АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ 5
Орындаған:Утебуллаева Асел 305 ҚБ
Қабылдаған:Юсуп Айжан
Қараша 2021ж
Абылай: айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян: Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, опасыз бауырын атып жазалаушы.
Ер Баян жас сұлуды алып келген,
Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген.
Қан жауып екі көзін қандыбалақ
Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген.
Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ
Кезеңде кез келсе де қандай мерген.
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,
Ер Баян қарындас қып ерік берген.
Жауабы: Теңеу: сұңқардай, метафора: қандыбалақ, қоңыр қаз, марал
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.
Қорғасын миын, ойын төмен басып,
Ақылға алғыр құстай ашу төнді.
Бір көк сұр түс енгізіп бар денеге,
Сұм жүрек қанды өзіне жинай берді.
Ақыры ашу ерді билеп кетіп,
Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді.
Жауабы: Теңеу:жаралы жолбарыстай, алғыр құстай, сөнген шамдай. метафора:бір көк сұр түс эпитет: сұм жүрек
Мұңайып мәңгі мұңды белдер қалды,
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді
Иіліп әдеппенен сәлем еткен.
Ер жортты. Сәске болды, көзі көрді
Көкшені бал алысқан аспан көкпен.
Көкшеде өңшең көкжал аялдаған,
Қырандар қанаттарын жая алмаған…
Қайратқа құса болған сол қырандар
Алыста қара көрді аяңдаған.
Жақындап қара ордаға келген шақта,
Шықты айқай топтан шулап: «Баяндаған!»
Жауабы: Кейіптеу: бірінші шумақ метафора: көкжал, қырандар, қара орда эпитет:мұңды белдер, жынды жел
Ежелден Абылайда екі сөз жоқ,
Сөз шықты: «Болады!» – деп, тарады топ.
Топ тарап, ат-тұрманын даярлады.
Бір аздап дамылдады ел, мезгіл түн боп.
Жібектей жұмсақ жылы жаздың түні
Бұлтымен құшақтады Көкшені көк.
Керілді ерке Көкше күміс Айға
Сәулеңді, сәулем, көбірек төкші, төк деп.
Бетінде Бурабайдың ерке толқын
Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөп.
Жауабы: Теңеу: жібектей метафора: сәулем эпитет: ерке Көкше, күміс Айға, ерке толқын кейіптеу: бұлтымен құшақтады, күліп жарды сүйді
Достарыңызбен бөлісу: |