Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет165/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
305
моңғолдардың төре атанып, арабтардың қожа ата- 
нып кетуі түрік халықтарының рухани тегеурінді 
ықпалын айғақтайды.
Түркістан өлкесіндегі қазақ жеріне алтыншы рет 
сұрапыл басқыншылық жорыққа шыққан қалмақтар 
еді. Қалмақ билеушілері екі империяның, яғни қытай 
мен орыс билеуш ілерінің қолдауымен от алғыш 
мылтық және зеңбірекпен қаруланып, 1723 жылғы 
қанды жорықта қазақ елінің үштен екісін қырып 
салды. Екі империя ашықтан ашық жабайылар- 
ды жабайының қолымен қыру саясатын ұстанды. 
Бұл саясат сол тұста-ақ Қожаберген жыраудың 
«Елім-ай» дастанында әшкереленген еді. Қалмақтар 
қазақ жерін түгелге жуық басып алса да, олар 
идеологиялық ықпал жасай алмады. Олар қазақ 
елімен ғасырлар бойы қоңсы қонып, жақын тұрса да, 
қыз беріп, қыз алысып жатса да бірлі-екілі ауысқан 
кісі есімдерінің ұшырасқаны болмаса, көзге түсер 
ерекшелікті көре бермейміз. Қалмақтар ж еңіліс 
тауып, бір бөлігі қазақтармен араласып сіңісіп, қазақ 
есімдерін қабылдап кетті. Антропонимдік өзгерісті 
қалмақтар да жасай алмады. Түрік халықтарының 
жеріне ең соңғы, жетінші рет сұмдық басқыншылық 
жорық және көлемі жағынан ең үлкен жорық Ресей 
империясы тарапынан болды. Орыс отаршылда- 
ры да, арабтар сияқты, жерді жаулап алумен бірге 
алысты көздеген идеологиялық саясатты саналы 
түрде мемлекеттік деңгейге көтеріп, ұзақ жылдар 
бойы халықаралық жағдайға қарай аса ұрымтал 
айла-тәсілмен жүйелі түрде жүргізіп келді.
Ресей империясы түрік халықтарын өз дініне 
шоқындыру арқылы орыстандыру саясатын мемле-


306
Адам есімінде астар бар.
кеттік деңгейде жүйелі түрде жүргізу саясатына 
алдын ала даярланды. Бүлай етуге олардың ерте 
кезден басталған шоқындыру саясатын жүргізуде 
жинаған айтарлықтай тәжірибесі де болатын. Алтын 
Орда мемлекеті қүлап, Мәскеу княздігі біртіндеп 
басқа ұсақ халықтар жерін басып алып кеңейтумен 
бірге оларды шоқындыру арқылы орыстандырып 
жіберу саясатын жүзеге асыру жолында айтарлықтай 
тәжірибе жинаған еді. Әрі шет елдегі отаршыл 
империялардың жаулап алған жерін идеологиялық 
жағынан қалайш а тез меңгеріп алып, олардың 
ұлттық санасын зым-зия ешірудің айла-шарғыларын 
үйреніп, ең ұрымтал тұстарын ретіне қарай қолданып 
та жатты. Ресей империясы өзге халықтың жерлерін 
отарлағанда отаршылдықтың ең жұқсыз әдістерін, 
яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет