Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге алғаш ұмтылу ХҮіі ғасырдағы еңбектерінде жазылған


Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын тексеру



бет4/6
Дата26.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76885
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
02.05.19 (1)

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын тексеру:
  • Сөйлеу тіліндегі дыбыстар фонетикалық топтар бойынша жүргізіледі.
  • Дыбыстарды былай топтастыруға болады:
  • 1.Дауысты дыбыстар: а, ә, о, у, э, и, ы, і, ү, ұ, ө
  • 2.Дауыссыз дыбыстар:
  • а) ысқырық, ызың, аффрикаттар - с, з, ц, ш, ж, ч, және т.б. дыбыстары;
  • б)үнді дыбыстар: р, л, және й;
  • в) қатаң және ұяң дыбыстар: п-б, к-г, қ-ғ, ф-в, с-з, ш-ж және жіңішке айтылулары.
  • Жіңішке дауыссыз дыбыстардың айтылуы жуан дауыссыздардың айтылуынан кейін анықталады.
    • Дыбысты айтуын тексеру мынадай кезекшілікпен жүргізіледі:
    • - дыбысты жеке тұрған күйінде айтқызу;
    • - буында айтқызу (ашық буында, жабық буында, ортасында);
    • - сөзде айтқызу (дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында болу керек);
    • - сөйлемде айтқызу.
    • Тексеруге арналған сөздер фонетикалық және дидактикалық негізде баланың жас ерекшелігін ескере отырып сұрыпталады. Мысалы, С дыбысының айтылуын тексеру үшін: "Мен айтамын, сен қайтала" ойынын ойнау арқылы жеке дыбысты буында айтылуын тексеруге болады.
    • С-С-С
    • Са-со-су-сы
    • Ас, ос-ус-ыс
    • Сла-сло-слу
    • Асқ-осқ ысқ
    • "С" дыбысының сөзде айтылуын тексеру үшін логопед:
    • Мен суретті көрсетем, сен оны ата. (Суреттер: сабын, мысық, қасқыр, қас, сағат, құс т.б.).
    • "Мен айтайын, сен қайтала" немесе "Жаңғырық" ойынын ойнап, С дыбысының сөйлемде айтылуын тексеруге болады.
    • Сара сағат сатып алды.
    • Самат сиыр суарды.
    • Салтанат пен Асқар суаттан су тасыды.
    • Дыбыстарды тексерген кезде бала айтқаннан кейін, ақаулықтарын көрсетіп, нәтижесін бірден жазып алады. Баланың дыбысты айтпай тастап кеткені, басқа дыбыстармен алмастырылғаны, немесе үндері ұқсас екі дыбысты шатастырып айтқаны көрсетіледі.
    • Тексерудің нәтижесін былай жазып көрсетуге болады:
    • "С" дыбысы дұрыс айтылады.
    • "С, С" дыбыстары тістің арасынан шығып бұзылып айтылады.
    • Егер баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын тексеру барысында дыбыстарды пайдалану тұрақтылығының жеткіліксіздігі, оларды араластырып шатастыруы үндестігі ұқсас екі немесе бірнеше дыбыстардың бірдей айтылуы, басқа дыбыстармен алмастырылуы анықталса, онда баланың дыбыстарды жеткілікті түрде ажырата алмайтындығын еске сақтау қажет.
    • Бұндай ақаулықтары бар балалар кейін оқу мен жазуды меңгергенде, қиыншылықтар көруі мүмкін. Баланың фонематикалық түсінігінің деңгейін анықтау үшін оларға әр-түрлі тапсырмалар беріледі.
    • Дыбыстарды дұрыс айтылуын қалыптастыру.
    • Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.
    • Сауат ашу оқуына дайындық.
    • Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет