Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет161/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
297
арқылы іске асырып, латыншаны Н. Төреқұлов 
қолымен жүзеге асырды. Қазақтардың саны жағынан 
ойсырап түсуін 1920, 1926, 1937 жылдардағы халық 
санағының нәтижесі тайға таңба басқандай көрсетіп 
берді.
6. 
Алтынш ыдан, зорлап колхоздастыру мен 
1932 жылғы ашаршылықтан ұрпағын аман сақтап 
қалу мақсатымен қазақтар шетелдерге жаппай қаша 
бастады. Өсіп-өнуі жағынан олардың саны жыл 
өткен сайын көбейіп, 5 млн-ға дейін жетіп отыр. 
Олардың млн-ға жуығы туған ата-жұртына оралса, 
қалғандары әлемнің 40-тан аса мемлекеттерінде 
өмір сүріп жатыр.
Шетелде өмір сүріп жатқан қазақтардың бүгінгі 
күндегі саны - 4,5 млн. Түрлі саяси-әлеуметтік сапы- 
рылыста қазақ жерінің бір бөлігі жырмаланып, Ре- 
сей, Қытай, Өзбекстанға қосылып кетуіне байланы- 
сты, ол жерде өмір сүріп отырған 3 700 000 қазақты 
диаспора ұғымынан бөлектеу қараймыз. Бұлардың 
бәрі де өзі туып-өскен атамекенінде отырса да, ол 
жерлер Ресей, Қытай, Өзбекстан мемлекеттерінің 
қол астында қалып кетуі себепті де, оларды диаспо- 
ра ретінде қарауға болмайды. Ал 40-тан астам шет 
елде өмір сүріп отырған 800 000-дай қазақтарға ғана 
біз шын мәнінде диаспора ретінде қараймыз.
Шетел 
қазақтары 
қандай 
саяси-әлеум еттік 
сапырылысқа түссе де саны жағынан баяу түрде 
біркелкі өсу жолында болғанын байқаймыз. Ал 
Қазақстанда өз жерінде тірш ілік еткен қазақтар 
Орталықтың тікелей бақылауында болуы себепті 
қашан көштің басы түзелгенше саны жағынан ұзақ 
жылдар бойы (1917-1957) үнемі азайып, оталып


298
Халық санағының астарлы сыры үн қатса..
отырған. Патшалық Ресей водворения саясатын 
жүзеге асыруға, яғни жаулап алып, отарланған 
жердегі орыс шаруаларының санын артыруға бар 
амал-айласын қолданудан тартынбады. Мұндағы 
мақсаттардың бірі - келімсектердің саны артқан 
сайын жерін 
иемденуде бұратана халықтарға 
үстемдігі артып, оларды шоқындырып, орыстанды- 
ру үдерісін де жылдамдату болатын. Осы мақсатты 
орындауға таза миссионерлік ниетте құрылған ара- 
лас(оры с-түземдік) м ектептерде қызу ат салысты. Ал 
дәл бүгінгі тәуелсіздік алған күндері түрік халықтары 
арасында ашылған аралас мектептер саны таусы- 
луға бет алса, ол Қазақстанда артып келеді. Қазақ- 
стан Республикасындағы ірілі-ұсақты 8 мыңдай 
мектептің 1777-і таза орыс тілді мектеп болса, 2068-і 
аралас мектеп болуы нені көрсетеді? Қазақтар ез 
жеріндегі саны бүгінде 67%-ға жетсе де, таза қазақ 
тілді мектептер саны 50%-дан аспай отыруы да 
мәселенің түп төркінін айқындап тұр. Тәуелсіздік 
жылдарында жаңадан 900 қазақ мектебінің ашы- 
луы - біздің үмітіміздің бағдары айқындалуы деп 
болашағымызға сенуліміз.
2009 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет