Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет90/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
рып оның қан тамырларын қатыгездікпен қиятын 
қаскейлік пе? Қас қылғанда, біздің сорымызға, 
осының соңғысы болып шығып отыр!
Түрік тілді халықтар тіліндегі бір-біріне ұқсас 
дыбыстардың бәріне ортақ бір әріп таңбасымен 
берілуіне толық мүмкіндік бар еді. Бірақ мұндай 
танымды ұстанған ғалым дарды ң бұл ұсынысын 
Орталық қысастықпен тойтарып тастады. Өйткені 
олар түркі халықтарыны ң рухани тұтастығыны ң 
бел алып кетуінен өлердей сескеніп қауіптенді.
Осы аса пайдалы әрі халықтарды рухани жағынан 
бір-біріне жақындастыра түсетін өміршең дәстүр 
неге қолға алынбады? Түрік тілді халықтардың 
жазу таңбасындағы бір-біріне үйлес, ыңғайлас 
келетін әріперді бір ортақ таңбамен берудің орны- 
на, енді келіп оларды бір-біріне ұқсамайтын бөтен 
таңбалармен алмастыра бастады. Мұның кері әсе- 
рі түркі халықтары бір-бірімен сөйлескенде толық 
түсіне алса да, бірақ жазбаша берілген сөздерді 
оқығанда бір-бірімізді ұғына алмайтын халге түстік. 
Бұл орыс жазу таңбасына түсіру арқылы ғасырлар 
бойы арамызда қалыптасқан рухани тұтастықты 
саналы түрде ыдыратып, бұзудың өзі болып шықты.
И. В. Сталин бастаған саяси басшылық түркі 
халықтарын рухани жағынан жақындастыра түсетін 
бірыңғай ортақ емлеге шошына қарады. Осы себеп- 
ті оларды бір-бірінен алыстатып, аударып бермесе 
бірін-бірі оқып түсіне алмайтын жағдайға ұшыра- 
тып, әріп таңбаларын да осы мақсатқа лайықтатып 
жасатты. Бірақ бұл қаскөй ниетін шама келгенше 
халықтар достығы ұранымен тұмшалап, бүркемелеу 
саясатын жүргізді. Әсіресе, бұл идеяны 1962


176
Сана қалай орыстандырылды?
жылы Алматыда өткен ғылыми конференцияның 
тужырымында іс жүзінде тереңдетіп, ғылым атынан 
мойындатуға ұмтылды. Яғни әрбір ұлт тілінің сырт- 
тан сөз қабылдауында тілдің обьективті заңдылығын 
көрер кезге бұзып, орыс тілінің өктемдігін мақұл- 
датуға еріксіз алып келді. Конференцияның Алма- 
тыда өтуінің де өзіндік мәні бар. Өйткені басқа 
республикаларды ң 
бірінде 
өтер 
болса, 
пікір 
қарсылығына ұшырарын білді. Ал Қазақстанда бұл 
мәселенің мақсатын біле тұрып, осы жалған танымға 
құлдарша бас иіп, қызмет етуге даяр тұрған сатымсақ 
тіл ғылымы ғалымдарына арқа сүйеді. Конференция 
тұжырымында: «...узбеки, казахи, киргизы, туркмены 
и другие национальности республик Средней Азии 
в литературном языке пишут и произносят 
дирек-
тор, агроном, санаторий, интернат,
а в якут- 
ской орфографии на уроках родного языка долж- 
ны писать эти слова в такой фонетизации: 
д и р и эк-
т ир, о гур ун о м , с о н о т у о р и й , и н т эр и н ээт .
Нет 
нужды доказывать, что такое положение вещей не 
облегчает, а усложняет изучение русского языка» 
(сонда, 18-бет), - деп, ана тілінің сингормониялық 
заңдылығын орыс тілінің сөйлеу қалпына күштеп 
салуды талап ететін ғылымға жат, теріс пікірдің 
мейлінше ашық қойылуымен көзге түседі. Егер де 
осы қойылып отырған талап тұрғысынан қарап, түрік 
тілді халықтардың сөзін орыс мектептерінде сабақ 
өткенде қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен тілінде қалай 
айтылып жазылса, дәл болай жазу керек деген талап 
қойылса, конференциядағы сатымсақ ғалымдар не 
бетін айтар еді? Өйткені ана тіліне шеттен енген 
сөздерді қабылдауда тіл табиғатынан туындайтын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет