Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
ошақтарын салып, Орынбордан Буқтырмаға дейін
моншақтай тізіп әскери желі тартқанын Леденов
(«Жетісу әскери казактарының тарихынан», Омбы.
1908) көрсетіп өтсе, қазақ ақыны Шортанбай:
Әуелі баста ханды алды,
Айнала қоршап маңды алды.
Қамалып қазақ сандалды, -
деп, бұл тәсілдің қалайша жүзеге асып жатқанынан
хабардар етеді.
Еуропалық ағылшын, француз, неміс, испан,
португал, голландия т.б. отаршыл мемлекеттер
бүкіл дүние жүзін бөлшектеп, Африка, Америка
құрлығын тұтасымен, Азияның қолқасына дейін қол
салып, отарлап алып бодандыққа айналдырғанда,
олар отар болған халықтардың тек жерін ғана иеле-
нумен шектелмей, оларды мәңгі құлдықта ұстаудың
сенімді идеологиялық құралдарын да іздестірді.
Өйткені халықты құралдың күшімен жаулап алу
оңай, бірақ оларды мәңгі құлдықта ұстаудың жолы
өте қиын болуы себепті, оларды рухани жағынан
шырмап ұстаудың сенімді жолдарына шешуші мән
берілді. Осыдан келіп отарланған елді дін жағынан
шоқындырып, үстем халыққа сіңдіріп ж іберудің
бірден-бір жолы
бодан болған ұлтты ң тілін,
өнерін, жазуын жойып, ұлттық нигилистер тобын
қалыптастыруға айрықша күш салған. Бұл үшін
отарланған халықтың ғасырлар бойы қалыптасып,
ұрпақтан ұрпаққа ауысып өтіп отыратын дәстүрін,
халықтық тарихи есін тұмшалап, тұншықтырып,
оларды біртіндеп келер буын жас ұрпақтың сана-
сынан өшіріп отырудан асқан сенімді айла, амал
болған емес. Бұл іспеттес көп қырлы тарихи әдістің
368
Отаршылдық топонимдер
елеулі бір буыны үлтты қ елді мекен, жер атауларын
қамтиды.
Жер тарихы - ел тарихы. Өйткені халықтың
өткендегі ата-бабаларынан бермен қарай бастан
кешкен не бір сапырылысқан болмыс, танымының ең
бір талмау түсы сол халық авторлығымен қойылған
елді мекен, жер атаулары деп қаралады.
Халық тарапынан қойылған әрбір жер атауы -
сол жердің табиғи төлқұжаты. Отаршыл империя-
лар алдымен отар болған халықтың келер ұрпақ,
үрім -бұтағы ны ң тарихи есінен осы қалыптасқан
топонимдік ұғымдарды өшіру арқылы, оларды уақыт
тезі рухани мәңгүрттік құлдық санаға алып келерін
жақсы білген. Осы жолда барын салып әрі сақтықпен
қауырт қимылға көшкен империялық санадағы
идеологияның қыры-сыры мол.
О тарш ы лды қ әлем дік жүйе XX ғасырда күйреп
құл а ға ны м ен, олардан қалған рухани құлды қ
таңбаны ң қорлық іздері ретіндегі Аф рика, Амери-
ка, Азия, Еуропа елдеріндегі елді мекен, жер ата-
уларын, яғни отарш ы лды қ рухтағы топонимдерді
әлі де көптеп ұш ы ратам ы з. О тарш ыл әкім дер
өздері үстем дік еткен отар халы қтарды ң тари-
хи тұрғы дан
қал ы птасқан ұл тты қ то пон и м д ік
ж үй е сін
бұзы п,
оны ң орны на өздері
қойған
отарш ы лды қ географ иялы қ жер атауларын сана-
лы түрде орны қты рған болатын. Осыған байла-
нысты ғы лымда отарш ы лды қ топоним деген ұғым,
таным пайда болған. Себебі отарланған жерлерде
патшалардың, корольдердің, әскери лауазымды
адамдардың, отаршыл әкімдердің, дін иелерінің,
отарланған жерді иемденген кулактардың атына
|