Сабақтың түрі:ашық сабақ, интеграциялық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, көрініс, өзіндік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар), құстардың суреттері, мақал-мәтелдер, кітаптар, карточкалар, портреттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Бүгін бізге қонақтар келіп қапты (слайд). Оларды қарсы алайық:
Аспан ашық, сынып жарық,
Құстар келіп қоныңдар.
Біз сияқты балалармен
Дос болыңдар. (хормен, слайд)
Олардың келген себебі, осы аптаның әр күні құстар күні деп аталады.
Құстар – табиғаттың әні, сәні. Қазақстанда 600-ге жуық құстардың түрі бар, солардың 287 түрі «Қызыл кітапқа» еңгізілген.
Сондықтан, оларға біз не істеуіміз керек?
Бүгінгі сабақ ерекше – бір сабақта ана тілі, математика және дүниетану сабақтарын өткізіп, білімдерімізді тиянақтаймыз.
Сабақтың тақырыбы «Құстар – біздің қанатты достарымыз» (слайд).
Ана тілінен – құстар туралы әңгімелерді, ертегілерді, мысалдарды еске тусіріп, құстардың тапсырмаларын орындаймыз. Тапсырмалары математика пәні бойынша. Дұрыс орындасақ – қамқорлық жасадық деп есептейміз.
Дәптерді ашып, күннің реттін, сынып жұм., дәптердегі сандарды әдемілеп жазамыз.
Қазақ халқы өз ортасынан шыққан ұлдарын сұңқарға теңейді, әншілерін – бұлбұлға, батырларын – бүркітке, сұлуларын – аққуға.(слайд)
Буркіт –қорғауға алынған, саны аз ірі құс. Қазақстанда таулы жерлерде қоныстанады. Қазақ халқы «Аспан перісі, қанаттылар ханы» деп құрметтейді. Біздің туымызда да орын алған.
Аққу – қорғауға алынған, өте сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Аққу 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады.
3.Батыр және сұлу болам десеңдер осы екі құстың тапсырмаларын орындаңдар.(слайд)
II Ауызша:
Жүзд., онд., бірл. атаңдар – 600, 287, 872.
Сандарды атаңдар:
5жүзд. 2онд. 1бірл.
8жүзд. 6онд. 3бірл.
9жүзд. 9онд. 0бірл.
Қосындының мәнін табыңдар: (карточкалар көрсету)
3жүзд.+2онд. + 5бірл.
5жүзд.+3онд.+5бірл.
7жүзд.+7онд.+7бірл.
Міне, ұлдар батыр болды, ал қыздар сұлу болды.
III Білімді тиянақтау
Сурет қандай мысалға арналған?(слайд)
Авторы кім?(С. Көбеев. Түлкі мен қырғауыл)
Қырғауыл - әдемі құс, салмағы 720 – 1800г. Су қоймаларында тіршілік етеді. Тез ұша алмайды, жылдам жүгіреді.
Қырғауылдың тапсырмасы.(слайд)