Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет98/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Сана қалай орыстандырылды?
таңбасының негізінде қалыптасқан орыстық сейлеу 
станогынан, яғни тілдік артиуляциялық базамыздан 
алыстап, одан қол үзе аламыз. Сонда ғана біз гру- 
зиндер, армяндар немесе прибалтикалықтар сияқ- 
ты орысша сөйлегенде қазақ акцентімен сейлейтін 
табиғи үлттық қалыпқа түсеміз. Мүның үстіне қазақ 
әліпбиін халықаралық интернет жүйесіндегі жазу 
таңбаларына лайықтап жасау жағының да айтар- 
лықтай мәні болмақ.
Егерде орыс жазу таңбасынан арыла алмаған 
екінші жобаны қабылдасақ, бүгінгі таз қалпымызға, 
яғни орысшаны акцентсіз сөйлейтін рухани құлдық 
қалпымызға қайта ораламыз. Өйткені орыс жазу 
таңбасы негізінде қалыптасқан тіліміздің сөйлеу 
органы (сөйлеу станогы) өзінің ұлтты қ табиғи 
қалпынан ауытқып, орыс тілінің сөйлеу табиғатына 
бейімделіп, акцентсіз сөйлейтін болып шығамыз. 
М иссионерлік мақсатпен енгізілген орыс жазу 
таңбасын түгел алдыру саясатының астарында, яғни 
бізді акцентсіз сөйлеуге алып келудің нәзік түрде 
ұстанған саяси мақсатын қарапайым бұқара түгіл, 
оқыған зиялы қауымның өзі де жете танып, дендей 
бермейді. Шыңғыс ағаның өзі де саяси мәселенің 
нәзік тұсын аңдай алмай қалып, культрагерлік 
танымға түсіп кетті ме деп қалдым. Осы арасын 
айқын сезінбесек, әлі де алдана беру жолынан шыға 
алмаймыз.
¥зын сонар ойдың түйіні, яғни ендігі басты мәсе- 
ле - болашақ тағдырымызға қызмет етер ортақ 
латын жазу таңбасының қай жобасын мақұлдауда 
жатыр.
2007 жыл


Түркі халықтарының
ортақ жазу проблемасы
Біз, Түркістан өлкесін (ертедегі Тұран елін) 
жайлаған 
түрік халықтары, 
бұрынғы 
тәуелсіз 
хандық мемлекетінен айырылып, XVIIІ-ХІХ ғасыр 
аралығында Ресей мен Қытай империясының ота- 
рына айналып, бодандық қамытына жегілдік. Түркі 
халы қтары ны ң 
ой-санасы нд а 
көш пенділердің 
өткен тарихы да, мәдениеті де болмауы себепті, 
отырықш ы лар 
өркениеті 
тудырған 
мәдениетті 
қиратушылар деген ариянизм танымы күшпен та 
ңылып келді. Бұл евроцентристік танымды халықтар 
досты ғы ны ң «жарш ысы» болған кеңес үкіметі 
де ары қарай жалғастырып, дамыта түсті. Тіпті 
коммунистердің көсемі В.И.Лениннің Орта Азия 
мен Қазақстан халықтарын «жабайы, жартылай 
жабайы», тағы халықтар деп бағалауы - осының 
айғағы.


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет