380
Отаршылдық топонимдер
есімімен қойылған еді. Ол ру мен руды таласты-
ру, жаңа низам ережесінің аймақты қ принципке
негізделген болыстық жүйені алдымен іс жүзіне
асы руш ы ларды ң бірі еді. Түркістанды отарлау
жұмысында тәжірибесімен көзге түскен бұл гене-
ралды патша өкіметі
тағы да қиын істе пайдалану
мақсатымен Амур елкесіне генерал-губернатор етіп
жібергенде де, сол арада оның құрметіне елді мекен,
жер атаулары қойылып жатты. Соның бірі - қазіргі
кезге дейін сақталып отырған Гродеков атындағы
теміржол станциясынан көреміз.
Владивосток қаласы атында да уын ішіне жиған
аждаһадай отарш ы лды қты ң сұсты белгісі бар.
Өйткені бұл атауда «владетель Востока кто?» деген
отарш ы лдық рухтың
біздің идеологиямызға жат
сұлбасы жатыр. Бір таңданатын нәрсе, Солтүстік
Осетияның орталығы бұрын Дзауджакау аталатын,
оны патша отаршылдары зорлықпен Владикавказ
(владетель Кавказа деген мағынада) атандырды.
Совет екіметі орнаған соң ол қала Орджоникид-
зе деп өзгертілді. Енді келіп осы қала жариялылық
заманында казактардың
қолдауымен Терек қала-
лық атқару комитетінің шешімімен қайтадан Влади-
кавказ атын алып отыр. Отаршылдық рухтың қай-
тадан жаңғыртылуы әрі осы өзгерісті дап-дардай
«Правда» газетінің 1990 жылғы 17 мамырдағы са-
нында қуана хабарлауының түпкі мағынасын түсіне
алмадық. «Правда» газеті жариялылыққа қуанып
отыр ма, әлде отаршылдық
рухтың қайта оралуына
қуанып отыр ма деген сұрақтың оқырман тарапынан
қойылуы да заңды емес пе?
Ресей империясының ең қанды қол, ұрда-жық