Сотня новая счетная единица. Тысяча. Нумерация трехзначных чисел



бет6/7
Дата08.11.2016
өлшемі1,04 Mb.
#1257
1   2   3   4   5   6   7
Хор: Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз

Келешекте ұлы істі меңгеретін
Мұғалім: Бүгін бізде үлкен мейрам. Бір-біріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер ?
Наурызбек:

Құтты болсын құрбыжан

Алға аттаған қадамың

Білім деп соқсын жүрегің

Жолыңа бестік шашамын
Дильназ:

Есейіпті бүлдіршін

Ғалым болар кім білсін

Болашағы нұр болсын,

Қадамдары гүл болсын
Қыздардың орындауында « Шашу» биі

Ата-аналар кұрметіне
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Сенсің, әке – ең ақылды, ең шыншыл

Сенсің, әке – ең жақыным, ең шыншыл

Шуақ шашқан қашан да асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

ӘН: «ӘКЕ ТУРАЛЫ ЖЫР»
Бала қыран болып ұшу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке керек.

Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ал Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәр береді ақ сүтін,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болсын біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрыңдай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Ән: «АНА ТУРАЛЫ ЖЫР»
БИ «ЛАТЫН биі»
Гүлсая:

Біз барамыз артта тастап төрт жылды,

Білім алып, байлық жидық көп құнды

Пана болған, дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көрдік ұстазды.
Барыс:

Ұстаз болу -жүректің батылдығы

Ұстаз болу –сезімнің батылдығы

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Ұстаз болу - адамның асылдығы
Оқушылардың өзі шығарған өлеңдері оқылады.

Мұғалімнің тілегі оқушыларына

Тойымызға бүгінгі ақ тілегін арқалап

Келді ата - анамыз. Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз. (ата-аналардан 1-2 адам сөз сөйлейді)

Ән: «Бастауыштың түлектері»

Әні: А.Қоразбаев

Сөзі: Ж.Иманбаева
БИ «ҚАРАЖОРҒА»

Ұстаздың корытынды сөзімен осы кеш аяқталады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет