258
Су басынан тұнар болар!
жартысында Орта Азиялық Бүқара
эмираты мен
Қоқан, Хиуа хандықтарын екі-үш жыл іш інде-ақ
опай-топайын шығарып, бодандық құлдық қамытын
мойнына кигізіп үлгерді. Жергілікті халықпен іштей
қарым-қатынас жасау үшін әрі оларды біртіндеп оры-
стандырып шоқындыру мақсатымен
орыс-түзем
мектептерін ашуды қызу түрде
қолға алып, жүзеге
асыра бастады. Мысалы, Сырдария губерниясының
тұңғы ш
генерал -губернаторы
фон
Кауф ман
Перовскідегі (Ақмешіт) орыс-түзем мектебін көзден
өткізіп тексеру үшін келді. Бұратана халықтардың
балаларын орыс тілінде оқытып жатқан мектептің
дәрісіне кіріп, балалардың орыс тілін жақсы меңгеріп
жатқанына ризаш ы лы қ білдірді.
Бірақ қоңырау
соғылып, балалар далаға шығып ойнап жүргенде,
олар тек қазақ тілінде сөйлеуіне назар аудара
қарады. Неге олар өз тілінде сөйлейді, не себепті
олар өздері оқыған орыс тілінде сөйлеп ойнамай-
ды? Олар өз тілін ұмытып,
тек орыс тілінде ғана
сөйлеп кетуі үшін не амал қолдану керек? Отаршыл
генерал ойланды, ойланды да бір байламға келді.
Ол байламы аралас мектепте орыс балалары мен
қазақ балаларын бірге қосып оқытып, орыс тілінің
сөйлеу ортасын орнықтыру керек деген байлам
болды.
Сөйтіп орыс, қазақ балаларын араластыра
оқыту қажет деген кеңес берді. Келесі жылы ол осы
ойының жүзеге асуын тексеруге генерал-губернатор
арнайы түрде қайта айналып келіп, олардың ойын
үстіндегі сөйлеу тілін бақылады.
Балалар енді
қоңырау соғылған соң далаға шығып, бәрі де орыс
балаларымен араласып, орысша сөйлеп ойнап
жатты. Мақсаты жүзеге асқанына дән риза болды.