Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет91/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
177
ортақ обьективті бір-ақ заі-ідылық бар. Ол заң бо- 
йынша, шет тілден қабылданатын сөз міндетті түрде 
ол сөзді қабылдаушы халықтың фонетикалық бол- 
мысына сай дыбыстардың табиғатына бейімделмей 
тұра алмайды. Орыс тілінің өзі де осы заңдылық 
негізінде шет ел сөздерін өздерінің фонетикалық 
дыбыс ерекшелігіне қарай бейімдеп алып отырады. 
Оған дәлел - «Словарь иностранных слов» сөздігін 
қарасаң, қадам басқан сайын осы ортақ заңдылық 
анық көрініп тұрады. Мысалы қазақша қымызды- 
кумус, бүркітті -
беркут,
грекше национы -
нация,
французша касард -
азарт,
арабша алкуһиді -
алкоголь
деп өз тіліне бейімдеп алғаны талас тудыр- 
майды. Орыс тілі шеттен енген сөздерді өз тілінің 
сөйлеу табиғатына сай етіп өзгертіп алуына бола- 
ды, ал конференцияның талабы бойынша, басқа 
халықтың тілдегі ортақ заңдылықты пайдалануы- 
на құқы жоқ болып шығады. Бұл барып тұрған 
заңсыздық, яғни орыс империясының ұсақ ұлттар- 
ды миссионерлік саясатқа ыңғайлаудағы өктем 
санасының көрінісі ғана. Осындай келеңсіз қылықты 
ислам дініндегі жат ағым - уақабистер де талап 
ете бастады. Олар қарапайым қазақтардың «Алла» 
деп ана тілінің табиғатына орайластыра айтатын 
сөзін 
«Аллаһ»
деп айтуды қатаң талап етті. Бірақ 
бұл діндарлардың тілдің ортақ заңдылығынан гөрі 
арабтар қалай айтса, солай айт деп кеудемсінетін 
өктемдігіне жол болсын? Демократ болып кеудесін 
соғып жүрген бүгінгі оппозиционер Петр Своиктің 
осы аурумен дерттеніп жүруіне де жол болсын айта- 
мыз ба? Уақабистер мен Петр Своиктердің үні неге 
бір жерден шығады? Бұларды ұштастырып жүрген


178
Сана қалай орыстандырылды?
қай қүдірет, қандай күш? Әрине, бүл бүгінде адыра 
қалған империялық ұлы державалық сананың кер- 
тартпа көрінісі болып қала бермек.
Бұдан шығатын қорытынды, осы тілдегі ортақ 
заңдылық кеңестік заманда орыс тілінде бәз баяғы 
обьективті ғылыми қалпын сақтап қалды да, басқа 
халықтар үшін, әсіресе, түрік халықтары үшін ол 
заңдылық бұзылуы тиіс болды. Өйткені орыс тілінде 
қалай жазылып, сөйленсе, түрік тілді халықтар оны 
бұзып қолдануға, өз тілінің табиғатына салып айтуға 
да, жазуға да құқы болмай шығады. Мұның басты 
себебі бәз баяғы орыстандыру мүддесінен келіп 
шығатын «ерекше миссионерлік заңдылық» екеніне 
көзіміз жеткен үстіне жете түседі.
Осы заңдылықтың бір көрінісі - халықтар досты- 
ғы ұранымен қос тілді сөздіктер жасалып, басы- 
лым көріп жатты. Бірақ бұл сөздіктер бір ғана вер- 
тикалды түрде ғана жасалынды. Мысалы орысша -
қазақша, орысша - өзбекше тәрізді. Ал қаншалықты 
қажет болса да, көлбеу тұрғыдан (горизанталь- 
ный тұрғыдан), мәселен орыс, қазақ, түрік, татар, 
әзербайжан, қырғыз, түрікмен т.б. сөздіктерге рұқсат 
етілмеді. Сөздіктер жасау жүйесі де әміршілдік- 
әкімшілдік билеу жүйеміз тәрізді тек қана верти- 
калды бағытта жасалады екен де, көлбеу (гори- 
занталды) тұрғыда жасалмайды екен. Әрине, бұл 
кездейсоқ құбылыс болмаса керек. Орталықтың бар 
нәрсені уысынан шығармай қысып ұстауының 
себебі, салыстырмалы сөздік арқылы кейбір саяси 
идеялардың түбі көрініп, жалаңаштанып қалуынан 
сескенетіндіктен, бұл іспеттөс сөздік жасаудан аулақ 
жүруді жөн көрген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет