Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет200/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy
7 пед, 484885.pptx, Саяси шиеленіс..., мед карта 6 Сүйер Ә.Т, bahamsjjd, Рамазан күнделігі 2023 @Serikkalikyzy02, transfer-receipt-13 12296239562
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
369
шейін географ иялы қ жер атауларына айналып 
жатты.
Бұл құбылыс - бүкіл отаршыл мемлекеттердің 
бәріне тән ортақ әрі танымалы құбылыс. Бұдан, 
әрине, Ресей империясы да тыс қалған жоқ, бірақ 
мұндағы ерекшелік отарланған жерлердің бәрінің 
де скваттерлік жолмен жаулап алынуында жатыр. 
Мұның мәнісі - жаулап алынған жерлерді шама 
келгенше қоныстанушы келімсектермен толты- 
рып, жергілікті халықты өз жерінен тысқа ысы- 
рып отыру деген сез. Ресей империясы алдымен 
бүкіл Сібірді, соңынан Кавказ, Қырымды, артынан 
келіп кең байтақ қазақ даласы мен Орта Азияны 
тұтас жаулап алып, Ауғанстан, Үнді жеріне де көз 
аларта бастады. Бірақ империя идеологтары бұл 
жерлерді қарудың күшімен жаулап алғанын жасы- 
рып, бос жатқан жерлерді меңгеру деген ғылымга 
жат, бірақ саяси жамылғы болатын тезисті ұсынып 
келгені бар. Мұндай қылықты, тіпті, XVII ғасырдағы 
Цин империясының императоры Кансидің ресми 
құжаттарға қол қойғанда, өзінің экспансиялық сая- 
сатын бүркемелеуінен, езін ақтауынан да көреміз. 
Әрине, бұл - ХІХ-ХХ ғасырдағы өркениетті деген 
отаршыл елдердің бәріне тән ортақ құбылыс. Мұны 
ертедегі мәймөңкеге шорқақ елдер ашығын айтып, 
мақсатын 
жасырмаса, 
«мәдениетті» 
елдердің 
бәрі де отарлау қылмысын жасырып, бүркемелеп, 
қоғамдық пікірді алдаумен келеді. Осы себепті де 
ГІеонид Жуховицкий мақаласында: «...Держава скла- 
дывалась веками, и ведущим методом расшире- 
ния империи было, увы, не добровольное присое- 
динение. Честная переоценка истории необходи-


370
Отаршылдьщ топонимдер
ма - отношения народов нельзя строить на лжи» 
(ЛГ. 01.08.1990, №31), - деп, мәселенің ащы өзегін 
тіліп айтуы, әрине, жариялылық жемісі. Қазіргі күнде 
бүл пікірге үлкен айғақты дәлел қелтіріп жатудың 
қажеті де бола қоймас. Өйткені Ресей қүрамына кірген 
қазақ жеріндегі отаршылық рухтағы географиялық 
жер атауларының пайда болу жолы мен тарихы- 
на көз жіберсек, соның өзі-ақ бар шындықтың бол- 
мысын айны-қатесіз көз алдымызға тосады. Ресей- 
ге қосылғаннан кейінгі қазақ жеріндегі отаршылдық 
топоним тарихына ой көзімен қарасақ, үш түрлі 
кезеңдегі үш түрлі ерекшеліктерге үшырасамыз:
Бірінші кезеңге 1781-1822 жылдар аралығындағы 
ел билеужүйесіндегі протектораттықдәуірдіжатқызуға 
болады. Кіші жүз бен орта жүз қазақтарының Ресей 
империясының қол астына енуі, үлы жүздің Қоқан 
хандығы билігінде қалуы осы кезеңге түс келеді. 
Бүл дәуірдегі қазақ хандары енді ақ патша тарапы- 
нан ресми түрде бекітіле бастады. Империя қазақ 
хандығын сырттан тору, отарлаудың мерзімін күту 
саясатын үстанды. Бүл кездегі патша отаршылда- 
ры батыл қимыл жасамай, жер аттарын өзгертуде 
қазақтардың қабағына қарай ж үргізу ерекшелігі 
байқалады. Сондықтан да Орынбор, Петропавл, 
Орал, Кереку тәрізді бірлі-жарымды ірі жер атаулары 
болмаса, бұл үдеріс өте баяу жүргізілді.
Екінші кезеңце, 1822-1876 жылдар ішінде, хандық 
биліктің күні бітіп, ел билеудің аға сұлтандық, сұлтан 
правительдік жүйесі өмірге енді. Яғни қазақ еліне 
ұзын арқау, кең тұсау салынып, басына отаршылдық 
ноқтасы ілінді. Яғни соғыс отарының заманын- 
да қазақ даласы облыстарға, округтарға бөлініп,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет