Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Енді б.д. \/-\/ІІІ ғасырлардағы Түрік қағанаттары
дәуіріндегі заманда да түрік антропонимдеріне
езгеріс енбеген, бастапқы түріктік қалпына сақтап
қалған ерекшелікті кереміз. Орта ғасырлық Орхон
жазба ескерткіштеріндегі түрік қағаны Білгенің түрік
халықтарына арнау сөзінде осы мәселеге назар
аударып өтетіні бар. Екі аралықтағы қарым-қатынас-
та бір-біріне деген идеологиялық оқшаулану сая-
саты қатты үсталған. Бірақ қытай елі жағынан түрік
халықтарын өзіне тарту, әр қилы айла-тәсілдермен
өз салт-санасын енгізу әрекеттері болғанын аңғара-
мыз. Яғни түрік қағандығы осы әрекеттің салдары-
нан сескенген. Сондықтан өз халқын сырттан бола-
тын идеологиялық қысымнан сақтаудың жолын
қарастырған. Дербес тәуелсіздік саясатын үстануы
себепті, жеке кісі есімдеріне ешқандай өзгеріс
енгізбестен таза түріктік қалпын сақтап қалған.
Түрік халықтарының тарихи тағдыры сөз етілгенде
біздің тағдырымыз негізінен тарихтың қалыптасқан
үш бүрышына байланысты шешіліп отырған. Яғни,
біріншіден, қытаймен, екіншіден, иран, араб елімен,
үшіншіден, Ресей және еуропалық елдермен бай-
ланысты шешім тауып келген ерекшелікті кереміз.
Мысалы, түрік халықтарының сан ғасырлар бойы
бетпе-бет тарих тоғысында қытайлармен қарым-
қатынаста болып келгенін бүгіндері көне қытай
деректерінің ана тілімізге аударылып, тіл қата баста-
уынан көріп, ұғынып отырмыз.
Қытайлардан кейін түрік халықтарының тікелей
тарихи қарым-қатынаста болған екінші тарихи
бұрышы - жүздеген ғасырларға созылған Иран,
араб халқымен болған қарым-қатынас. Тұран жеріне
302
Адам есімінде астар бар.
екінші рет
басып алу жорықтарын парсылар жасаған
еді. «Авесто» мен Фирдоусидің «Ш аһнамасына»
назар аударсақ бүл қары м -қатынастың деректі
айғақтарын, қажетті дерек мағлүматтар көзін тауып
отырамыз. Түрік халықтарының топонимдері мен
антропонимдерінде ирандық қарым-қатынас кезінде
аз болса да өзгерістер болғандығын көреміз. Иран-
Түран арасында болып өткен тарихи тайталастың
нәтижесінде бүл халықтар тілі, ділі, діні жағынан бір-
біріне ықпал етіп отырғаны туралы дерек көздерінің
ізі тарихта сайрап жатыр. Осы тұста алғаш рет түрік
халықтары антропонимдеріне парсылық антропо-
нимдер элементі кіріге бастауы құбылысын аңғарса
болады. Әрине, мұндай құбылыстар жаппай болма-
са да, ішінара көрініс бере бастағаны да рас. Мыса-
лы, Салар, Тахмина, Рүстем, Афрасияп, Аспарух
т.б. Бұл құбылыс арабтар парсыларды жаулап алып,
ислам дінін таратқан тұста тіпті күшейе түскенін
көреміз. Бұрындары, Тұран тәңірлік нанымда болса,
парсылар отқа табынатын заростризм нанымын
ұстанған тұста, антропонимдік өзгерістер тым аз, тым
сирек ұшырасатын болса, кейіннен түрік халықтары
мен парсы жұрты екеуі де исламды қабылдаған соң,
екі арада діндік алшақтықтың болмауы себепті, кісі
есімдері бір-біріне еніп, ортақ құбылысқа айналған
жағдайды көреміз. Бұл құбылыс бүгін де жалғасын
табуда. Бірақ белгілі бір отаршылдық мақсатпен,
мемлекеттік идеология арқылы күшпен енгізу саяса-
тын қолдану мақсаты анық байқала бермейді.
Тұран жеріне ерте заманнан біздің заманымызға
дейінгі ғасырлар ағысында жат жұрттықтар жеті рет
басқыншылық жасап, қанды жорықтар ұйымдасты-
|