Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет169/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

«Ов» туралы
Ат қойып, айдар тағып мәпелеген жас ұлан ес 
біліп, етегін жаба бастағаннан халықтың ырым- 
сырымы, әдет-ғұрпы, дәстүрінен бір сәт те қағажу 
қалмай, құмға сіңген судай әлгі заң-жосық бойы- 
на дарып, «көрмегенді көнеден сұра, көне білмесе, 
кеп жүргеннен сұра» деген аталы сезді қағида 
тұтып өседі. Қазақ баласы жетіге толғанша ата тегін 
таратып, жеті атасын білуді бұрынғылар құдайдың 
сөзіндей санасына ұялатып, қасиетті міндеті сана- 
ған ғой. Халықтың «Жеті атасын білмеген жетесіз», 
«Жеті атасын білген ұл - жеті жұрттың қамын жер; 
Өзін ғана білген ұл - құлағы мен жағын жер» 
деген аталы сөзі де осыған айғақ. Тіршілік-қарекеті 
мал шаруашылығымен байланысты болған, жер 
ыңғайына орай көшіп-қонып отырған сайын дала 
еркебұланы ның алғашқы жүздесуде-ақ бір-біріне 
«Қай елсің?», «Сүйегің кім?», «Атаңның аты?»... деп 
барып ұғынысатын. Бұл жөн сұрасу жергектен бойға 
сіңген, езін-езі куәландыратын қазақы «паспорт» 
қызметін атқарған.
Тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқының 
шығу тегін, рулық-ұлыстық сатыдан өтіп, халық 
болып құралу кезеңдерін зерттеуінің бір езі бұл тұр- 
ғыда бірыңғай пікірге келе алмай жүргені белгілі. 
Сахараны түрлі мақсаттармен шиырлай кезген талай 
жиһанкездер ата-бабамыздың тарихына байланыс- 
ты құнды-құнды мәліметтер қалдырған. Өкінішке 
қарай, осы еңбектерді там-тұмдап жинастырып, 
халық кәдесіне жарату әлі қолға алынған жоқ. Бірақ 
оларды жинақтап, жүйелемей болмайды. Сонда 
бәріміздің де шынайы тарихымыздың ақиқатына көз 
жеткізуімізге мүмкіндік туар еді.


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Халқымыз өз ғұмыр тарихында талай зобалаң- 
ды, түрлі жағдайды басынан кешірген. Патша екіметі 
қол астына қараған қазақ халқының есімін «киргиз» 
деп бұрмалап айтудың түп-төркінінде үлкен астарлы 
саясат жатқанын екінің бірі біле бермейді.
Орта ғасыр басында араб басқыншылары жау- 
лап алған елдерін кемсітіп «ажам» десе, патша 
отаршылдары «бағындырған» халықтарын «бұрата- 
на», «инородцы», «туземцы» деп басынған. Бұл 
жөнінде Сәкен Сейфоллаұлы: «...қазақ халқын оңай 
қаратып алған соң, орыс патшасының төрелері, 
жасауылдары қазақты біртүрлі қор, мүгедек, мақау 
жануар деп санап, «киргиз» дегенді біртүрлі мен- 
мендік қияпатпен, қорлаған мазақпен айтатын 
болды. Ақ патшаның «шарапатына» мәз болған мыр- 
залар қазаққа жоғарыдан төмен қарап, тұмсығын 
кекірейтіп, пысқырып, «киргиз» дейтін болды...», -
деп жазған екен. Өткен ғасырда Шоқан бастап кеше- 
гі Сәкенге дейінгі аралықта көп оқымыстылар қазақ, 
қырғыз екеуі екі басқа этнос екенін дәлелдегендік 
тен де, халқымыз атының дұрыс жазылып, айты- 
луын орнықтыруға қол жетті.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 20-жылдарда 
ғана қазақ зиялыларының еңбегі жанып, тілге, ділге 
халықтық, ұлттық мүдде тұрғысынан шындап ықы 
лас қойыла бастады. Осы он жылдықтың ішіндегі 
елеулі оқиғалар қатарына қазақ елінің автономиялы 
республика болып танылып, қазақ тілінің мемлекет- 
тік мәртебе алуы жатады. Одан кейінгі халық басына 
түскен нәубеттер мен зұлматтардың қасіреті қазақ 
ұлтын тарихтан өшіріп жібере жаздады. Халықтың 
мың жылдық тарихы өрнектелген жазуы да бірнеше


314


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет