Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет201/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
371
тұтастығынан 
айырылды. 
Тортасы 
айырылып, 
жүйкесі үзілген округтарға аға сұлтандар сайла- 
нып жатты. Ел билеу жүйесіне сырттан енгізілген 
жаңа билік атаулары да біртіндеп енумен бірге 
енді отаршылдық топонимдер де жанданып молыға 
түсті. Екінші кезең тұсында Павлодар, Черняев, 
Семей, Николаевка, Кауфманская, Перовск, Вер- 
ный, 
Софьянна, 
Надеждина, 
С ергиополь т.б. 
отаршылдық рухтағы географиялық жер атаулары 
қоздай бастады. Бұлар - жай ғана алысқа көз салған 
империялық отаршылдық саясаттың түбінде қара 
боран боп соғар көз аштырмас ақ түтектің хабар- 
шысындай аязды лебі болатын-ды. Өйткені бұл 
сұсты лептің алай-түлей борандатып ала жөнелуіне 
батыста Исатай-Махамбеттің, орталықта Кенеса- 
ры көтерілісі мен отаршылдыққа деген халықтың 
рухани қарсылығы өз кезінде қол байлау болғаны 
да бар. Қашан екі империя қазақ жерінде бетпе- 
бет келіп, енді одан ары жауланар жер қалмаған 
соң, екі аралықтағы шекара мәселесінде батала- 
сып, дипломатиялық жолдармен келісіп, шегараны 
ресми түрде бекітіп алысты. Енді екі империя да 
тағдыр талқысына түскен қазақ жеріндегі өздерінің 
ішкі саясатына батыл езгерістер енгізе бастады. 
Қазақ елінің жанды қолқасына құныққан қолын сала 
бастаған Ресей патшалығы империялық саясат- 
ты кездеген екі жақты езуді алып келді. Бұл тұста 
саяси-әлеуметтік өмірге өзгеріс енгенімен, басы- 
байлы орыс шаруалары орыс алпауыттарының қол 
астында езілуден зар иледі. Осы себепті де Герцен: 
«...Кімде-кім орыс халқын орыс өкіметінен ажырата 
алмаса, олар еш нәрсені де түсіне алмайды», -


372
Отаршылдық топонимдер
деп, қанаудағы орыс шаруасы мен патша өкіметінің 
арасындағы айырмашылықты қадай көрсетуінің әлі 
күнге дейін маңызы зор. Осы түрғыдан қарай оты- 
рып, орыс өкіметі жүргізген бүратана халықтарды 
шоқындыру арқылы орыстандыру саясатымен қоса 
елді мекен, жер атауларын да өзгертуді қолға алды. 
Бұл үшін ғасырлар қойнауында қалыптасқан қазақ 
елін халықтық тарихи есінен айырмайынша, оны 
келер ұрпақ санасынан жуып-шаймайынша, діттеген 
мақсатына жете алмасын да жақсы ұғынды. Осы 
себепті империялық отаршылдық саясат жан-жақты 
тұрғыдан жүргізілді. Тіпті, ғылым саласының өзінде 
осы саясатөктем дікж асап жатты. Мысалы. Ресейдегі 
шығыстану қоғамының Ташкент бөліміне Түркістан 
әскери округының басшылары: «...Қоғам ...Азияны 
азиялықтар үшін, яғни ғылым, білім үшін үйренбей, 
бұл жердегі халықтардың Ресейге қосылып, сіңісіп 
кетуін, оларды орыстандыру жолдарын үйренбегі 
керек», - деп жазуындағы ектем үннен отаршылдық 
саясаттың суық лебі есіп тұр.
Үшінші кезең 1887-1917-жылдар аралығындағы 
мерзімді қамтиды. Енді Ресей империясы XIX 
ғасырдың екінші жартысына дейін өзі белсене билік 
жүргізіп келген қазақ даласына ислам дінін тара- 
ту саясатынан бас тарта бастады. Енді ресми түрде 
1862 жылдан бастап-ақ қазақ халқын шоқындыру, 
орыстандыру арқылы сіңдіріп жіберу сияқты аса 
миссионерлік саясатты ашық ұстанды. Бұл сая- 
сатты жүзеге асыру, қатерлі ұзақ уақытқа созылған 
ғылыми экспедициялар шығару, елдіңэкономикалық, 
психологиялық, этнографиялық рухани болмысын 
жан-жақты зерттей келіп, тәжірибе жинақтау негізінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет