1. Әкесінің балаларына айтқан өсиеті A) алтын белдігі бар үшінші ұлды құрметтеу
B) кенже ұлдың айтқанынан шықпау
C) асыл тасты жүзігі бар үлкен ұлды сыйлау
D) асыл киімді екінші ұлдан үлгі алу
2. Әкесінің балаларын жинаудағы негізгі ойы A) байлықтарын тексеру
B) жомарттығын білу
C) мейірімділіктерін байқау
D) ақылдылықтарын анықтау
3. Қарияның үлкен ұлдарына тән қасиет A) белдікке мақтану
B) байлыққа масаттану
C) киіміне шаттану
D) жүзігіне қуану
4. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал A) Білімсіз адамның ӛрісі тар, құлашы қысқа.
B) Ақылы кӛпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
D) Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан.
13-сабақ МАҚАЛ мен МӘТЕЛ Мақал – өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді пікір айтатын ықшам сөз өрнегі.
Оның мәтелден ерекшелігі:
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
Ой нақты айтылады.
Ақыл-кеңес, үлгі-өнеге түрінде айтылады.
Жақсы бала ата-анасын төрге сүйрейді, жаман бала ата-анасын көрге сүйрейді.
Жері байдың елі бай.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болған артық.
Еменнің иілгені – сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
Мәтел – белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.
Оның мақалдан ерекшелігі:
Көбіне бір бөлімді болады.