Сөйлеу тілі мәтіндеріндегі фразеологиялық тұлғалардың прагматикасы Аңдатпа



Дата11.01.2017
өлшемі74,75 Kb.
#7443
Ж. Абдрахманова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, ф.ғ.к., Алматы, Қазақстан

e-mail:zhaz_abd@mail.ru
Сөйлеу тілі мәтіндеріндегі фразеологиялық тұлғалардың прагматикасы
Аңдатпа. Бұл мақалада сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы фразеологизмдердің окказионалды өзектілеудің прагматикалық тәсілі туралы айтылады. Қазіргі кезде прагматикалық тәсілге көп көңіл бөлініп жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тәсіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететіндігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құрылымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: прагматика, окказионализм, фразеологизм, коммуникативті, прагмосемантика, мәтін, семантика.

Прагматикалық құрылымдағы сөйлеу тілі мәтіндері фразеологиялық тұлғалардың эмоционалды әсер туындатуда маңызды рөл атқарады. Аталған мәтіндердің прагматикалық толығуын сөйлеу тілі мәтіндерінің прагмосемантикасындағы фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектілену процесін толық ескермеуге болмайды. Бұл сөйлеу тілі прагмосемантикасындағы фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектілеудің екі тәсілі бар: семантикалық және прагматикалық [1]. Мұның алғашқысы – дәстүрлі, оның негізгі мақсаты – сөйлеу тілі мәтіндерінің субъективті және экспрессивтік қыры, мәтін мен оның құрамдас бөліктерінің семантикалық құрылымының ерекшеліктері тұрғысынан алғандағы мағыналы сипатын анықтау болып табылады.

Соңғы уақытта прагматикалық тәсілге көп көңіл бөлініп жүр, себебі оның шығармашылық және ғылыми қыры басым. Бұл тәсіл зерттеушіге көркем мәтінді оның оқырманға қалай әсер ететіндігі жағынан, сонымен бірге осы мәтіннің семантикалық және құрылымдық-компоненттік байланысуы тұрғысынан талдау жасауына көп мүмкіндік береді [2].

Біздің көзқарасымыз бойынша, аталған мәтіндердің коммуникативтік-прагматикалық қызметі автордың коммуникативтік мақсаты, автор мен тыңдаушының аялық білімінің ортақтастығы, қарым-қатынас факторлары арқылы жүзеге асады. Осыған орай, коммуникативтік контексті вербалды (тілдік түсінік) және прагмасемантикалық (әлеуметтік-мәдени түсінік) жағынан қарастыру қажеттігі туындайды.

Сөйлеу жанрында фразеологиялық тұлғалар және олардың окказионалды өзектіленуі ең алдымен осы жанрлардың коммуникативтік прагматикасына қарай қолданылады. Сөйлеу тілі жанрларының мәтіні құрылымы жағынан қысқа әрі нұсқалығымен ерекшеленетіндіктен, оларды жасайтын барлық элементтердің қарапайым тілдік узуал мағынасы емес, соның шеңберінен шығатын, яғни қажетті прагмосемантикалық әсер тудыруға бағытталған контекстуалдық мақсаттағы өзекті мағынасы болады. Сондықтан да сөйлеу тілі жанрлары мәтіндерінің семантикасы олардың құрылымымен тығыз байланысты [3].

Сөйлеу тілі жанры өзінің прагматикалық бағытымен айқын ерекшеленеді. Осы жанрға қатысты шығармалардың ерекше белгілерінің жиынтығын олардың прагматикасына қарай сипаттауға негізі бар: эмотивті әсер тудыруға бағыт беру (прагматикада – сөйлеушінің қалпы немесе сөздің прагматикалық мәні), ұтқыр ой көрінісі, мағынаның парадоксалдығы, сюжеттің қарапайымдылығы (яғни, пресуппозицияның белгілі бір жиынтығы: сөйлеушінің әңгімесін бағалау, жалпы білім қоры, қызығушылығы, тыңдармандардың пікірі), мазмұнының өзектілігі, тақырып пен мәселені шектемеу, тыйым салмау (референция: шындық болмысымен байланыс орнату).

Сөйлеу тілі мәтіндері екіжақты коммуникативтілік мағынаға ие: мәтінді ең алдымен автор жасайды және кейіннен осы мәтін оны таратушы, яғни басқаларға жеткізуші арқылы қайта жасалады (қазіргі технология тіліне сүйене отырып, таратушыны тұтынушы деп атасақ та болады). Сөйлеу тілі мәтінінің коммуникативтік жағдайында (КЖ) үш құрамды бөлігі болады. Олар: автор, тұтынушы және реципиент (аудитория). Мұны біз келесі кесте арқылы көрсете аламыз:
КЖ

Автор Тұтынушы Аудитория

Тұтынушы

Сөйлеу тілі жанры мәтіндерінің коммуникативтік жағдайын туындататын құрамы төмендегідей:


Сықақ әңгімелер Көркем әдебиеттер

КЖ КЖ
Автор Тұтынушы Аудитория Автор Тұтынушы Аудитория

1. Тыңдаушы 1. Тыңдаушы

2. Тыңдаушылар Көркем әдеб. 2. Тыңдаушылар

нысаны

Сурет 2 – Коммуникативтік жағдайдың үш құрамды бөлігі


Мұндағы Автор – мәтін авторы, Тұтынушы – мәтінді басқа коммуникативтік жағдайларға таратушы, Аудитория – мәтіннің бағытталуы. Аудитория сөйлеу мәтінін қабылдайды, автор мәтінді жасау барысында одан тыңдарман белгілі бір деңгейде әсер алуы үшін қоғамға немесе оның басқа да бөліктеріне түсінікті болатындай тілдік амалдарды қолдануы қажет. Осылайша автор және тұтынушы өз шығармасын бір ғана тыңдаушыдан басқа, сонымен бірге бірнеше тыңдаушыдан (сықақ әңгімелер, көркем әдебиеттер) тұратын аудиторияға бағыттай алады. Осыған орай, тұтынушы және аудитория мәселесі зерттеу объектісіне айналады.

Сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты мен оның тыңдаушыға белгілі бір деңгейде әсер етудегі прагматикалық есебін фразеологиялық тұлғалардың окказионалды өзектіленуінің негізін қалаушы коммуникативтік-прагматикалық факторға жатқызамыз. Сөйлеу тілі жанрын жасау барысында коммуникативтік-прагматикалық жағдайдың барлық құрамды бөліктері маңызды рөл атқарады, яғни мәтін жасайды: тұтынушы; тыңдаушы; коммуникативтік жағдайы; қарым-қатынастың жанрлық сипатын, сөйлеу барысын (әзіл әңгімені ауызша айту) анықтайтын прагматикалық ой; прессуппозиция жиынтығы (қарым-қатынастың мақсаты мен мәні коммуниканттардың жалпы білім қоры, олардың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі, әлеуметтік және жеке-тұлғалық ерекшеліктері және т.б.) [4]. Әңгімелеушінің немесе автордың мақсатына сәйкес оның шығармасының белгілі бір прагматикалық мақсаты болады: айқын немесе жасырын мақсат (ымдау арқылы, кез келген оқиғаны басқаша формада суреттеу, ойын айту, белгілі бір құбылысқа, жағдайға орай өз бағасын беру, т.б.). Мәселен, әзіл әңгіме айту, қалжыңдаудың көбінесе жасырын мақсаты болады, мысалы, белгілі бір мақсатқа сәйкес пікірін айту немесе оны бағалау, тыңдаушының пікірін немесе бағалауын өзгерту, басқаша кеңес беру, қалыптасқан жағдайды асыра айту және т.б.

«Мысқыл-кекесін болсын, налу-жабырқау болсын, алғыс-қарғыс, т.б. болсын, – бәрі де фразеологизмдерді шебер қолданудан келіп шығатын құбылыстар. Әзіл-оспақ, ойнақы қалжың кей фразеологизмді тұспалдап, екі ұшты мән беруде әрекідік кездесіп қалады. Мәселен,(пәленшенің) құлағына алтын сырға тіркесін оңтайына қарай олай да, былай да қолдана беруге болады: мұның «есітпей-ақ қойсын», «тыңдамай-ақ қойсын» деген мағынасына қайшы келер жайт та кездесіп қалады. Құрдас кісілер: «Мен саған бір әңгіме айтпақ болып келдім, келіншегіңнің құлағына алтын сырға» дегенді мысқыл ретінде керісінше де қолданыла береді» [5, 602 б.]. Осы мысалдан біз құрадстар арасындағы әзіл-қалжыңды, астарлы ойды бір ғана ФТ арқылы жеткізіліп тұрғанын және одан эмотивті, күлкілі әсер беретін ерекшелікті байқаймыз.

Әңгімеге әзіл оқиғаларды, күлкілі жайттарды арқау ете отырып, автор міндетті түрде прагматикалық прессуппозицияны негізге алады, оның құрамына мыналар кіреді: сөйлеушінің жалпы білім қорына қарай баға беруі, әңгімелеушіден тыңдаушының нақты ақпарат алуы, қызығушылығы, пікірі мен көзқарасы, психологиялық көңіл-күйі, мінез-құлқының ерекшелігі мен түсіну қабілеті. Осының бәрін ескере отырып, тұтынушы белгілі бір сөйлеу тактикасы мен сөйлеу деңгейін таңдап алады. Мысалы, тыңдаушылардың құрамына қарай (әңгімелесушілердің арасында әйел және бала бар ма, қандай да бір ұжым құрамының қарым-қатынасы) әзіл айтудағы нормативтік емес лексикаға шектеу қойылады, сонымен бірге қалжың сияқты сөйлеу жанрының да ерекше айырмашылықтары болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шмелева Т.В. Речевой жанр: Опыт общефилологического осмысления // Междунар. научн-худож. журн. – 1995. – № 1-2. – С. 57-65.

2. Сусов И.П. Прагматическая структура высказывания // Языковое общение и его единицы. – Калинин, 1986. – С. 15-21.

3. Болотнова А.С. Художественный текст в коммуникативном аспекте и комплексный анализ единиц лексического уровня. – Томск: Изд. Томского ин-та, 1992. – 312 с

4. Арутюнова Н.Д. Аномалии и язык (к проблеме языковой картины мира) // Вопросы языкознания. – 1987. – № 3. – С. 5-11.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.

Ж. Абдрахманова



Окказиональная актуализация фразеологических образов в прагматических структурах текстов разговорного жанра

Аннотация. В статье рассматриваются прагматический метод актуализации окказиональных фразеологизмов в речевом прагмосемантике. На сегодняшний день особое внимание уделяется на прагматический способ образование окказионализмов, так как этот метод имеет преимущество в творчестве и науке. Этот способ дает возможность исследователю .....
Ключевые слова: прагматика, окказионализм, фразеологизм, коммуникативный, прагмосемантика, текст, семантика.

Zh. Abdrahmanova

Occasional phraseological actualization images in the pragmatic structure of spoken genre

Abstract. The article deals with the pragmatic method actualization of occasional phraseology in speech pragmosemantics. For today focuses on the pragmatic way of education nonce words, as this method has the advantage of creativity and science. This method gives opportunity to the researcher to feel reader`s impression, with this text semantic and structure-component compound and allows to analyze it


Keywords: pragmosemantics, occasional idiom, literary text, pragmatics, semantics..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет