Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмдері, классификациясы


Cөйлеу аппараты – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігінде әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиналып бір іске жұмылған дербес жүйе



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#82188
1   2   3   4
Байланысты:
лог

Cөйлеу аппараты – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігінде әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиналып бір іске жұмылған дербес жүйе.

Сөйлеу аппараты бір – бірімен тығыз байланысты 2 бөліктен тұрады:


Орталық
(реттеуші)
Шеткі
(перифериялық)

Сөйлеу аппаратының орталық бөлімі адамның миында орналасқан. Бұл бөлім ми қыртыстарынан, ми өзегі ядроларынан, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс алу, дауыс, артикуляциялық бұлшық еттеріне баратын жүйкелерден тұрады.


Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
Демалу бөлігі
Артикуляциялық бөлімі
Дыбыс шығару бөлігі
Демалу бөлігі
Дыбыс шығару бөлігі
Артикуляциялық бөлімі
Адамның кеуде қуысы, өкпесі, бронхылары, кеңірдегі.
Ауыз және мұрын қуыстары мен жұтқыншақтан тұрады.
Дауыс қатпарлары бар көмекейден тұрады.

А.Куссмауль зақымдану түріне қарай тіл бұзылуларын бес топқа бөледі. 1. Кортиналды бұзылулар. Түрлі анализаторлардың іс-әрекеттерінің бұзылуларымен байланысты. 2. Дислогиялық бұзылулар. Интеллектың аурушаң күйімен байланысты. 3. Спазматикалық бұзылулар. 4. Тіл мүкістігі (косноязычие) (былдырақтау) 5. Саңыраулар мен нашар еститіндердің тіл бұзылулары.


Тіл бұзылуларының клинико – педагогикалық классификациясы
1. Тілдің формасының бұзылуы ауызша немесе жазбаша. 2. Тіл іс-әрекетінің бұзылу түрі (айту, тыңдау, жазу, оқу) 3. Тілдің қабылдау немесе қайта шығу этапының бұзылуы. 4. Өз ойын айтуды көркемдеуді орындайтын операцияның бұзылуы. 5. Өз ойын айтуды көркемдейтін қажеттіліктерін бұзылуы.
Осы классификация бойынша барлық тіл бұзылулары екі топқа бөлінеді: ауызша және жазбаша. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы. Екі типке бөлінеді. 1. Айтылатын ойды көркемдеудің сырттай бұзылуы. 2. Айтылатын ойды көркемдеудің ішкі бұзылуы. Айтылатын ойды көркемдеудің бұзылуы тізбектің бұзылуына байланысты.
Қорытынды:
Баланың алғашқы дыбыс шығаруы ересек адамға еріксіз қуаныш сыйлайды. Сөйлесу ата- ана мен баланың қарым қатынасында маңызды рөл атқарады. Ата- ана өз ойын балаға дұрыс және сауатты жеткізе білуі керек.Қойылған сұрақтарға нақты дұрыс жауап беріп, дыбыстарды айтқан кезде анық, таза айту қажет. Себебі: бала дыбыстарды қалай естісе, солай айтады. Сондықтан әр бір дыбысты айтқан кезде бұрмаламай дұрыс айту керек.
Үй жағдайында орындалатын логопедиялық тапсырмалар мен жаттығуларды баламен үнемі қарым - қатынас жасай отырып, сөйлеу тілін ойын түрінде қалыптастырған жөн.
  • Логопедия./ Под ред. Волковой Л.С.-М.: Просвещение, 1989.
  • Филичева Т.Б. и др. Основы логопедии.- М.: Просвещение, 1989.
  • Буденная Т.В. Логопедическая гимнастика.- СПб., 2001.
  • Фомичева М.Ф. Воспитание у детей правильного произношения. М.: Просвещение, 1989.
  • Волкова Л.С. Хрестоматия по логопедии. – М.: Владос, 1997
  • Ефеминкова Л.Н. «Коррекция звуков речи у детей», Москва, «Просвещение», 1987,200 б.
  • Жукова Н.С. «Логопедия. Преодоление общего недоразвития речи у дошкольников», Москва, 1998, 320 б.
  • Қайырбекова З.С. «Мектеп жасына дейінгі балаларды түзету жұмысы жүйесінде көрнекі үлгілеу әдісін пайдалану», Тілашар-Логопед,№2, 2013, 5-6 б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет