Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет154/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Су басынан түнар болар!
күн өткен сайын баяу түрде болса да ез орнын ала 
бастауымен қоғамның рухани ұйтқысына айналары- 
на сенім нық.
Су басында тұрып, мемлекеттік тілді лайлап 
жатқан аралас балабақшалар мен қаптаған аралас 
мектептерді жағдайға, уақытқа, орнына қарай оты- 
рып біртіндеп үйлесімін тауып таратпайынша, яғни 
су басынан тұнбаған соң мемлекеттік тілдің орнығуы 
мен басымдық етуінің ауылы алыс екенін ойланатын 
және шешуші әрекет етуге кірісетін уақыт жеткенін 
Білім және ғылым министрлігі назарда ұстар деп, 
нәтижесін күтеміз!
2007 жыл


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Халық санағының
астарлы сыры үн қатса...
Қазақстан тарихында 1897-2009 жылдар аралы- 
ғында он бір рет халық санағы өткізілген бола- 
тын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897 жылғы, 
1911 жылғы) патшалық Ресей заманында, яғни 
бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық 
кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан 
жүргізілді. Отарланған елдер арасында қазақтар 
арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында 
орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген 
мөлшерді ұстанды. Халық санағын өткізуде әр отба- 
сы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары 
тарихында көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін 
белгілі болатын. Мысалы б.з.д. Үйсін қағандығында 
әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан 
еді. Ал 751 жылы Талас өзені бойындағы болған 
араб империясы мен Қытай империясы арасында


284
Халық санағының астарлы сыры үн қатса.
болып өткен сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын 
соғысқа Түркеш қағандығы да тікелей араласқан 
еді. Екі империя арасында қысымда қалған Түркеш 
қағандығының уақыт пен жағдайға байланысты екі 
империяның біреуін жақтау қажеттілігі туды. Егер 
Қытай армиясы жағына шықса, қытайлар кетпей, 
жерге орнығып қалуынан сескенеді. Ал, араб армия- 
сын жақтаса, олар ислам дінін енгізіп, армиясы кері 
қайтаратындықтан, Түркеш мемлекеті мүддесі үшін 
таі-щау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ 
бір-біріне бата алмай тұрғанда қытайларға қарсы 
майданды Түркештер ашты. Осы Түркештер сар- 
баздарына шымыр тайпасынан 20 мың атты сар- 
баз қосылғаны тарих ғылымдарының кандидаты, 
белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетханның «Түркештер» 
деген ғылыми еңбегінде аталып көрсетіледі. Түркеш 
армиясына әр отбасынан бір сарбаз алып отырған. 
Егер отбасында сарбазға жарарлық жалғыз бала 
болса, ол отбасының түтіні өшіп қалмауы үшін 
сарбаздық міндетінен босатылатын дәстүр болған. 
Сонда халық санын білудің тәсілі әр отбасынан 
алынған 
сарбаздар санына 
қарай 
анықталып 
отырған. 1897 жылғы, 1911 жылғы қазақтар ара- 
сында Ресей империясы жүргізген халық санағында 
әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан бола- 
ды деген мөлшерді негізге алған болатын. Бірақ 
1897 жылғы халық санағында қазақтар жайлаған 
ұлан-байтақ жерлер тұтас қамтылмаған еді. Әрине, 
шегараның ар жағындағы қытай, моңғол қазақтары 
да есепке түспей қалған болатын. Осының өзінде 
Ресейдің қол астындағы қазақтардың саны -
3 787 000 адам деп көрсетілсе, 1911 жылғы санақта




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет