Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылдыү»
183
өзіндік даму жолындағы тарихи ерекшелігіне назар
аудара отырып, олар пайдаланып келе жатқан орыс,
араб, латын жазу түріне де қарайлауымыз керек. Бір
кезде кеңестік жүйедегі түркі халықтарының бәрін
саяси зорлықпен латын жазу таңбасына түсіріп,
артынан оларды тұтастай орыс жазу таңбасына
алып келген кеңестік миссионерлік құпия саясат-
тың болып өткені де рас. Ал бүгінде
латын жазу
таңбасының әлемдік қолдану өрісі күшейіп, әлем-
дік экономика мен интернеттік қары м-қатынас
құралына айналып отыруына да назар салмай
тұра алмаймыз. Бұған қоса халық саны мол Түркия
мемлекеті мен көптеген шет елдерге таралып кеткен
қандастарымыздың да латын жазу таңбасын пайда-
ланып келе жатқаны ойға оралады. Қазірдің өзінде
әзербайжан, өзбек,
қарақалпақ, түрікмен халықтары
латын жазуын қабылдаса, бұған татар, башқұрттар
да тілек білдіруде. Кавказ бен Еділ бойы халықтары
да осы жазу түріне іш тартуда. Осылардың арасын-
да аралда жалғыз
қалған адамдай қазақтар мен
қырғыздар тұр. Ал қытай түріктерінің латыншаға
өту, өтпеуі, әрине, қытай үкіметінің құзырында.
Бірақ қытай үкім етінің отарш ылдық пиғылынан
туындаған қытай түріктерінің жазу таңбасын талай
рет сапырылысқа түсірген саясатының астарында
не жатқаны мәлім ғой.
Бір кезде, сұңғыла саясаткер Құбылай ханның
тұсында (XIII ғ.), қытай иерогрифі 24 әріптен тұра-
тын шаршылы жазу
таңбасына ауыстырылғаны да
рас. Бірақ осы саясатты енгізісімен, Құбылай хан
қайтыс болып кетіп, жаңа жазу таңбасы өмірге
енбей аяқсыз қалды. Қытай жазу таңбасын өзгерту