304
Адам есімінде астар бар.
кітап ашып қою дәстүріне сай араб аттары молынан
қойыла бастапты. Түрік халықтарына тән кісі аттары
осы кезден бастап жаппай өзгеріске ұшырап, ең ауыр
соққы да осы тұста беріліпті. Өйткені, дүниетанымы
мен өзіндік монотеистік тәңірлік дінге нану сенімін
өзгерту арқылы жаңа исламдық дінге енуі,
ұлттық
жазу таңбасынан айырылуы халықтың тарихи жадын
өшіріп, түрік халықтарын маригиналдық санаға
ұрындырыпты. Адам есімдері де арабтана бастады.
Түркістан жеріне бұрын-соңды болмаған қанды
жорық бесінші рет Шыңғысхан бастаған моңғолдар
тарапынан болғаны тарихтан белгілі. Бірақ, бұл
басқы нш ы лы қ ж оры қты ң басқалардан бір зор
айырмашылығы бар. Өйткені, басқалар, мысалы,
арабтар, орыстар сияқты жерді жаулап алумен бірге
елдің санасын да жаулап алу үшін идеологиялық
саясатты қатты қолданған болатын. Сол арқылы
халықтың тарихи жадын жойып, маригиналды санаға
алмастырған еді. Ал Шыңғысхан әлемнің жарты-
сын жаулап алса да, бір де бір халықтың тіліне,
діліне, дініне, ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрпына
өңмендей қол салған емес. Мысалы,
бұл саясат
үш жүз жыл бодандықта болған славяндардың тілі
мен дінін, ділін сақтап қалуы мен ұлттық санасының
оянуына зор тірек болғанын қазір өздері де мо-
йындай бастады. Міне, осы себептен моңғолдар
тарапынан түрік халы қтары ны ң антропонимдік
табиғатына елеулі өзгеріс енді деуге келмейді.
Алтын Орда мен Моғолстан,
Шағатай жеріндегі билік
жүргізіп келген моңғол билеушілерінің өзі ислам
дінін қабылдап, жергілікті халыққа сіңісіп, тіпті өз
есімдерін түрікше антропонимдерге алмастырып,