Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


бір ортақ жазу таңбасы, әдеби тілі болған



Pdf көрінісі
бет104/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

бір ортақ жазу таңбасы, әдеби тілі болған.
Өйткені ол уақытта бізде жазу формасы бір болған, 
ортақ араб таңбасы қолданылған. Міне, осы негізгі 
әліппенің арқасында жарық көрген кітаптарды әр 
адам алып оқи берген. Қазақ қазақша оқыған, өзбек 
өзбекше, әзербайжан әзербайжанша оқыған. Осы 
бойдан қала бергенде, бара-бара 
жалпы Түркістан
мәдениеті 
қалыптасуы ықтимал еді. Сол замандағы 
ақылгөй, даныш пан, зиялы азаматтарымыздың 
ақыл-ойы да осындай болса керек. Бірақ бұл тарихи 
үдерістің жолы тосылды, тоқтатылды. Өйткені КСРО- 
ның партия басшылары сол бірігуді, сол рухани 
жағынан тұтасуды жаратпады. Олар біздің белініп- 
жарылып, майдаланып тұрғанымызды жөн көрді.
Түркі халықтары араб әліппесін тастап, ә деген- 
де латынға, сосын кириллицаға өтіп алып, содан соң


200
Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы
әркім өзіне лайық таңба іздеді. Сөйтіп бір әліппенің 
езін әркім әр түрлі қолданды да, халықтар бір-бірінен 
рухани жағынан алыстап кетті. Ақырында бір-біріміз 
ді дұрыс оқи алмайтын жағдайға жеттік...», - деп 
біздің басымыздан өткен рухани қасіреттің саяси 
тамырын таратып ашып беріп отыр. Осыған ұқсас 
пікірді ақиық ақын Әбділда Тәжібаев та ертерек- 
те өзбек баспасөзі бетінде айтқан болатын-ды. 
Кеңес билігі әуелі рухани тұтастығымызды ыдырат- 
са, келе-келе бір-бірімізден іргемізді де аулақ сал- 
дырды. Біртұтас отанымызды бөлшектеп, әр түрлі 
республикаларға бөліп, ыдыратып жіберді. Енді 
бүгінде әрқайсымыз әр түрлі мемлекеттерге бөлініп, 
шегарамызды жауып, барып-келудің өзі қиындыққа 
түсіп отыр. Осы бөлінуге лайықты бүгінде әрқайсысы 
латын әрпіне көшсе де, баяғы таз кепешін басына 
киіп, сол рухани қасіреттен, яғни алақолдылықтан 
тағы да бірін-бірі оқи алмайтын жазу алалығына 
ұрынып отыр. Егер түркі халықтары бәріне ыңғайлы 
жасалған ортақ жазу таңбасын, яғни қазір қолдануға 
бет алған латынша жазу таңбасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет