Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет205/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
379
рал Скоблевтің атын көкке көтеріп, оның атымен 
отарланған жерлердегі қала, село, қыстақтардың 
атын мырзалықпен қойып жатты. Осының өзі-ақ 
Түркістан өлкесіндегі отаршылдық топонимдердің 
пайда болу немесе бүгінге дейін сақталып келу тари- 
хын көз алдымызға әкеледі.
Қырғызстан, Украина және Қазақстанның үш 
бірдей облысындағы ірі селоларына аты қойылып, 
отаршылдық рухтағы топонимнің белгісі ретінде 
сақталып отырғандардың бірі - Ванновка атауы. 
Ванновка жайлы мәселе қалың оқырман қауымға 
танымал болуы себепті, оны қайталап жатудың қа- 
жеті де бола қоймас. Ванновка атындағы селолардың 
бәрі де 1891 жылдан бастап, патшаның оң қолы 
болған генерал Петр Семенович Ванновскийдің 
(1822-1904) 
1891-жылы 
Ресей 
им периясы ны ң 
Соғыс министрі болып тағайындалуына байла- 
нысты қойылған еді. Ванновскийдің халыққа жат 
қылығын анау-мынау емес, көсеміміз В. И. Лениннің 
езі («Банкроттықтың белгісі» деген мақаласьшда 
1902-ж.) әшкерелеп берсе де, оның атындағы жер 
атаулары әлі де жоғалмай келеді.
Жуалы ауданындағы Самсоновка селосы да Түр- 
кістан өлкесіне генерал-губернатор болып келгенде, 
болыстыққа тек орыс тілін білетін бұратаналарды 
сайлау идеясын ұсынып, соны жүзеге асырған гене- 
рал Самсоновтың атына қойылған болатын-ды. Ал 
Жамбыл облысындағы Гродеков деген елді мекен 
аты да Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы 
фон Кауфманский қайтыс болған соң, соның 
орнына жіберілген патша өкіметінің ең сенімді де 
тәжірибелі, саясат ісіне жетік генералы Гродеков


380
Отаршылдық топонимдер
есімімен қойылған еді. Ол ру мен руды таласты- 
ру, жаңа низам ережесінің аймақты қ принципке 
негізделген болыстық жүйені алдымен іс жүзіне 
асы руш ы ларды ң бірі еді. Түркістанды отарлау 
жұмысында тәжірибесімен көзге түскен бұл гене- 
ралды патша өкіметі тағы да қиын істе пайдалану 
мақсатымен Амур елкесіне генерал-губернатор етіп 
жібергенде де, сол арада оның құрметіне елді мекен, 
жер атаулары қойылып жатты. Соның бірі - қазіргі 
кезге дейін сақталып отырған Гродеков атындағы 
теміржол станциясынан көреміз.
Владивосток қаласы атында да уын ішіне жиған 
аждаһадай отарш ы лды қты ң сұсты белгісі бар. 
Өйткені бұл атауда «владетель Востока кто?» деген 
отарш ы лдық рухтың біздің идеологиямызға жат 
сұлбасы жатыр. Бір таңданатын нәрсе, Солтүстік 
Осетияның орталығы бұрын Дзауджакау аталатын, 
оны патша отаршылдары зорлықпен Владикавказ 
(владетель Кавказа деген мағынада) атандырды. 
Совет екіметі орнаған соң ол қала Орджоникид- 
зе деп өзгертілді. Енді келіп осы қала жариялылық 
заманында казактардың қолдауымен Терек қала- 
лық атқару комитетінің шешімімен қайтадан Влади- 
кавказ атын алып отыр. Отаршылдық рухтың қай- 
тадан жаңғыртылуы әрі осы өзгерісті дап-дардай 
«Правда» газетінің 1990 жылғы 17 мамырдағы са- 
нында қуана хабарлауының түпкі мағынасын түсіне 
алмадық. «Правда» газеті жариялылыққа қуанып 
отыр ма, әлде отаршылдық рухтың қайта оралуына 
қуанып отыр ма деген сұрақтың оқырман тарапынан 
қойылуы да заңды емес пе?
Ресей империясының ең қанды қол, ұрда-жық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет