Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет203/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
арқылы-ақ сол убық халқынан тарихқа хабар беріп 
түрған бірден-бір жанды хабарлама кезіне айна- 
лып отыр. Осы іспеттес ырхыт руының атындағы 
И ркутск 
қаласы 
немесе 
Ө збөкстан 
жеріндегі 
Ж алайыр, Самсерек, Тарақты, Әңгірен, Сіргелі, 
Қыбырай т.б. елді мекен, жер-су аттары бір кезде 
сол араны жайлаған қазақ руларының тарихы- 
нан хабардар етіп отыр. Мәселен, осы атауларды 
білместікпен өзгертіп жіберсе, тарих айнасы күңгірт 
тартып, шындықты танып білудің ономастикалық 
көзі жабылып, тарихи ақпарат тілі кесілді деген 
сез. Осы әрекет Өзбекстандағы қазақ топонимдерін 
өшіру әрекетінен де көрініс беруде.
Міне, осы іспеттес қастерлі құбылыстар, яғни қазақ 
жері отарланып, ең шұрайлы орман-тоғайлы, сулы, 
нулы жерлері зорлықпен тартып алынуы арқылы 
оның авторлығымен қойылған ұлттық рухтағы жер 
атаулары да бастапқы табиғи атауларынан ажы- 
рап, отаршылдық рухтағы топонимдерге жол бере 
бастады. Қазақстандағы жер атауларының мейлінше 
жылдам өзгерістерге ұшырауы да осы үшінші кезең- 
де - жер отары саясаты жүргізілген тұста - мүлде 
ушығып кетті. Әрине, бұл - тек қазақ жеріндегі дара 
құбылыс емес, өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, 
тәжік жерлерін тұтас қамтыған ортақ құбылыс.
Қазақ жері мен Түркістан өлкесінен тартып 
алынған жерлерге орыс поселкелері орнап, бұрыңғы 
атаулар тұгелдей отарш ы лдық топонимдермен 
аталып кете берді. Мұның үстіне осы өлкелерде 
жаңадан ашылып жатқан облыс, дуан, уездердегі 
жер атауларына міндетті түрде Романов әулеті мен 
генерал-губернаторлардың, олардың туыстарынын,


376
Отаршылдық топонимдер
әскери лауазымды офицерлердің, дін иелерінің, 
кулактарды ң 
аттарын 
қою 
отарш ы лды қ 
дәс- 
түрдің көрінісіне айналды. Тартып алынған жерге 
орталықтан келіп қоныстанушылар метрополиялық 
жер атауларын қоя бастады. Тіпті, болмай бара 
жатса қазақтар жайлаған жерлердегі елді мекен, 
жер-су, өзен, көл аттарын орысшаға сөзбе-сөз ауда- 
ру арқылы-ақ байырғы атауларды бұзып жатты. Осы 
тұста Ашхабад уезінде жаңадан орысша қойылған: 
Романовский, Обручев, Ванновский (1892 ж.), Скоб- 
левский, М ихайловский немесе Қырғызстандағы: 
Прежевальский, Романовка, Николаевка, Алексан- 
дровка, Ново-Алексеевка т.б. сандаған осы іспеттес 
отаршылдық топонимдер қатты өріс алып кетті.
Ал Қазақстанның төрт бұрышын түгел қамту, 
ондағы отаршылдық рухтағы жер атауларын тұтас 
келтіру өте қиын. Өйткені кең байтақ қазақ даласы 
Ресей империясы жер отарын үстемелеп жүргізуіне 
байланысты, оның жұлмаланбаған жері қалмады. 
Осы себепті Шымкент облысы мен Жамбыл облы- 
сының көрші аудандары Жуалы мен Түлкібас ауда- 
ны көлеміндегі отарш ылдық топонимдерді ғана 
алып қарасты рғанны ң өзінде, бүкіл қазақ дала- 
сында орын тепкен отарш ы лдық рухтағы елді 
мекен, жер атауларын көрсетіп, ортақ құбылысты 
көз алдымызға елестете алады. Мысалы, Жуалы 
ауданындағы революцияға дейін-ақ қойылған: Евге- 
ньевка, Петровка, Андреевка, Алексеевка, Казан- 
ка, Благовещенск, Кременовка, Успеновка, Сам- 
соновка, Столыпынка, Бурное я болмаса Түлкібас 
ауданындағы: Ванновка, Корниловка, Антоновка, 
Высокое, Вознесеновка, Ново-Николаевка, Сергеев-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет