Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Әдебиет
және топонимика
Әдебиет, яғни көркем сез енері қай дәуір, қай
заманда болса да өмір айнасы болу дәстүрінен қол
үзген емес. Әдебиет, әсіресе,
көркем шығарма
атаулының жанрлары әрқайсысы ез ерекшелігіне
орай қоғамдық өмір болмысының бар саласын мұн-
шалықты жан-жақты әрі терең қамтып сәулелендіре
алуы жағынан теңдесі
жоқ енер саласы деп сана-
лады. Өйткені өнер атаулының бәрі де тек қана
өзіне тән ерекшелігіне қарай қолданылатын сурет-
теу құралдарының әрекет өрісі белгілі бір шеңбер-
де шектеліп отырады. Ал
көркем сөз өнерінің өмір
болмысы мен қоғам тұрмысында орын алған сан
түрлі құбылыс атаулының қай түрі болса да жықпыл-
жықпылына шейін қуалап қамтымайтын саласы
жоқтай шексіздік танытатын ерекшелігі тағы да бар.
Адамзат санасының
ғасырлар бойы біртіндеп