Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет157/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
үкіметінің саналы түрдегі қазақтарға қатысты теріс 
пиғылды әрекетін біліп, содан зерттеушінің назарын 
басқа жаққа аударып жіберуге тырысуы көп нәрсенің 
астарлы сырын аңғартады. Өткенді танып білмей, 
алдыңды, бағыт-бағдарыңды нақтылы болжау қиын. 
Осы себепті өткенді білу қай кезде болса да қажетті- 
лік, оны уақыт талап етеді. Тіпті, қазақ халқының 
республика қалаларына орналасу жағдайына дейін 
Мәскеудегі орталықтың үнемі қадағалап, назарда 
ұстап отыруы да бізге деген сенімсіздік саясаты бола- 
тын. Анау-мынау емес, мүйізі қарағайдай СОКП ОК 
Саяси бюросының белді мүшесі Соломенцевтің өзі 
ҚКП ОК бюросында желтоқсан оқиғасына байланы- 
сты сөйлеген сөзінде: «Бұл не деген сұмдық! 
Белгілі
нұсқауларға 
қарамастан Алматы қаласындағы 
қазақтардың саны 20%-дан асып кеткен», - деп 
әкіреңдеуінің астарында қазақ халқы туралы арнайы 
түрде берілетін «белгілі нұсқаулардың» сырын ашып 
беріп тұр емес пе?
Соломенцев пікірі жанашырлықтың емес, сана- 
лы түрдегі қаскөйліктің пиғылы. Оның тамыры өткен 
тарих желісінде жатыр. Мысал ретінде алатын 
болсақ, ол Кавказ бен Қырымды жаулап алған Ресей 
империясы ұстанған саяси мақсатпен ұштасуында 
жатыр. Кавказды жаулап алуға тікелей қатысқан 
атақты генерал Н. Н. Раевскийдің соғыс министрі 
А. И. Чернышовқа жазған қызмет хатында: «Амери- 
каны алғаш жаулап алушы еуропалықтар үндістер- 
ді қалай қырғынға ұшыратса, біздің кавказдағы 
іс-әрекеттеріміз де содан бір де бір кем болмай 
отыр... Сондықтан мен кетемін. Мұндай сұмдыққа 
жаным төзе алар емес» (А. В. Фадеев. Россия и


290
Халық санағының астарлы сыры үн қатса.
Кавказ. Москва, 1910, с. 302), - деп жазуы Кав- 
каз халықтарын соғыста қынадай қырған аяусыз 
жауыздыққа шыдай алмаған шындықтан туып отыр. 
Бұл ойлы генералдың пікірі болса, сол Кавказ 
соғысын көзімен көрген орыстың ұлы классик ақыны 
А. С. Пушкиннің: «Отаршылдар жергілікті халықты: 
авар, құмық, қарашай, шешен, ингуш, дарғын, балқар, 
кабарда, шеркеш, лезгін, адық, лак, ноғай, тукхум, то 
басарандарды атамекендерінен қуып, бұл жерлер- 
ге ішкі Ресейден лек-легімен ағылған казачествоны 
қоныстандырды. Шеркештер кеп қырылды. Кейбір 
тайпалар тұтастай жойылып кетті» (А. С. Пушкин. 
Собр. сочинений в десяти томах. Т. 7. Москва, 1984, 
с. 302), - деп жазуы арқылы Ресей империясының 
ж ауызды қ іс-әрекетін әлем алдында әшкерелеп 
отыр. Осы саясатты Кеңес екіметі жалғастырып, 
соғыс кезінде, 1944 жылы, жерді тазарту үшін Кавказ, 
Қырымдағы мұсылман халықтарды тұтас депорта- 
циялап, қоныс аудартып, қырғынға ұшыратты. Кеше 
ғана болып өткен шешен соғысында Ресей үкіметі 
үшінші рет шешендерді қанды қырғынға ұшыратса, 
осетиндер мен абхаздықтарды Грузиядан заңсыз 
ажыратып отыр. 1926 жылы Кеңес одағында 194 ұлт 
болса, ал 1991жылы 101 ұлт қана қалып, 93 ұлттың 
жұтылып, жоқ болып сіңісіп кетуі - мойны жуан 
Ресейдің дәстүрлі қатігез отаршылдық саясатының 
жалғастық табуы болып отыр. Қазақ, ноғай, қырым 
татарлары Кеңес өкіметінің ерекше назарына алы- 
нуы - ұлттың тағдырына қасіретті өзгерістер әкелді:
1) 
Ресейдің өкпе тұсында орналасқан Ноғай 
хандығы құлаған соң, ноғайлар күшпен шоқын- 
дыры лып 
оры станды рылды. 
Ақыры орыстарға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет