Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет175/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

¥лыстың ұлы күні - наурыздама
сына үйлену салты) түрік тілді мұсылман халықтар 
арасында өріс алды. Бұл құбылыс қазақ өлінің 
алдына да күн тәртібінө қойылған тұста, Есім хан 
шариғат жолына бой ұрмай, қазақ жұртының есте 
жоқ ескі заманнан бері қолданып келе жатқан 
сыртқы некені (эгзогамиялық неке түрі) ұстанып, 
некеге тұруш ылардың жеті ұрпақтан өтіп барып 
шаңырақ тігуін заңға айналдырды. Онда да атақты 
асқақалдарды ң ақ батасын алып, ала арқанды 
кесіп, жауларша сайысқа түсіп, яғни дәстүрлі әдет- 
ғұрыптардың бар талабын түгел орындап барып 
қол жеткізетін болған. Генетикалық тұрғыдан табиғи 
сұрыпталудың елегінен өтетін халықтық танымның 
талғамына сай келуі себептен де «Есім салған ескі 
жол» атанып кете барды.
Міне, ел ішінде, яғни қазақ жұртының ата салт, 
әдет-ғұрыптары шариғат жолына түспей, өзіндік өмір 
соқпағымен жүруі себепті де, қазақ арасында жыл 
сайын мерекеленетін наурыз мерекесі 1926 жылға 
шейін түу бастағы табиғи болмысын бұзбай ұлттық 
мереке мейрам ретінде салтанат құрып келді... Яғни 
М. Дулатовтың айтуынша: «...Наурыз - қазақтың 
шын мағынасында ұлт мейрамы. Наурызды қазақ- 
тан басқа күншығыс жұрттарының көбі... мейрам 
етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда наурыз- 
ды біздің қазақтың мейрам етуі артықша сыйымды
артықша дәлелді» («Енбекші қазақ». 22.03.1923), -
деп ой толғауы жоғарыда айтылған Қасым хан, Есім 
хан салған жол-жобалармен тамырласып жатқан 
дүниетанымды меңзейді.
Бірақ қазақ елінің тұрақты әдет-ғүрпы, салт- 
санасы, ата жолы, әсіресе, қаймағы бұзылмай


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
сақталған көшпелі тұрмысы ислам дініне құлай бой 
алдырмауы себепті, наурызды өмірден қалдырмай 
жаңа жыл сайын күн мен түн теңескен кезде, яғни 
22 наурызда өткізіп отырған. Қазақтар сырттай 
қарағанда қос дінді көрінсе де, көне ата салтын 
ұстанған наным-сенім басым жұрт болатын-ды.
Осы себептен де болса керек, өзінің «Бұқара 
тарихы» деген атақты шығармасында Әбу Бәкір 
ән-Нарш аһи (899-960): «...Кутайба ибн Муслим 
кәпірлік, отқа табынуш ы лық шығармаларды да 
жойды», - деп атап көрсетуінде астарлы терең 
сыр жатыр. Өйткені жергілікті халықты салт-сана, 
ата дәстүрінен көз жаздырып, өткенді еске салар 
халықтың тарихи жадын жойып, мүлде ой-санасы- 
нан шайып өшіріп жіберу үшін, тіпті, алғаш рет 
жер-су, елді мекен, қала, көше, дарбаза, қыстақ, 
ең ақыры төбе, әуіз, тіпті адам атына шейін араб- 
ша қойдырып, бастапқы аталуын халық санасынан 
қуғындап отырған. Бұл әрекет саяси астары жағынан 
қарағанда халықты ң ұлтты қ рухын жоғалтып, 
өткенін үмыттырудағы ислам идеологтарының ең 
сенімді тәсілі болатын-ды. Бір қызығы, осы кәнігі 
отаршылдық тәсілдер патшалық Ресей тарапынан 
да қайталануы - оның тарихи тамырының қайда 
жатқанын меңземей ме? Яғни 1917 жылы жазған 
өлеңінде Құдайберген Жұбанов:
Жалғасып келген бабалардан ұмытылмай, 
Неше түрлі ор, аранға тұтылмай.
Жақсы, жаман - бәрін де бастан кешіріп, 
Замананың не құлқына жұтылмай, -
деп сыр ашқанда, болашақ ғалым Наурыздың өткен 
тарихындағы жолынан хабардар болғандай.


324


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет