Сөйлеуі бұзылған балалардың түйсігі мен қабылдауы.
Сөйлеуі бұзылған балалардың түйсігі мен қабылдауы.
Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сқйлеу – есту мен сөйлеу қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г.Ф. Сергееваның зерттеуі бойынша, сөйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. Кейбір жағдайда, айтылуда қарама-қайшылығы жоқ фонемалар ажыратылады, енді бір жағдайда айтылуда сараланатын фонемалардың өзі ажыратылмайды.
көруарқылықабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракуста берілген мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін, ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін. Ал, қалыпты дамудағы балалар, негізінен көру арқылысалыстыру жолын қолданады.
Пайдаланған әдебиеттер
Пайдаланған әдебиеттер
Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж
Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад» №1 2005 г.
Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.
Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент 2007 ж.
Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» А., 1980 ж.
Өмірбекова Қ., Серікбаев Қ. «Логопедия» А., 1996 ж.
Филичева Т.Б., Чевелева Н. А. «Логопедическая работа в специальном детском саду» М., 1997 г.
«Специальная педагогика» под ред. М.Н.Назаровой. М., 2000 г