СоөЖ №6 Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру



Дата14.10.2022
өлшемі58,55 Kb.
#153143
Байланысты:
тжт

СОӨЖ №6 Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ахуал деген не?

  • Ахуал — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді.

Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өжымзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалмен айқындалады. Ұжымдағы психологиялық ахуалдың мазмұндық сипатын адамдар-дың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық ахуалды сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан педаго-гикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен жауапкер-шілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектік-пен ерекшеленеді.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға болады.


Топтастырушылық қызмет

Ынталандырушылық қызмет
    • педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның эмоциалдық күш-қуатын' қалыптас-тыруға байланысты.

Тұрақтандырушылық қызмет
    • ұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды

Реттеушілік қызмет

Ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипаттамасы.

  • Әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.
  • Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда бірлескен қуаныш табады; ал немқұрайдылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай дау-жанжалдың пайда болуына апарып соғады. 

ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;

ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;

ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;

сапалы тәртіп;

еңбектің өнімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет