Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет206/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
381
отаршыл генералдарының бірі Черняев болатын. 
Генерал Черняевтің қанды жорығы Қазақстан мен 
Орта Азия халықтарының әліге дейін есінде. Ерте- 
де Шымкент қаласын жаулап алған соң, ол қала 
да Черняев атына берілді. Бул атау революциядан 
кейін бастапқы қалпына келтірілсе де, Өзбекстан 
мен Қазақстан шегарасының түйіскен жеріндегі 
село әлі күнге дейін Түркістан генерал-губернаторы 
Черняевтің атымен аталуда («Красный Восток» 
ұжымшарының орталығы).
Генерал Черняев Түркістан өлкесіне генерал- 
губернатор болып тағайындалғанда мәңгілікке отар- 
ланған оныңтүсінігінш е, табиғаты ғажап әрі бай Орта 
Азия жеріне тек славяндарды ғана қоныстандыру 
мәселесін көтеріп, жүзеге асыра бастады. Осы 
өлкеге неміс қоныстанушылары келіп қалғанда, 
оларды бір жерге топтастырмау үшін, басқа болыс- 
тар ішіне шашып жіберуі де оның кім екендігін 
айғақтайды. Ресейдің алдыңғы қатарлы зиялылары 
мен шет елдердің демократиялық ниеттегі адамдары 
Черняевтің қанды жорықтағы қатыгез қылықтарын 
әшкерелеп жатқанда, Ресей буржуазиясы: «Черня- 
ев - Түркістан өлкесінің бар қазына байлығын біздің 
қолымызға алып берген Орта Азия Ермагы», - деп 
мадақтай аспанға көтеруі кімнің кім екендігін боя- 
масыз қалпында ашып көрсетіп тұр емес пе? Осы 
жағдайларды еске алса керек, ғалым 3. А. Кастель- 
ская өзінің жұрт жылы қабылдаған «Түркістан өлкесі 
тарихынан» (Москва, 1980-ж.) деп аталатын моно- 
графиясында: «...Черняев барып тұрған шовинист 
еді. Оның ұғымында Қоқан хандығында тіршілік 
ететін өзбектер, қырғыздар, қыпшақтар және басқа


382
Отаршылдық топонимдер
халықтар жалғыз тон кигені үшін де қырып тастауға 
лайық еді», - деп кіжінуінен отаршыл генералдың 
ішкі сыры, бар болмысы аңғарылады. Осы себепті 
де Черняев бостан-босқа «Орта Азия Ермагы» 
деп аталмағанына көзіміз жете түседі. Әрі орталық 
газеттердің шуылдай мадақтап жүрген Ермагы кім 
екендігін де автор жанама түрде айғақтай түседі. 
Осы қанішер, жауыз жендетке волюнтаристік сая- 
сат кезінде қазақ жерінде ескерткіш қойылып, қала, 
аудан, село, үжымшар, кеңшар, кеше атауларының 
көптеп қойылу әрекеті астарынан үлы державалық 
империялық саясаттың, яғни жоғарыда В. И. Ленин 
қауіптене 
ескерткен 
құбы лы сты ң аязды 
суық 
табының лебі еседі.
Қазіргі Целиноград, бұрынғы Ақмола облысын- 
дағы патша заманынан бері келе жатқан отаршыл- 
дық рухтағы топонимнің бірі - Балкашин селосы. 
Бұл атау 1888 жылы қойылған. Қазіргі кезде де ол 
Балкашин ауданы әрі аудан орталығы да Балка- 
шин деп аталады. Жергілікті халық о бастағы өзі 
отырған атамекенінің атын ұмытып кетуінің үстіне, 
Балкашиннің кім екенінен де бейхабар. Өйткені 1888 
жылдан бері, қарап отырсақ, төрт ұрпақ ауысып 
үлгеріпті. Тіпті ең қарт деген кісілердің санасындағы 
жер тарихы көмескіленіп ұмытылуда. Осы себеп- 
тен де жаңа буын жас ұрпақ өзінің атамекен алтын 
бесігінің о бастағы тарихынан көз жазып қол үзуде. 
Бұл - нағыз мәңгүрттікке бастайтын жат құбылыс. 
О сының бір көрінісі болған Балкашин топонимі 
қайдан шыққан?
Н. 
Балкашин 1875 жылы қазақ жерінде патша- 
ның жер отары саясаты қатты өріс алған тұста




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет