ортақ жазу
таңбасына айналдыра
алса, рухани тұтастықтың
тетігін таба алады, болмаса осы ғасыр ішінде-ақ
«өлі тілді» халықтарға айналып кетуі қиын емес.
Өйткені бүгінгі жаһандану заманында әлемде 7048
тіл болса, екі аптада бір тіл жойылып отырады
екен. Осы жойылатын тілдердің ішінде түрік тілді
халықтар да жүр. Оларды аман алып қалудың кіл-
ті - түркі халықтарының бәріне ортақ жазу таңбасын
тезірек өмірге енгізу амалы ғана, бұл оларға рухани
қорған болып, сақтап қала алмақ.
Араб жазуын латын жазуына алмастыру идея-
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
201
сын Кеңес үкіметі әзербайжан халқының қоғам
қайраткері Ағамалыоғлы арқылы көтерді. Осы
әрекетті Мәскеудегі саяси орталық түп мақсаты бір,
бірақ екі түрлі ұрымтал саяси айла-тәсіл арқылы
жүзеге асыру әрекетіне асыға кірісті. Біріншіден,
латын жазуын алуды уақытша саяси айла-тәсіл деп
білгендіктен, түрік халықтарының тарихи жадын аз да
болса өшіріп, келер ұрпағын мәңгүрттендіре беруге
бұл латын таңбасы да қызмет ете алады деп қарады.
Екіншіден, алдымен латын жазуын алу арқылы ұлы
орысшылдыққа қарсы наразылық білдіретін бұқара
халық пікірін басқа арнаға бұрып жіберуді ойла-
ды. Осы арқылы-ақ түбінде түркі халықтарын орыс
жазуына көшіруге жағдай туады деген жасырын
саясатты ұстанды, яғни үкімет ұрымтал уақытты
күтті. Бірақ Мәскеудің бұл арамза мақсатын түрік
халықтарының озық ойлы зиялылары дер кезінде
сезе білді. Мысалы, А. Байтұрсынұлы латыншаны
қабылдап халықтың басын қатырғанша, түбі орыс
жазуы таңбасын енгізетіндіктен, бірден кириллицаны
алуды ұсынды. Бұл ұсынысты орталық ұлтшылдық
пиғыл ретінде бағалап шыға келді. Ақыры, Мәскеу
көздеген
мақсатына жетіп, түрік халықтарына
1924-1930 жылдар аралығында латынша жазуды
зорлықпен қабылдатып үлгерді де. Бұл саясатты
да түркі қайраткерлерінің қолымен жасауға ниет
қылды. 1902 жылы Түркістан қаласындағы ұлттың
ұлы бас қосуына себепкер болған атақты қажы
Қойтас молданың: «Араб жазу таңбасын латын жазу
таңбасына ауыстыруда Төреқұлдың Нәзірі больше-
виктер жағына шығып кетті», - деп сынауы тарихи
шындық болатын.
202
Достарыңызбен бөлісу: |