Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері


б. Сөздік қорды байытудың психологиялық негіздері



бет2/5
Дата27.12.2016
өлшемі0,89 Mb.
#5914
1   2   3   4   5

1.1 б. Сөздік қорды байытудың психологиялық негіздері.
Тіл- тарих халыктың даналық көзі.Тіл- арқылы балаға ата-аналарымыздың асыл мұрағаттары өмір тәжірбиелері, нақыл сөздері мен ұғындырылады.

Бұл ұлттық қалыптасуы мен өмір сүруінің, жеке ұлт ретінде өмір

сүруінің алғы шарты. Бұл жөнінде М.Жұмабаев « Тілсіз ұлт,тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып, жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ» деген.

Сонымен бірге, тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінң жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар, білім негіздерінің ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді.

Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау,түйсіну, ойлау, секілді психикалық процесс негізінде сөйлеу процессі арқылы меңгеріп, оны қайтадан сыртқа шығарады.

Тілдің осындай көпжақтылығына байланысты тілді үш жақтама зерттеудің бағыттары бар:



  1. лингвистикалық

  2. психолингвистикалық

  3. социолингвистикалық

Бұл бағыттар тілді әр қырынан:тілдің теориясы(лингвистика), тілдің психикалық ерекшелегі(психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекешелігі(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажеттесі психолингвистикалық бағыт.Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, қабылдау, қиял, зейін т.б. процестер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл психикалық зерттеудің объектісі болып табылады.

Психология ғылымында тілді-тіл және сөйлеу деп бөледі. Тілді тіл және сөйлеудің алғаш рет жіктеген Ф.де Соссюр, Е.И.Негневицкал мен А.М.Шахнорвич те Фде Соссюрдің қозқарасын ары қарай дамытып былай « Когда мы употребляем слова «язык» мы имеем виду вещи- язык и «речь»,деп, тілдің сөйлеумен байланыстылығы атап көрсетеді»

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қатысым әрекетінде ғана өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады.” Лишь рассматривая язык в процессе речевой деятельности, мы способны вскрыть реальный механизм общественного функционирования языка “ (А.А.Леонтьев) Бұл пікірге Б.В.Беляев те қосылады: « Если язык есть явление лингвистическое, то владение, языком есть явление психологические» Олай болса, психикалық тұрғысынан тілге адамдардың өз ойын, пікірін басқа адамға жеткізуі жатады. Себебі бала өзінің ойлаған ойын, мұң-мұқтажын, қуанышын, ренішін, пікірін тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сырқа шығарады. Бла сөйлеу процесінде өзінің сөз байлығын пайдаланады. Сондықтан сөздік қордағы әрбір сөз баланың ойлау қабілетіне, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуші рөлінде қолданы.

1. Сөз затты, оның белгісін, қалпын әрекетін, байланысын білдіре отырып,оларды «көрінетін» етеді. Сөзбен бейнеленген

жинақталған сипатқа не заттар мен олардың қасиеттері тураалы

мұндай сезімдік сигнал таным объектісчі бола тұра,жағдайға арналған оқып үйренбей-ақ сол орнында тез танылады.



  1. Кез- келген сөз жинақтаушы мәнге ие болғандықтан, балалар анық қабылдаған заттарын белгілі бір категорияға жатқыза алады.

  2. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы ьайланыстар да сөзбен беріледі.

  3. Қажет және болмайды деген сөздерде ересектердің бала тәртібіне , мінез құлық ережесіне қойылатын негізгі талаптары білдірілген.Бұл ережелерді бала меңгере отырып, оларды өз бетімен әртүрлі жағдайда қолданады, соған сәйкес әрекет жасап үйренеді.

  4. Сөз әрекеттің мағынасын білдіреді.

  5. Сөзбен өзінің қайғы-қасіретін бастан өткізген сезімдерін, өзінің бір нәрсегее қатыстылығын білдіреді.

  6. Ақыл-ой әрекетін бағыттарын сұрақ қойылып, сөзьен міндет жүктеледі.

  7. Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым-қатынасында, өз күшін байқау формасында сана –сезім дамиды.Алайда бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.

  8. Сөйлеуді меңгере отырып, бала басқа адамдармен араласуды, оларды түсінуді, оларға әсер етуді,ересектермен және бақа балармен сөйлесуді үйренеді.

Демек, тіл арқылы бала өзінің қоғамының бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін сезінеді. Бұл баланың психикалық дамуына оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сөздік қорда тек қоғам бар жерде ғана жинақталады. Қоғам жоқ жерде сөздік қор дамымайды, жетілмейді.

Ғалымдар (Л.С.Выготский, А.В. Ярмоленко сәбидің күлкісін, былдарлауын, ым- шараларын ( қолымен бір затты нұсқағанын ) « қатысым амалдарына жатқызып, мұның барлығы баланың қаршаған ортаға өзінің сезімін көңіл- күйін білдіреді дейді. Бала былдырлап сөйлегенде қршаған ортаиысындағы естіген дыбыстарын қайталайды.

Сәбилер 3-9 айлық арасында тілдің бүкіл дыбыстық жүйесін дбыстай алады.Осы кезеңнен бастап сәбилердің сөздік қоры зор қарқынмен дамиды.Бала психикасының дамуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеу процесінде қолдануды ерекше роль

атқарады. Сөйлеу әрекетінде бала өзінің жинақтаған « қамбасы» сөздік қорды пайдаланады. Сондықтан оның түсінікті сөйлеу

дағдыларының жетелуі, лексикалық қорының сандық және сапалық жағынан дамуы т.б. Мәселелер психолог, дефектолог- педагог, тілші ғалымдарды ғасырлар бойы мазалап келеді.

Тұжырымдағанда сөздік қор сөйлеудің құрамдас бөлігі болғандықтан, оның баланың ойлау қабілетіне де қатысы бар. Психолог ғалымдар сөздік қордың бірлігі сөздің ойлауға қатысы “барлығын айта келіп, сөз ойлаудың ,, клеткасы дейді . Бұл жөнінде А.Р. Лурия : “ что слова является не только средство замещения вещи, представления, оно является и клеточной мышления,»- деп сөздің ойлау құралы екендігіне де көңіл бөледі.Л.С Выготский ой сөзде өмір сүрмейді, сөзді құраушы мағынаны сөз бен ойдың арасындағы дәнекер деп атайды. “ мысль не выражается в слове, а совершается в нем, значение находиться как бы между мыслью и словам, вот почему значение пересекается коммуникация и мышления.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің, ол туралы ғылыми ой – пікірлердің айтыла бастағанына талай уақыт өтті, оның бастау көзі тереңде жатыр.

Бұл ретте қазақ халқының оқу – ағарту ісінің бастау кезінде тұрғаны атап кетуге болады.

Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Оның ішінде адам сөйлеуіне нысана болатын зат атауларын үйретуге ерекше мән берген. Сонымен бірге оқулықта келтірілген сөздерден шектелмей, одан « молырақ тоқталу қажет » деу арқылы оқушының сөздік қорын байытып отыру мәселесін көтерген. Ұлы ғалымның бұл пікірлерін қазіргі әдістемеші ғалымдар да өз зерттеуіне жұмысына өзек етеді.

Тілдің үйренудің негізгі мақсаты - сөйлесе пікірлесе білуге үйрету. Ал сөйлесу үшін алдымен сол тілдегі сөздерді білу қажет, сөзсіз ойын жеткізу мүмкін емес. Адамның сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым ол ойын толық дәл жеткізе алады. Әрине тек сөздерді ғана білу сөйлесуді қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Сондықтан да Ы.Алтынсарин оқушыға сөздердің өзгеруін игерту керек екенін жоғарыда көрсеткен. Сөйтіп; бұл еңбекте ғалым жаттығу жұмысына, ойын ауызша және жазбаша дұрыс айтып, жаза білуге еркін сөйлеуге үлкен мән берген Ы.Алтынсарин оқулығындағы берілген мәтіндер оқушының сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға,халықтілін білуге атап айтқанда мәтін барысында баланың тілін дамытудың негізін салғандығын анық байқауға болады.

Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді. Оқушының алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны мектепте жүйелі түрде оқыту қазір күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырған кезде оқушының тілін байыту өте қажет болып отыр. Сондықтанда бұл мәселедегі ғалымдар пікіріне, алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірбиесіне 38 – 39 жыл өз тәжірбиемізге сүйене отырып арнайы зерттеуді қажет деп таптық. Оқулық авторлары да, тіл оқыту әдістемесінің әр түрлі мәселеріне арналған

Бұл аталғандарған шығатын қортынды мектеп оқушының сөздік қорын байыту ең маңызды мәселе болып табылады. Оқушының сөздік қорына кіретін сөздерді ғылыми енігізде, белігілі жүйеге асыру қажет. Оқушының сөздік қоры мұғалімнің бақылауымен, белгілі жүйеде қалыптасуына керек етеді.

Оқушының белсенді сөздік сөздік қорын белсенді қорға айнылдыру үшін мұғалім сөздерді қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Оқушының оқу кезінде сөздік қорын белсенді қорға айналдыру үшін сабақ үстінде арнайы ұйымдастырған жұмыстары, сондай-ақ дағдыландыру жаттығулары үнемі жүргізіліп отырылады.

Оқушының сабақта сөздік қорын дамытуда сөздік жұмысы дұрыс ұйымдастырудың қажеті зор. Ойланбай, жүйесіз жүргізген оқыту үстінде жақсы нәтиже бермейді. Бұл жұмыс түрі әр сабақта өткізілуі тиіс,оқытушы үйренген сөзді мағынасын түсініп саналы меңгеріп, мұны есінде сақтауы қажет.

Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский ана тілінің білім алудағы асыл қазына екендігін айта келіп:”өзінің ана тілінің мазмұнын мағынасын жете түсінбеген,оны жазбаша сөйлеу дағдысын дұрыс түсінуге қабілеті бломайды,ол бүкіл өміріне зиян келтіреді”-деген еді.Сондықтан К.Д.Ушинский ана тілін оқыту арқылы баланың ой өрісін кеңейтіп мәдениетін игеру керектігін айтады.

Сонымен бірге үйренген, меңгерген сөздерді сөйлеу тілінде қолданып, өз ойын айта алу қажет.

Бастауыш сыныптардағы сөздік жұмысының негізгі сабақ сайын жаңа сөздерді үйренуден басталады. Мұның өзі сынып жоғарылаған сайын оқушыны сөздік қорын жылма – жыл молаюына, баюына апарады.

Сөздік жұмысы – тілді дамытудың негізгі – қадамы.

Қазіргі қоғамның мемлекеттік тілде сөйлей алатын, қоғам талаптарына сай, іскер тұлғаларды дайындауды қажет етіп отыр. Осындай тұлғаны дайырлау бағытында қазақ тілі, әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің міндеттері ерекше. Ең негізгі мақсат – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру ауыз

екі тілдерін дамыту. Сөздік жұмыс тек жаңа сөздерді жаттау мен шектелмей,оның түрлі жолдарын тиімді пайдаланған дұрыс. Жоғарғы сыныпта сөздік жұмысы түрленіп оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылыққа жетелейді. Бұл сыныптарда сөздік жұымысы сөздің ой тұлғасы деген шартты атпен жүргізіледі. Оқушылар жаңа сөздердің ой тұлғасын қарастырып, өз бетінше сөздік қорын байытып отырады. Мысалы:

күзету күзетіп отыр күзеткім келеді

күзетеді күзетсең

Күзет


күзетті күзететін

күзетші күзетермін


Оқушылардың сөздік қорын дамытудың бір жолы – оқушы сөздік қоры туралы мұғалімнің үнемі толық мағлұматты болуы мен байланысты, ол сөзді оқытып жүрген сыныптарға оқушылардың қаншылықты сөздік қоры барлығын үнеиі біліп отыру қажет. Сондықтан оқушының сөздік қорының даму барысын мұғалімін қадағалап отыру қажет.Сонда ғана мұғалім бұл үсте кемшілік болса, оны жоюдың жолдарын оны түзетуге алады.

Оқушының сөздік қорын анықтау түрлі жолдармен жүргізіледі. Ол үшін оқытушылар мен белгілі бір тақырыптарда әңгімелесу мазмұндама жазғызу, мәтін мазмұнын ауызша баяндау сияқты тақырыптарға түрлі жұмыстың түрлері жүргізіледі:

1. Айналадағы қоршаған орта туралы

2. Мектеп, сынып оқу құралдарының аттары

3. Киім-кешек, үй – жиһаздары, ыдыс – аяқ атаулар

4. Отбасы мүшелері туралы

5. Ата – аналардың кәсібі, мамандығы

6. Қоғамдық өмірлерге байланысты атаулары (мерекекөліктер, көшелер, қала аттары, кинолар, мектептер.)

7. Оқи алу біліктерін түсініктерін байқау

8. Табиғат құбылыстары туралы

9. Жылдың төрт мезгілдерінің атаулары

10. Бау – бақша атаулары

11. Үй жануарлары, жабайы жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б.

12.Түрлі дидактикалық ойындар арқылы диафильм, кинофильм көрсету арқылы оқушылардың сөздік қорын анықтауға мүмкіншіліктері бар.

Бұл орайда сөздік жұмысы, оны жүргізу әдістерін түрлендіріп қолдануының маңызы зор. Оларға төмендегідей талаған түрлер жатады:

1. Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы: Үй іші, мектебі, сыныбы, ата – анасы оқу құралдары т.б.

2. Оқушының күнделекті жиі пайдаланатын заттарды көрсету арқылы оны

атау (киім – кешек, ыдыс – аяқ, төсек орын, үй жиһаздары )

3. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес затарды көрсету)

Сөздік жұмысын жүргізудің әдіс - тәсілдері алуан түрлі мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап – ақ сабақта өтілетін грамматикалық тақырыптың тұсында сөздің жұмысын жоспарлы,белгілі бір мақсат қоя отырып жүргізіледі.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстамына – оқушының логикалық материалын белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез – келген грамматикалық мағынада қолдана алу қажет. Мысалы: оқу, оқып, оқыған, оқығанда, оқитын, оқыса, оқымақ т.б. Сөздік жұмсының екінші ұстанымы – жаңа сөзді оқушыға бірінші рет түсіндіруде зат есім, сын есім, есімдік, сан есім түрлері.

Сөздік қорды байытудың мазұны мен жүйесіне толығырақ тоқталып өтелік.

Сөздік қорды байытудың бала тілін дамытудағы маңызы,алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастырылатын икемділіктер мен дағдылар қарастырылады.

Әдістемеде оқушы сөздігі ұғымы бар.Ол оқушының белгілі сатыдағы меңгерген сөздік құрамының көлемін білдіреді.Ал енді оқушының сөздігін байыту деген-оның сөздігінің сандық өсуі ғана емес, ұғым көлемін кеңітетін сапалық өзгеруі, сөз мағыналарын нақтылай тусуі,белгілі сөздің жаңа мағыналарымен таныс болу, сонымен қатар сөзді орынды, жатық қолдану.

Қзақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-қатынасқа даярлау міндеті қойылады.Ол: баланың тілін дамыта оқыту, сздік қорын молайту;сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы, ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың бойында ұлттық танымды қалыптастыру.

Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен, оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормалырын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігімен дағдылары сөйлеу әректінің оқу, тыңдау,айту, жазумен байланысты болады.Сондықтан қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым-қатынастың түрткісіне мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни тіл мәдениетінің негіізінде ұйымдастыру ьолып табылады.

Мектеп көлеміндегі оқылатын тілдік теориялық мәліметтер мен материалдар қазақ тілі пәнінің типтік бағдарламасымен белгіленеді.Ал тіл дамыту сол бағдарламалық тілдік материалдарды игертуге негізделіп, нәтижесінде мынадай икемділік пен дағдылар қалыптастыырылады:


  • баланың сөздік қорының бай болу, сол сөздердің мағынасына, стилистикалық мәніне байланысты дұрыс қолдана білу шеберлігі;

  • бір мағына, ұғымды әртүрлі синоним вариант, тәсілдермен бере біліу икемділігі;

  • ойын орай сөйлем құрастыра алу қабілеті;

  • белгілі мазмұнға сай сөйлемдерді байланыстырып, бір ой-пікір білдіретін қайырым құрастыра алу дағдысы;

  • бірнеше қайырымнан мәтін түзе білу икемділігі;

  • мәрінді функциональды силь түрлеріне сай құрастыра білу машығы;

  • ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау біліктілігі.

Сөйлеу икемділігі мен дегеннің мнәі мына төиендегі мәселерді қамтиды:

а) қатысымдық әрекеттің белгілі жылдамдығы, мәселен, бала өз ойын сипаттап образды айтуға төселу үшін, белгілі бір жылдамдықта тілдің көркедегіш және бейнелегіш құралдарын таңдай ьілу дағдысы мен қалыптасқан болуы тиіс;

ә) дағды жүйелі, бір тұтас болуы яғни бала белгілі бір тақырып, мәсле жөнінде әңгімелеп бергісі келсе, сөөздерді байланыстыра білу арылы сөйлемдердегі ойдың жүйелі құрылыуы; оқушылардың сөздерді тіркестере білуі,сөздермен сөйлемдерді айтылатын ойға сәйкес байланыстырып қайырым құра білу дағдысы қалыптасуы;

б) сөздерді дұрыс таңдай білу,сөйлем әректіне қатысуға даяр болуы, мәселен, диалогтағы шақырушы сұраққа жауап беру немесе әңгімені одан әрі жалғастыра білу дағдысы,тақырыпқа орай, мәтін құрастыра білу дағдысы мен икемділігінің қалыптасуы;

в) дағды сапасының тұрақты болуы;мәселен, бала бір мәтелдерді білу,оны өзінің сөйлеу әрекетінде дұрыс ыңғайлы қолдана алуы;бала мәтел мазмұынын, ондағы сөз тіркестерінің грамматикалық мағыналарын өзінің сөзінде тұрақты байланыстырып қолдану дағдысының қалыптаспағынын қалыптастыру;

г)сөйлеу әрекетіне бейімділіктің қалыптасуы( бұл құбылыс жаңа ахуалға,жағдайға байланысты сөйлеу әрекетіне бейімді болу дағдысы және тілдік құралдарды жаңа сөйлеу әрекетіне ыңғайлы түрде қолдана білу дағдыларының қалыптасуы негізінде жүргізіледі.Бұлардың барлығы да сөз ұғмын игеріп, оны тәжірбиесінде қолдана білу икемділігіне тәуелді);

Сондықтан сөздік қор ойлау үрдісін іске асырушы.Тілд дамыту ой дамытумен байланысты дедік, олай болса, ойды жеикізудің тілдік құрамы сөйлем.Сөйлем сөздердің тіркесе байланысуынан жасалады, яғни сөйлеудің ең кіші бөлігі сөйлем болып есептеледі.

Тұжрымдағанда, көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар сөздік қордың психологиялық негіздеріне жете түсініспен жағдайда ғана нәтижелі болады.Баларға сөздерді үйреткен кезде оның жеке тұрғанда мағынасы( антоним, синоним) мен контекстегі мағынасын ескере отырып меңгерту қажет. Сөздік қор ұғыммен, сөйлеумен ойлаумен тығыз байланысты.Олардың құраушы компоенеті, жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын байыту арқылы олардың басқада психикалық қабілеттері дамиды.

