағып келеді. Мысалы, ағылшын мамандары 2009 жылы қаңтар айында ел парламентін, сол кездегі премьер-министр Гордон Браунның резиденциясын қоршап алып, түрлі аурудан қырылып бара жатқан араны аман алып қалу үшін қаржы бөлуді талап еткен.
Батыс ақпарат құралдары АҚШ-та да жағдай мәз емес екенін жазады. Америкалық басылымдар жыл сайын ара ұяларының 30-90 пайызы жойылатынын айтады.
Еуропа ғалымдары еңбекқор аралардың өліміне Азиядан Еуропаға жүкпен жеткен Varroa атты кене себеп болады дейді.
Ара омартасына байқатпай шоғырланып алатын, тұрқы екі милиметрлік мұндай паразит ара мен оның тұқымдарын әбден жайратып салғаннан кейін ғана, тым кеш байқалады екен.
Неміс ғалымдары «ұялы телефон мен түрлі қабылдағыш құрылғылардан шығатын сәуле араның бағыт айқындау жүйесін әлсіретеді» дейді. Сондықтан ара өз ұясын таба алмай, адасып өледі екен.
Мамандар арасында араның жойылуына қатысты тағы да болжам бар. АҚШ сарапшыларының пікірінше, ауыл шаруашылығында қолданылатын түрлі улы тыңайтқыштар араның иммунитетін төмендетіп, ақыры жояды. Ғалымдар мұны Colony Collapse Disorder («ара ұяларын жойғыштар») деп атаған. Оның «ара тұмауы» атты бейресми атауы да бар.
Мамандар «араның жаппай өлуі көптеген өсімдіктің жойылуына әкеледі» деген ортақ пікір айтады. Себебі өсімдік атаулының 20 пайызын жабайы ара, 80 пайызын бал арасы тозаңдандырады. «Ара жойылып кетсе, адамзатқа да қауіп төнеді» дейді ғалымдар.
94.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз
A) Араның жаппай өлуінің нәтижесі қандай?
B) араға аса қолайлы, азыққа бай мекендер қайда?
C) ара өнімдерінің пайдасы қандай?
D) омарташылар қауымдастығы бар ма?
95.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
A) Бал арасы туралы Египет жазбаларында да айтылған
B) Ара уының құрамында витаминдер көп
C) Клеопатра патшайым да ара балын өте көп пайдаланған
D) Ара уының медициналық атауы – апитоксин
96. Мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз
A) Әлем экологтары, ел парламенті, премьер-министр, қаржы бөлу
B) Батыс ақпарат құралдары, Америкалық басылымдар, Еуропа ғалымдары
C) араның қоныстану аймағы, мамандардың пікірі, аралардың өлімі, өсімдік, адамзат, қауіп
D) Неміс ғалымдары, түрлі улы тыңайтқыштар, телефон
97. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз
A) Ара жойылып кетсе, адамзатқа да қауіп төнеді
B) жыл сайын ара ұяларының 30-90 пайызы жойылады
C) улы тыңайтқыштар араның иммунитетін төмендетеді
D) «ара тұмауы» атты бейресми атауы да бар
98.Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз ( сұрақ – жауап)
Араның жаппай өлуінің салдары қандай болады?
A) өсімдіктер түрі азаяды, адамзатқа да қауіп әкеледі
B) Гиппократ бал арасы туралы көп жазған
C) Ара балының құрамында микроэлементтер де бар
D) Араның жаппай өлу себептері көп
99.Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
A) ара туралы ақпараттар
B) ара жойылып кетсе, адамзатқа да қауіп төнеді
C) Бал арасының қазіргі жағдайы
D) Бал арасының еңбекқорлығы
100. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз
A) ара туралы мәліметтер
B) ара жойылып кетсе, адамзатқа да қауіп төнеді
C) бал арасы пайдалы
D) бал арасы және өсімдіктер
Достарыңызбен бөлісу: |