Сана қалай орыстандырылды?
хатқа түсті. Ресей империясының миссионерлік сая-
саты, арабтарды ң ойма жазуды істен шығарған
әрекеті тәрізді, араб жазу таңбасын істен шығарып,
оның орнына орыс жазу таңбасын енгізу саясатын
ұстанды.
Іс жүзінде Кеңес үкіметі де халықтар достығы
саясатын бүркене отырып, патша үкіметінің орыс-
тандыру саясатының мұрагеріне айналды. Орыс
миссионерлері енгізе алмай кеткен орыс жазу
таңбасын 1940 жылы «халықтың қалауы бойын-
ша» деген сылтаумен жүзеге асырды. Бұл саясат
түрік халықтарының жас ұрпағын мәңгүрттендіріп,
негізінен өткен тарихтағы рухани қазына көздері-
нен қол үздіруді мақсат тұтты. КОКП ОК 1949 жылғы
космополитизм туралы арнайы қаулысы да осы
саясатты жүзеге асырудағы идеологиялық күрестің
жалғасына айналды. Түркі халықтарын мұсылман-
дық әлемнің рухани қазына, қорларынан қол үздіріп,
халықты өткендегі тарихи жадынан жаңылдырудың
жолына түсті. А. Байтұрсыновтың айтылуы мен
жазылуы бірдей шығатын төте жазуын, дүние жүзі
ғалымдары ең жетілген озық ұлттық жазу таңбасы
деп мойындаған араб жазу таңбасын қолданыстан
шығарып тастауға барын салды. Ал қазіргі күнде бү-
кіл түрік әлемі латын жазу таңбасына бет алуы
себепті, енді араб жазу таңбасына оралудың мүм-
кіндігі алыстап кетті.
3.
ІІІала қазақтар мен кейбір кеңестік астаудан
жем жеген рухсыз ғалымдар мен жазушылардың бір
тобы кириллица, яғни орыс жазу таңбасында қала
беруді көтеріп жүр. Тіпті, адамзаттың Айтматовының
өзі: «...Соңғы кездері сіздер латын әліпбиіне көшу
Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
керектігі жөнінде жиі айтып жүрсіздер. Оу, сонда
кириллицадан не қорлық көрдіңіздер, қазақ пен
қырғыз сол әліпбидің арқасында езінің тарихын
жазып, мәдениетін кетерді емес пе? Талай ғылыми
жаңалықтарын ашты, көркем кітабын жазды. Бір
сөзбен айтқанда, барлық ғылымының, әдебиетінің,
мәдениетінің дамуына кириллица үлкен жағдай
жасады. Енді қандай кедергі туып қалды? Міне,
менің соған жаным күйзелді. Ал латыншадан не
табасыздар, оның кириллицадан несі артық? (Еге-
менді Қазақстан, 06.03.2007), - деп орынсыз опына-
тыны бар.
Қазақ, қырғыздың кириллицадан көрген қорлы-
ғына, оның халықтар достығы ұранымен бүркеме-
ленген саяси астарының сырына мәңгүрттенумен
күресіп жүрген Шыңғыс ағаның дендей алмауы мені
таңғалдырды. Б. Момышұлының «Аспанда Құдай
бар, жерде архив (мұрағат) бар» дейтін терең мәнді
сөзі бар. Баукең айтқандай, Ресей империясының
түрік халықтарына деген зұлымдық пиғылдарын
білу үшін оның мұрағатына дендесең ғана шындық-
ты тани аласың, болмаса жоқ. Мұның кей жақта-
рын
мен жоғары да
біршама
атап
көрсеттім.
Ш ықаң сияқты пікірді кейбір қазақ жазушылары
мен ғалымдары да ұстанады. Сондағы олардың
дәлелдері:
а)
Мемлекет латын жазу таңбасын енгізсе,
қаражатжағынан мол шығынғаұшырайды. Латынжазу
таңбасын енгізу 10-15 жылға созылып кетеді, латынға
өтсек біздің шығармаларымыз бен еңбектеріміз
оқылмай қалады деген дәлелсымақтарын алдымыз-
ға тосады.
188
Достарыңызбен бөлісу: |