Швейцар психологы Ж.Пиаже жас балалар үшін көрнекті амалдық ойлауға тән, ал логикалық (сөздік) ойлау олар үшін асак күрделі деп қортынды жасаған болатын. Бұл пікірді неміс психологы Э.Мэйман, А. Бинэ қолдады, ал Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша бала мектепке келуімен байланысты ойы үлкен өзгерістерге ұшырып, бала қарапайым практикалық ойдың мәдени яғни ұғымдар.

Бұл пікірді дұрыстығын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Н.А.Люблинская т.б. мектепте жүргізілге тәжірбиелердің нәтижесінде дәлел деп шықты.

Қорыта айтқанда, адам ой әрекетімен ашылған заңдық байланыс тәуелдік қатынастар сөздік және грамматикалық формаларда өмір сүреді. Ой танымның жоғарғы сапасы ретінд де үрдіс ретінде ойлау мен сөйлеудің тұтастығы сайып келгенде, тіл мен ойлауды дамыту болып табылады.Ал логикалық заңдылықтарға сүйенсек, үрдістің керісінше жүруі даусыз.Яғни, ой дамыту, тіл дамыту болмақ.

Ойлау мен сөйлеудің әрекетінің бір- бірімен тығыз байланстылығы ойлау- сөйлеу әрекетін тудырады.Сөйлеу әрекеті негізінде тіл білімінде емес, ойлаудың үрдісіне сүенгенмен бала тілін дамытушылық басты шарттарының бірі- ана тілінде ойлауын қалыптастыру.

Логикалық ойлану қабілетіне баулу сөйлеудің нәтижелі болуына әкеледі.Өйткені логикалық ойлаудың баланың ақыл-ой деңгейінің жоғарғы сатысы болғадықтан, дамытудыңұзақ жолымен өтеді.Бала сөздің ұғымын меңгере отырып, пайымдауынша, пікір айтуға қортындылар жасауға үйретеді.Сондықтан баланың ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін ең алдыменсөздік ұғым игертіледі.

Баланың ойы логикалық құрлымға ғана емес, сөздің ұғымдармен, олардың бір- бірімен байланысын есте сақтауға негіздейді.Сөйлеу тілін дамыту үшін есте сақтаған сөздерінің байланысы білім мен таным нәтижесінде өзінің өмір тәжірбиесінде, сөйлегенде қолдана білу дағдылары мен икемділігін қалыптастастырады.Оқытуда сол арқылы сөйлеу икемділігі арттырылады.


Тілдің дамуы бұл өте күрделі процесс болып табылады. Эмоциялық түрде мұны жеткізу мүмкін емес.Ең бастысы бұл сөйлеу тілінің дамуында икемділік,анықтылық, түсінушілік қажет.

Сөйлеу тілінің дамуы бір ізділікпен жүйелекпен дамиды.Адам бүкіл өмірін сөйлеу тілін меңгерумен, оны байытумен өткізеді. Алғашқы балалық шақта қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Өз ойын жеткізу мүмкіндігі жас ұлғайған сайын дамып, сөздік қоры молая түседі. Бала даму үстінде күрделі сөз түрлерін пайдалана бастайды, сөйлеу тілінің ережлерін сақтай бастайды, көптүрлі синтаксистік сөздердіқұрай бастайды.

Басқа сөзбен айтқанда бала өз ана тілін тілдік қызмет арқасында меңгере бастайды.Міне сондықтанда оқушылардың тілін дамытуда күнделікті мақсатты түрде жұмыс жасау қажет.

Баланың алғашқы даму шарты қарым-қатынас қажеттелігінен, туындайды. Ол жалпы бәріне түсінікті тілде ғана қарым- қатынасқа түсе алады.

Екінші шарты бұл баланың сөйлеу ортасына байланысты. Балаға әрдайым сөйлеуге жағдай жасап отыруы керек.

Үшінші шарт ол баланың қабылдауына, сөйлеу байлығына байланысты.

Тіл тек қарым-қатынасқа түсуге ғана көмектеспейді, ол дүниені тануға да көмектеседі. Басқа сөзбен айтқанда тілдің дамуы ол тек тілдік қажеттілік емес, сонымен бірге материалдық қажетіліккеде кіреді.

Бала сөйлеу тілді бір қалыпты баяу меңгереді.Ол қарым- қатынас үстінде, сөйлеу процесі кезінде меңгереді. Бірақ бұл балаға жеткілікті емес, бір қалыпта баяу меңгерген сөйлеу тілі әрқашанда дұрыс деп есептелінбейді.

Негізгі сөйлеу тіл дағдылары бастауыш сыныптарда қаланады.Міне дәл осы кезде балалар алғаш әдеби тілмен танысады. Сөйлеу тілі адам өмірінде өте үлкен қызмет атқаратын кең көлемді аймақ болып табылады.

Тілдің дамуы негізінен 3 жолмен дамиды: сөздермен жұмыс, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен жұмыс, сөздердің байланыстылығымен жұмыс. Бұл үш жолдың жұмысы бірдей параллельді түрде дамиды. Бұл үш жол әңгімелеу алдында, шығарма, мазмұндама жазу алдында оқушыларға беріледі.Онымен алдын ала мағынасын түсіндіріп, қалай жасалу жолын көрсетіп, арнайы көрнекілік пайдалану арқылы түсіндіріп өтеді. Сонда ғана оқушылардың естерінде әлде- қайда жақсы сақталады.
Сөйлеу тілінің түрлері.

Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.

Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті.Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тлінде қолдану креек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек.Баларға өз ойларындане бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.

Тіл – ойды дамытушы құрал.Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: « Тіл- бұл интелліктіні дамытушы амал.Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамсыз етеді.



Жаңа сөздер мен мағыналарды меңгеру.

Ғылымының дамуымен бірге мәденеитте де техника да дамуда. Сонымен бірге жаңа сөздерде дамып көбеюде .Сөздердің баяуы бұл бүкіл қоғамның, сонымен бірге жеке адамның дамуына әсерін тигізеді. Сондықтанда мектепте сөздіктермен жұмыс үлкен мәселе болып саналады.

Сөздік қорын дамытуға 4 бағыт кіреді.Бріншіден, сөздік қорын дамыту.Оқушылар алғашында білмеген таныс мес сөздер, екіншіден сөздіктерді анықтау,таныс сөздерін терең түсіндіру. Ол сөздердің айырмашылықтарын , ол сөздерге антоним сөздердіпайдалану.Үшіншіден, сөздіктерді белсендіру, әрбір оқушының тілдеріндегі сөздерді кеңейту.Бұд сөздерді сөйлемдерде, басқа сөздермен, басқа мәтіндерде қосып пайдалану.Төртіншіден, әдеби емес сөзді оқушылар қолданданғанда әсіріесе бастауыш сынып оқушылары қателер жібереді.Әлбетте 4 бағыт бір-бірімен тығыз байланысты.Оқушылар айтарлықтай жеткілікті сөздік қорларды жинау үшін күніне 4-6 жаңа сөздерді меңгеру керек.

Интеллектуалды дамудағы және тілдік компоннетегі тілдің дамудағы бұзылыстың құрлымдардың зерттеу бұрынғыдай күрделі мәселе жеткілікті зерттелмеген.Бұл мәселені терең түсіну үшін тілінде кемшілігі бар акыл- ойы артта қалған балалар мен тілінде күрделі кемшілігі бар балалардың арқасында түсіне аламыз.Мұнымен бірге міндетті түрде теориялық компенсация қатарын талдаудан өткізу керек, оймен тілдің байланыстылығы, біріншілік және екіншілік бұзылыстары мен тілдік процестердің құрлымының деңгейі жайлы ілу керек.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет