Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет202/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ел билеу жүйесіне жаңа реформа енгізу саясатына 
алып келді. 1867 жылы қабылданған «жаңа низам» 
ережесі бойынша енді, қазақтардың билігі ауылдың 
аймағынан аспады. Ел билеудің ойластырылған, 
аумақтық принципке құрылған болыстық жүйесі 
өмірге енді. Енді қазақ жері, оның асты мен үстіндегі 
қазына байлығы мемлекеттік меншік деп ресми 
түрде жарияланды. Осы заң негізінде енді қазақ 
жерінде жер отары саясаты шешуші орынға шықты. 
Нулы, сулы, орманды қазақ жерлері тартып алына 
бастады. Ол жерлерге орталықтан қоныс аударушы- 
лар орналасып, қоныстандыру саясаты тегеурінді 
түрде жүргізілді. Келімсектерді орналастыру үшін 
жаңа жерлерді кесіп алып, қазақтарды атамекенінен 
күшпен қуу, әсіресе, Столыпиннің аграрлық саясаты- 
на байланысты XX ғасыр басында мүлде күшейді. 
Қазақ елінің тарихына, оның рухани мұрасына 
айналған елді мекен, жер атаулары орысшаланып, 
күшпен, саналы түрде өзгертілді. Бұл өзгерістердің 
не себепті жүргізіліп жатқаның отаршыл өкімет енді 
ашық айта бастады. Түркістан өлкесіндегі отар- 
шыл өкіметтің органы болған «Түркістан ведомо- 
сты» (1899) газеті «Жергілікті атауларды орысшамен 
алмастыру үстемдік етуші халықтың сіңісіп кетуі үшін 
өте пайдалы фактор болды. Жайықты - Оралға, 
Алматыны - Верныйға, Ақмешітті - Перовскийге 
алмастырып атауда белгілі саяси себептері болғаны 
мәлім», - деп жазуынан осы саяси себептердің 
түпкі төркіні қайда жатқанын түсіне білген саналы 
адамға алысты көздеген империялық саясаттың 
бар болмысын көруіне болады. Мұндағы басты 
мақсат - Түркістан өлкесіндегі түрік тілді бауырлас


374
Отаршылдық топонимдер
халықтардың көне тарихи есімін біртіндеп ешіріп, 
ұлттық ерекшелігін жою.
Қай заман, қай дәуірде болса да елді мекен, 
жер атауларына географиялық ат қоюдың бірден- 
бір авторы сол өлкенің байырғы тұрғын халқы 
болып келеді. Тарихи шындыктың өзі де осылай 
қалыптасқан. Қадым замандардан бермен қарай 
грек философтарында айтылып келе жатқан «оно- 
матет» деп аталатын қастерлі ұғым бар. Бұл сөздің 
тоқ етер мағынасы - әр кезде де халық өзі туып 
өскен елді мекен, жер, су, өзен атын қоюдың бірден- 
бір занды авторы деген ұғымды білдіреді. Қандай 
бір елді мекен, жер атаулары болсын, ол алды- 
мен халық тарапынан қойылатын географ иялық 
жер атаулары болса, екінші жағынан, ол халықтың 
тарихи есінің көрінісі ретінде өз ішіне әуелі тілді
рухани ұғым-наным мен дүниетанымды, тіпті, әдет- 
ғұрыпты да қоса қамти отырып, кешенді түрде 
ақпарат берудің қайнар көзіне айналады. Тарих- 
та кез-келген халықтың жоғалып, не жойылып кетуі 
мүмкін, бірақ сол халықтың авторлығымен қойылған 
географиялық жер атаулары сол халықтың тарихы- 
нан тынбай хабар беріп жататын халық жанының 
жанды индикаторы тәрізді м әңгілік құбылысқа 
айналмақ. Мысалы, Солтүстік Кавказда ғасырлар 
бойы өмір сүріп келген убық халқы 1817-1864 жыл- 
дар ішінде отарланып, өздері туған жерінен қуылды. 
Шетке қашып, ана тілінен де айырылып, рухани өмір 
сүруін тоқтатты. Бірақ убық халқы жоғалғанымен
соның авторлығымен қойылған кейбір жер атаула- 
ры өмір сүруде. Қазіргі Сочи (ру аты) қаласы - соның 
нақтылы айғағы. Сочи қаласы күнде тілге алынуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет