Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет159/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
өздерінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдырды. 
Жергілікті халықты түрмыстық, ұлттық қанау арқылы 
құнарсыз шөлейт жерлерге ығыстырып, аса қауіпті 
жағдайда қалдыруы себепті чиновник Балкашин 
сияқты ерекше тапсырма жүктелген чиновниктер: 
«Империяға жер керек, қазақ қайда кетсе онда 
кетсін», - деген сезді ашық айта бастады. Қазақ хал 
қын Ресей империясы мен Кеңес үкіметінің ерек- 
ше қысымға алып, жыл өткен сайын санын азайтып, 
отап отыруының белгілі себептері болса керек-ті. 
Мен оның алты түрлі себебі бар деп қараймын. 
Олар:
1. 
Бұл әрекет, біріншіден, жер отарлау саяса- 
тының осындай жүгенсіз әрекетін ез кезімен көріп 
өскен ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:
Түбінде құруыңа елден ерек,
Мен айтайын болады 
жерің
себеп, -
деп қазақ жерінің ит талаған терідей тоз-тозы шығып 
жырмалануы - халықтың жыл өткен сайын саны азай- 
ып, құрдымға түсіп құруына алып келерін сезгендіктен 
айтқан еді. Өйткені болып өткен соғыстардың бәрі 
де жер үшін болатыны талас тудырмаса керек.
2. 
Екіншіден, ұлан-байтақ қазақ жерін, яғни 
апайтөс алып даланы Ресей империясы әр түрлі жол- 
дармен бір жарым ғасырға жуық уақытта әрең жау- 
лап меңгерді. Өйткені қазақ жері Азияны жайлаған 
басқа түрік-моңғол халықтарының жау өтіне ұстаған 
темір қалқанына айналуы -
отаршылдардың жо- 
лын байлап тұруы оларды қатты ашындырды. Қа- 
зақтардың белін сындырып, ұлттық рухын жаншы- 
майынша түпкі ұлы мақсаты - отаршылдыққа жетуі 
неғайбыл екенін білді. Бұған I Петр патшаның сөзі


294
Халық санағының астарлы сыры үн қатса...
айғақ. Осы себепті әр қилы саяси айла-шарғыларды 
қолдану арқылы қазақтардың өсіп-өнуіне жол бер- 
мей, біртіндеп олардың санын қысқартып, жыл өткен 
сайын отап отыру саясатына жол берді.
3. Үшіншіден, Ресей отаршылдары қазақ жерін 
жаулау арқылы Түркістан өлкесіндегі хандықтарды 
1-2 жылда жаулап алып, бодандыққа түсірді. Олар 
екі елді (Қазақстан мен Түркістан өлкесін) салысты- 
рып, Қазақтардың 
үлт т ы қ санасы
жоғары болса, 
Түркістандықтардың ұлттық санасы жоққа тән екенін 
көрді. Қазақ жеріне 150 жылдай шабуылдағанда, 
қазақ батырлары қарулы қолмен барлық жерде 
қарсылық жасап, басқыншылардың бетін қайтарып 
отырса, өзбекхандықтары бірінен со ң бірі құлағанда, 
не өзбектің, не тәжіктің, не сарттың бір батыры 
да қарсылық көрсете алмауы - олардың ұлттық 
санасының жоқтығын танытты. Ресейге ең қауіпті 
жау енді елін, жерін сүйген ұлттық санасы жоғары, 
еркіндікте өмір кешкен қазақ халқы болып шықты.
Қазақтар үшін Ресейдің ендігі ұстанар саяса- 
ты - олардың ұлттық санасын өшіріп, рухани тамы- 
рынан қол үздіру үшін шоқындыру арқылы орыстан- 
дырып мәңгүрттендіру арқылы тобырға айналдыру 
және жыл өткен сайын санын азайтып, отап отыруға 
бағыт алды.
4. Төртіншіден, қазақ халқының оқыған зиялы 
ұлдары 
1905-1917 жы лдар аралығында Түрік 
бірлігін қолдап Алашорда партиясын құрып, авто- 
номия сұрауы - отаршылдарды шоқ басқандай шо 
шытты. Осы жылдары Думаның депутаты Марков 
қазақтарды Шыңғысхан мен Темірланның ұрпағы 
ретінде, американды қтар қызылтерілі үндістерді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет