Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы



Pdf көрінісі
бет106/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы
Күрделі саяси-әлеуметтік жағдай өзгере қалса, 
христиан 
д інінд егі 
грузиндер 
мен 
арм яндар 
Ресейдің етегінен үстайды деп есептеп, олар ез ата 
жазуында қалдырылды. Енді қара халықты мүлде 
қалтқысыз сендіру үшін, баяғыда-ақ православие 
дініне шоқындырылып, кириллица жазуына етіп кет- 
кен Сібірдің ұсақ ұлттарын да зорлаумен қайтадан 
латын жазуына алып келді.
Бүкіл түркі халықтары латын жазуына көшірілуіне 
байланысты әрі Түркия түріктері қандас бауыр- 
ларынан рухани жағынан қол үзіп қалмау үшін, 
Кемел Ата Түрік Түркия Республикасында араб 
жазуын латыншаға ауыстыру саясатын ұстанды. 
Бірақ Мәскеу билеушілерінің арамза пиғылы түркі 
халықтарын бір-бірінен ыдыратып, бөлшектеп, алыс- 
татып ұстау болғандықтан, қабылданатын латын 
жазуы түркі халықтары үшін ортақ жазу таңбасы бол- 
мауы жағын қарастырды. Ол үшін түркі халықтары 
дыбыстық ерекшеліктерін олар бірін-бірі оқи алмай- 
тындай латын жазуыны ң бір-біріне ұқсамайтын 
таңбаларымен беріп, ортақ жазу болудан алыстатып 
жіберуді көздеді. Осы саяси мақсатты жүзеге асыру 
үшін әр республикаға бір-бірден өздерінің сенімді 
миссионерлік пиғылдағы орыс филолог ғалымдары 
жіберілді.
Осы саясатты 1940 жылы, бүкіл түркі халықтарына 
орыс жазуы кириллицаны «өз еркімен» қабылдатқан 
кезде де, жүзеге асырып отырды. Мұнда да орыс 
әрпінің жазу таңбаларын тұтас енгізіп, оған қосымша 
берілетін ұлт тілдеріне тән ұлттық дыбыстарды 
таңбалағанда соларды бір ізге түсірмей, яғни бірін- 
бірі оқи алмайтындай қалыпқа түсіріп таңбалады.


Мөкемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
203
Мысалы, бір берілген қазақтың «ң» әрпі «ң, нг, нь, 
нь, н» т.б. түрге түсіріліп, әркелкі етіп берілді. Бұрын 
араб жазуын қолданғанда түркі халықтары бірін-бірі 
оқып түсіне беретін ортақ жазу таңбасында болса, 
енді кириллица таңбасын толық қабылдаған соң, 
бірін-бірі оқи алмайтындай болып, бірбірімен руха- 
ни байланысын үзіп алды. Ал қандас туыстары- 
мен рухани байланыста болуды армандап, үлкен 
үмітпен латын жазуын қабылдаған Түркия түріктері 
латын жазуында қалып қойды. Осы себепті олардың 
қандас ез туыстарымен рухани байланысы үзілді. 
Олар үшін қандас туыстары қолданатын орысша 
жазу таңбасы қытай қорғанына айналып кете барды.
Орыс жазу таңбасын бізге түгел енгізгендегі 
мақсат та түрік халықтарын орыстандыруға тілдік 
жағынан іргелі негіз салып қоюды кездеу еді. Түрік 
халы қтары ны ң 
артикуляциялы қ 
базасын, 
яғни 
дыбыс шығару, сез саптау базасын орыстың әріп 
таңбалары арқылы қалыптастырды. Осы себепті 
де түрік халықтары орыс тілін акцентсіз сейлесе, 
кавказдық грузин, армян және Балтық жағалауы 
халықтары акцентпен сейлейтін болып шықты. Өйт- 
кені бұл халықтар ездерінің артикуляциялық база- 
сын ұлттық жазу таңбасы негізінде қалыптастырды. 
Ең нәзік саясат елеусіз түрде болса да тіл саласын- 
да қолданылатынын осы әрекеттен аңғарса бола- 
ды. Бұдан халықтардың рухани тұтастық болмысын 
сүттей ұйытып біріктіретін де, іркіттей ірітетін де 
қуатты күш-жазу таңбасында жататынын ұғынамыз.
Христиан 
дініндегі 
армян, 
грузин, 
Балтық 
жағалауы халықтарының байырғы жазу таңбасына 
тимей, негізінен, түбінде саяси жағынан қолдан


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет