Үй жұмысы
Берілген сөз тіркестерін мағынасымен сәйкестендір.
1. Қас-қағым сәтте. А) бедірейді, тесірейді, көз алмады.
2. Қас қақпады. Ә)
кеш батты, ымырт жабылды.
3. Қас қарайды. Б) кербезденді, маңғазданды.
4. Қасын керді. В) мүлде қарсы, жек көрді.
5. Жаны қас. Г) дұшпан санады, қас деп білді.
6. Қас көрді. Ғ) лезде, тез, жылдам.
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Сөзден тосылу
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан,
өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді.Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербурға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді.Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедіммен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел.
Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан
қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда
Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма?- деді.
Мен баламның
тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан
иіскедім.