Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?:
395
қойылады. Мысалы, Абылай асуы, М ақүлбектіңж ай-
лауы деген тәрізді болып отырады. Ол санада осы-
лай қалыптасқан. Мысалы, Абайтану, Мұхтартану,
Жамбылтану, Сәкентану сияқты. Ал орыстарды бұл
Пушкиноведение, Толстоеведение немесе Алек-
сандр Пушкин көшесі деп адам аты мен фамилия-
сы қосақталып атала береді.
Ал қазақ тіліндегі сейлеу, айту дәстүрі бойын-
ша атқарылған іс нақтылы кісінің атымен аталатын
салт бар. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын жазған
Әуез емес, оның немересі Мұхтар болуы себепті,
авторы Әуезов емес, Мұхтар болып саналады. Осы
себепке байланысты кеше атын бергенде Мұхтар
Әуезов көшесі деп орыс дәстүрі бойынша ата-
май, жай ғана Мұхтар көшесі деп атаса тілге жеңіл,
ұғымға ұтымды шығар еді. Немесе Тұрар Рысқұлов
ауылы, Бауыржан Момышұлы ауылы деп ұғымды
ауырлатқанша Тұрар ауылы, Бауыржан ауылы деп
қазақ дәстүрім ен атап қалы птасты рсақ ұтымды
шығар еді. Тұрар аулы атауын Түлкібасылықтардың
Тұраркент деп атау бастауы өте дұрыс құбылыс
дер
едім.
Ө йткені
Т ұраркент
аталы мы
сол
аймақтағы Майлыкент, Манкент, Ш ымкент атау-
ларымен үйлесіп, ж арасты қ танытып тұр емес
пе? Біз халықтық, ұлттық дәстүрімізді, осы сала-
да қалыптасқан ұлтты қ салтымызды ұмытып,
орысшалап атауға бейім тұрамыз. Мұның тарихи,
саяси-әлеуметтік себебі де бар болғандықтан, біз
құлдық психологияның құлақ кесті құлы екенімізді
сезіне бермейміз. Құлды қты ң екі түрі болады.
Біріншісі - қол-аяғына кісен салып айдалатын
құлдық, мысалы, каторжниктер тәрізді. Бұл адам
396
Қазақстан ономастикасының тарихи-әлеуметтік мәселелері
қол-аяғы кісеннен шешіліп, босаса болды қулдықты
ұмытып, еркіндікке шыға келеді. Ал екіншісі - адам
санасы н біртіндеп арбап, рухани құлдық сана-
ны егіп қалыптастырса, ондайда адам психоло-
ги ял ы қ
құл д ы қ
са н ан ы ң
тұтқы н ы н а н
шыға
алмайды. Осы себепті бір кездерде баспасөзде
Әуезовтану, М ұқановтану деп оры с дәстүрім ен
жазған болатынбыз. Сонда мен олай болса Абай-
тануды - Құнанбаевтану, Ж амбылтануды - Жаба-
евтану деп атайық деп сынаған соң, айтар дәлел
болмағандықтан, Абайтану, Ж амбылтану дәстүрін
қалыптастырған болатынбыз.
Халықтық, ұлттық салтымыз бойынша көшеге,
мектепке не елді мекен - географиялық жер ата-
уларына кісі атын қойғанда, оның аты мен фами-
лиясын қосақтап орыс дәстүрімен соз бұйдалап
жүргенше, кісінің өз атымен қысқа қайыру ұрымтал
болар еді. Бір қызығы, Абай ауданы деп атаймыз да,
неге Ыбырай ауданы деп атауға тіліміз келмей Ыбы-
рай Алтынсарин ауданы деп атауға әуеспіз. Әрине,
бұлай соз бұйдалап атаудың себебі әлі де құлдық
санадан арыла алмай жатуымызды айғақтап тұр.
Отаршылдық идеологияның қақпанына түсіп, одан
саналы түрде арыла алмаған адам өзінің құлдық
санада жүргенін сезіне алмайды, сезіне алмаған соң
еркіндікке ұмтыла алмайтын болады.
«Ана тілі» газетінің тұңғыш санында (1991 жылы)
Аманқос екеуміздің «ов» туралы мақаламыздан
кейін қырғын пікірталасы болып өтті де, ақыры
Президенттің арнайы бұйрығы (төл құжаттағы адам
аты мен тегі туралы) шыққан еді.
Бұл аса күрделі мәселе туралы да біз, қазақтар,
|