Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
317
Фамилия сөзі латын тілінде «семья»
деген ұғым-
ды білдіреді. Еуропа тілдеріне кең тараған бұл кірме
сөз о баста француз, неміс тілдерінен орыс сөздік
қорына «семья», «әулет», «ру», «тұқым», «үрім-
бұтақ», «зәузат» мағыналарында еніп, кең қолда-
нысқа түскен (В. Даль «Толковый
словарь живого
великорусского языка», СПб., 1982. Т. 4., 532-бет).
Фамилияға жалғанатын «ов» қосымш асының
шығу төркіні жөнінде ғылымда әр түрлі жорамалдар
бар. Белгілі түрколог Н. А. Баскаковтың түсіндіруін-
ше «-ов» көне қыпшақ тіліндегі кісі аттары мен әке
атын (отчество) жасайтын бір буынды «оба, опа»
сөздерінен қалыптасқан. Ал А. Зайончковский
және басқа ғалымдардың пікірінше, түрік
тіліндегі
«оба» немесе «аба-абу» сөздері, «ру», «тұқым»
дегенді, сондай-ақ үлкен адамды құрмет тұтуды
білдіретін «аға» мәнін білдіреді. Сөз тудырушы
«-ов» қосымшасының қазіргі фамилия немесе әке
атын жасауға дейінгі қызметі заттың біреуге тиесілі,
тәуелді екенін аңғартқан. Орыс тіліндегі жазба
деректерде сақталған «отцов пиджак»
деген сияқты
сез тіркесіндегі «ов» осының айқын мысалы деп
дәлелдейді В. А. Никонов және басқа да ғалымдар.
Бұларды еске алудағы мақсатымыз - сүтпен
кіріп, сүйекке сіңген, атадан балаға, ұрпақтан ұрпақ-
қа жеткен аты-женімізді (кісі есімі, әкесінің аты,
фамилиясы) халқымыздың дәстүрлі атау әдебін
сақтай отырып жазу керектігін айту.
Қазақстанда
тууды тіркеу тәртібінен бастап кәмелеттік жасқа жет-
кен әрбір азаматтың жеке басын куәландыратын
төлқұжатына дейін дәйектерде аты-жөнді жазғанда
Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңының 28-бабы негізге