Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет207/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
383
Мәскеуден Батыс Сібір генерал-губернаторлығына 
аса жауапты істер туралы арнайы жолмен қызметке 
жіберілді. Ол 1878-1880-жылдар ішінде Ақмола, 
Семей, Жетісу облыстарын аралап, қоныстандыру 
жүйесін анықтаумен шұғылданды. Қазақ жерінің 
байлығына құныға түскен Балкашин әскери қарулы 
күшпен қазақтарды атамекенінен кұшпен қуып 
шығып, барлық жерді империя қарауына алу жолын- 
да күрес жүргізді. Бір жақсысы, Балкашиннің ұлы 
державалы қ империялық мақсатына Ш оқанның 
оқытушысы болған Н. Ядринцев комиссия мүшесі 
ретінде батыл қарсы шықты. Бірақ күш те, қолдау 
да Балкашин жағында болатын. Осы әділетсіздікті 
көріп, біліп отырған Г. Потанин өзінің естелігінде: 
«...Н. Балкашин служил чиновником особых поруче- 
ний при генерал-губернаторе, а раньше был консу- 
лом в Чаучеке. К простому народу Балкашин отно- 
сился с некоторой гадливостью и очень был зара- 
жен дворянским чванством. Словом, это был типич- 
ный шовинист. Киргизы были для него ордой, с кото- 
рыми нечего было церемониться. Земли, которые 
они занимают, для государства выгоднее отдать рус- 
ским крестьянам, а киргизы пусть убираются куда 
хотят.» (Г. Н. Потанин. «Воспоминания». Литератур- 
ное наследство Сибири. Новосибирск, том 7. 1986, 
с. 35), - деп жазып, көп мәселенің астарлы сырын 
ашып береді.
1888 жылы 
Балкашин Ж аркентте (Панфи- 
лов) қайтыс болғанда, оның атын мәңгі есте қал- 
дыру мақсатымен бір кезде өзі тікелей араласып, 
қазақтардан тартып алынған жерге оның аты қойыл- 
ған. Содан бері бірнеше ұрпақ алмасып үлгірсе де,


384
Отаршылдық топонимдер
Балкашин селосының аты өзгертілмей сақталып 
келеді. Яғни ол жердің о замандағы байырғы аты 
үмытылып, соңғы ұрпақ санасына белгі беріп отыра- 
тын ақпарат көзінің бірі өшті деген сөз бұл.
Қазақ 
ж ерінде 
отарш ы лды қ 
рухтағы 
елді 
мекен, жер атауларының молығуына септігі тиген 
отаршылдық амал-тәсілдердің ең бір өнімді түрі -
географ иялы қ жер атауларын сөзбе-сөз аудару 
(калька) арқылы жергілікті жер атауларын орыс- 
шалап жіберу. Бұл әдіс тіпті кеңес дәуірінің өзінде 
өте бір жемісті амалға айналып отыр. Мысалы, 
қытайлықтар Сары өзенді - өз тілдеріне Хуанхе деп 
аударып алса, Тәңіртағты - Тянь-Шань деп ауда- 
рып, дүниежүзілік атауға айналдырып жіберді. Осы 
іспеттес Ресей империясының отаршыл әкімдері 
Қавказдағы Бештауды - Пятигорскі, Қышқылсуды -
Кисловодскі, Қырымдағы Аютағты - Медведгора, 
Сабынтауды - Сапунгора, Жетісуды - Семиречье, 
Қырғызстандағы Балықшыны - Рыбачье, Аққукөл- 
ді - Лебяжье, Шортандыны - Шучье, Бүркіттіні -
Орлиногорскі, тіпті, бір ғана Сайрам ауданындағы: 
Ақсуды - Беловод, Қарасуды - Черновод, Қызылсу- 
ды - Красновод атандырып жіберуінен отаршыл- 
дық әдістің таңбаларын көреміз. Мұндағы мақсат- 
мүдде де жергілікті халықтың санасында ғасырлар 
бойы қалыптасып, оның тілі мен діліне, ұғымы 
мен нанымына, дүниетанымына айналған халықтың 
тарихи есімін келер ұрпақ санасынан қалқалап, 
бүркемелеп өшіруде таптырмайтын идеологиялық 
жымысқы құралға айналуында жатыр. Бұл жымысқы 
қылық халықтың ұлттық санасы тұмшаланып, руха- 
ни тамырынан қол үзген сайын жанданып, жас




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет