Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет137/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Қазақ қалай мәңгүрттенді?
саясатын толассыз жүзеге асырып жатты. Бұл 
саясаттың айғақты нәтижесі - 49 ұлт пен ұлысқа 
шашылып кеткен түркі халықтарының алпыс жылдан 
астам уақыт ішінде 27-сінің тілі «өлі тілге» айналса, 
16-сы Ресей мен Қытай империясының қол астын- 
да ашық ассимиляциялы қ саясаттың диірменіне 
тартылуда. Ал тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ пен 
қырғыз халқы өз ана тілін мемлекеттік тілге айнал- 
дыра алмай, өз ішінен шыққан мәңгүрттерімен алы- 
сып, жағаласумен өмірі өтіп келеді.
Бүгінгі Ресей федарациясы қаласын-қаламасын 
осы нәсілшіл шовинистік саясатты ұстанып, ұлттық 
округтарды жоюға бағыт алуын Мемлекеттік дума- 
ның депутаты Алексей Митрофанов «Идея упразд- 
нения национальных республик давно овладела 
умами отдельних политиков. «Пионером» считается 
В. Жириновский, предлагавший оставить в стране 
не то 15, не то 30 губерний - и никакого большевит- 
ского «национально-территориального деления», -
деген нәсілшіл ш овинистік пиғылдағы мүддені 
аңсайды. Ресей федерациясын адам құқығын аяққа 
басу, ұсақ ұлттар тілі мен мәдениетіне қысым жасап 
ассимиляцияға түсіру, жастары ның неоф аш истік 
пиғылға берілу қылығын халықаралы қ қоғамдық 
ұйымдардың қатты сынға алуы - шөптің басы жел 
тұрмаса қимылдамайды деген ұғымға меңзеп тұр.
Бұл пиғылдың жазылмайтын дерт екенін бір кез 
де Қазақстанды басқаруға келген Колбиннің депутат 
М. Шахановпен «іштей» сырласқанда: «Енді айта- 
йын. Сіздер қанша тырыссаңыздар да қазақ тілін 
мемлекет тілі жасай алмайсыздар... 250 жыл бой- 
ына Ресейдің қол астында келесіздер ғой. 
Қашан


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ұлт ретінде жойылып, өздеріңіз түгел орысқа
айналып кеткенше, 
осылай қаласыздар. Құрсаудан 
шығуға ұлы орыстық шовинизм жібермесі айдан 
анық. Өйткені Сіздер орыстарға ете тиімдісіздер... 
Енді ана тілін жеке басында немесе отбасында 
жойып алған, әр салада билік басында жүрген 
қазақтарды ң 
езі-ақ 
сіздерге 
ана 
тілдеріңізді 
мемлекеттік тіл жасауға жол бермейді», - деп «ағы- 
нан жарылуының» езі-ақ бар мәселенің құпияланып 
келген саяси сырының астарын ашып беріп отыр. 
(«Қазақ әдебиеті», 08.12.2006 ж.). Бұл мәселе бүгінгі 
Ресейдің қол астында қалған түркі халықтарының 
басына түскен тарихи қасірет екені айтпаса да 
түсінікті жайт. Осыдан кейін кеще болып кетпе- 
се, мәңгүрттенуден арылуға ұмтылған әр қазақтың 
намысы оянып, тұбін ойланып әрекет етер заманы 
келді емес пе?!
Енді кімге қарайлаймыз?
2007 жыл


256


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет